Ғарыштық геодезия жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді



бет12/23
Дата20.06.2023
өлшемі5,5 Mb.
#179029
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
геод
академиялык
Төбе, тау – конус немесе купол тәрізді болған биік жер беті. Таудың ең биік жері таудың төбесі болып саналады. Төбеден жан-жаққа тараған ылдиды таудың құламасы немесе жоны деп атайды. Жонның жазыққа ауысқан жері таудың табаны болады. Егер биіктігі 200 метрден төмен болып, пішіні жазықтық құламамен құрылса, оны төбе деп атаймыз. Ал биіктігі 200 метрден жоғары тік құламадан құрылған рельефтің пішіні тау болады. Тау мен төбелер тұйық горизонтальмен және табанына қарай бағытталған бергштрихпен белгіленеді.
Ой-шұңқыр- тауға (төбеге) қарама-қарсы рельефтің бейнесі, пішіні кесе тәріздес еңіскен жердің беті. Ойдың ең төменгі бөлігін, оның түбі деп атайды. Ойдың бүйір беттері ылдидан (жонынан) тұрады, олардың жер бетімен өту сызығын ойдың жиегі дейді. Кішкентай ойларды шұңқыр деп атайды. Ой да тау сияқты тұйық горизонтальмен бейнеленеді, бірақ бұл жағдайда бергштрихтері ойдың түбіне бағытталған.
Жота (арқа) – тау мен төбеден бөлініп шығып, биіктігі бір бағытпен өзгерген рельефтің пішіні. Жотаның басты элементтері суайрық сызықтары, жоны және табаны. Суайрық сызықтары жотаның бойымен ең биік нүктелерді қосады. Жота дөңес горизонтальмен бейнеленеді, оның дөңестігі жердің төмендеу жағына бағытталған.
Сай – бір бағытпен өзгерген еңістік (ойлы) жер. Сайдың жиегінен екі бүйір беті (жоны) төмендеп келіп, түбінде сужинағыш сызығын немесе тальвегін құрайды. Сайдың түрлері: алқап-жазық құламалы енді сайлар, жар (терең сай, таулы жерде шатқал) – тік құламалы тар сайлар. Сай ойыс горизонтальдармен бейнеленеді, ойыстың бағыты төмен жерлерге қарай бағытталған, тік жарлар арнаулы шартты белгілермен бейнеленеді.
Өркеш төбелер – екі төбенің жотасының төмендеген жері (немесе иілуі). Өркеш төбелерден бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі сай басталады. Таулы жерлерде өркеш таулардың екі қарама-қарсы жонның арасында жол қатынасы- асуларымен жасалады. Өркеш төбелер қарама-қарсы бағытталған дөңес горизонтальдармен бейнеленеді. Таудың төбесі, ойдың түбі, өркеш төбелердің ең төменгі нүктелері және иілген жердің нүктелері – рельефке тән нүктелер, ал суайрық және сужиналғыш сызықтары – рельефке тән сызықтар. Рельефтің кез-келген пішіні көлбеу беттерден, құламалардан құралады, олар бірқалыпты, дөңес, ойыс және аралас болып бөлінеді.
Бірқалыпты құламаларда горизонтальдардың арасы бірдей болып келеді, дөңес құламаларда төбесіне қарағанда табанының горизонтальдарының арасы кіші болады, ал ойыс құламалар да, керісінше, төбеге жақын жерлерде горизонтальдың арасы кіші болады да, табанында ұзарып үлкейеді. Сондықтан топографиялық картада горизонтальдардың өзгерісі арқылы құламалардың пішінін білуге болады.
Горизонтальдардың қасиеттері. Рельефті горизонтальмен бейнелеудің мәніне байланысты олардың басты қасиеттері шығады.

  1. Бір горизонтальдың үстіндегі кез-келген нүктелер бірдей биіктіктерде болады.

  2. Карта мен пландағы тұйық горизонтальдардың жиынтығы төбені немесе ойды көрсетеді.

  3. Карта мен планда горизонтальдар үздіксіз сызықтар болады. Ол сызықтар тек терең жарлар орналасқан жерлерде ғана үзіледі.

  4. Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды және тарамдалмайды. Тек шығып, ілініп тұрған жартастарды горизонтальмен бейнелегенде, олар қиылысуы мүмкін, сондықтан құздарды (жартастарды) бейнелегенде арнайы шартты белгілерді қолданады.

  5. Горизонтальдың арасындағы ұзындық құламаның көлбеулігін сипаттайды.

Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтың еңістігі деп атайды.
і = Һ / d (10)
Еңістік процентпен не промиллмен (мыңнан бір бөлігі) көрсетіледі.
Мына формула арқылы құламаның көлбеулігін оңай анықтауға болады:
tgv = i = h / d (11)

  1. Суайрық пен сужинақ сызықтары горизонтальдарды тікбұрышпен кеседі.

  2. Горизонтальдардың биіктік шамасы рельефтің қимасының биіктігіне тең болады.

Мысалы, рельеф қимасының биіктігі һ=1, горизонтальдың биіктігі 140, 141, 142, 143 және т.т.; һ=2,5м, 140, 142,5, 145,0, 147,5 және т.т.
Карта мен планды оқығанда, сонымен қатар оларды жасағанда горизонтальдар, бергштрихтер, биіктік жазулары және т.б. рельефке байланысты шартты белгілер қоңыр түсті тушпен бейнеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет