«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


МОТОР ОТЫНДАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОКТАНДЫ КОМПОНЕНТІ



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
169339.pptx, 169339.pptx, 7
МОТОР ОТЫНДАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОКТАНДЫ КОМПОНЕНТІ 
ЭТИЛ-ТРЕТ-БУТИЛ ЭФИРІН СИНТЕЗДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ 
Асан Н.Е., Амантаева Т.Б. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент м.а. ЖақсылықоваГ.Ж. 
әл-ФарабиатындағыҚазақҰлттықУниверситеті 
asan.nurbek@bk.ru 
Қазіргі таңда оттек құрамды органикалық қосылыстар (спирттер және 
эфирлер) – мотор отындарының антидетонациялық қоспалары негізіндегі 
оксигенаттар әлемде кең тараған. Олар жоғары октан санына ие және соған 
сәйкес бензиннің параметрін жоғарылатады, ал құрамында оттектің болуы 
басқа да зиянды қоспалар шығуын төмендетеді, атап айтқанда СО. 
Құрамында металы бар антидетонаторлардан айырмашылығы, оксигенатты 
(оттегі қосылыстарын) көп мөлшерде бензинге, көбінесе –зауытта тікелей 
қосады. Гомогенді катализаторлар қатысында мақсатты өнімді синтездеу әлі 
толық зерттелмеген. Осыған байланысты мотор отындарының жоғары 
октанды компоненті – этил-трет-бутил эфирін синтездеу өте өзекті тақырып 
болып табылады.
Іштен жанатын қозғалтқыштар үшін отын өндірісінде бензиннің 
детонациялық тұақтылығын(октан санын) жоғарылату дәстүрлі әдіс болып 
саналады. Тікелей бензинге октан санын жоғарылататын присадкаларды қосу 
шаруашылық тұрғыдан оларды қайталама өңдеу әдістерімен (термиялық 
крекинг, каталитикалық крекинг және т.б.) қайта өңдеумен салыстырғанда 
тиімдірек болады. 
ЭTБЭ - этил спиртінен (47% көлемінде) және изобутиленнен (53% 
көлемі бойынша) алынған, ашық, түссіз немесе ашық түсті сары сұйықтық, 
эфирге тән иісті органикалық қосылыс.ЭTБЭ-нің 15% дейін бензинге 
қосылуы техникалық регламентпен рұқсат етілген және мотор отындарын 
өндіру үшін қолданыстағы инфрақұрылыммен толық үйлесімі бар.ЭTБЭ-нің 
сөзсіз артықшылығы оның табиғатта биодеградациясы, сондай-ақ өсімдік 
шикізатынан (биоэтанол) алынған этил спиртін шикізат ретінде пайдалану 
мүмкіндігі. 
Алкилтретбутил эфирлердің синтезінің негізі изобутиленнің тиісті 
спирттермен өзара әрекеттесу реакциясы нәтижесінде жүреді: 
ROH + CH
2
= C(CH
3
)

→ ROC(CH
3
)
3

R – алкил радикалы. 
Ғылыми жұмыстың мақсаты гомогенді катализаторлар қатысында этил-
трет-бутил эфирін алудың жаңа әдісін зерттеу және этил-трет-бутил эфирін 
алудың оңтайлы параметрлерін анықтау болып табылады. ЭТБЭ алудың 
оңтайлы параметрлері ретінде (≤ 20 атм, Т=100
0
С, τ=5 сағ) көрсетілген 
шамалар анықталды. Жүйеде инертті орта тудыру үшін аргон газы 
қолданылды. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
256 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет