«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм



бет6/6
Дата23.05.2017
өлшемі1,28 Mb.
#16701
1   2   3   4   5   6
видео бар). Оқушылардың ойынша топпен жұмыс жасаған өте тиімді әрі қызықты болды. Олардың түйгені осы топпен жұмысты неге басқа сабақтарда қолданбасқа? Себебі бірлесіп жұмыс жасағанда білмегенді жаңындағы сыныптастарыңнан сұрау мүмкіндік пайда болатынын және өз бетімен ізденуде көп мәліметтер алатыны туралы, кері байланыс арқылы ауызша сұрай алмағаңынды, жазбаша түрде жеткізуге болатыны және мұғалімге ұсыныс қалдырып кетуге қол жеткізгендері жайлы ой бөлісті. Биылғы оқу жылында ҰБТ-ге дайындық барысында топпен жұмыс жасау арқылы дайындық жақсы деңгейде болатынына сенімдіміз деп ойларын жалғастырды.

«Оқушы үні» жобасы бойынша оқушылар жұмысқа тартылды. Бұл жобада оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша кеңестік. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған кештерді өткізу, сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды айқындау бойынша сұрақтар қойылды.



Мұғалімнің еңбегі оқушының оқуына, оқығанын өмірде пайдалана білуімен өлшенеді.

Оқушылардың іс-әрекетін зерттеу кезінде байқағаным — олардың бойындағы өзгеріс, қуанышты жүздері мен құнды ойлары, белсенділігі, қызығушылығы мұғалімнің өзіне деген сенімін арттырып, мәртебесін өсірумен қатар болашаққа үлкен жүк артып, одан әрі шыңдала түсуге шабыт береді екен.

Сыни оқытудың маңыздығын, дағдылырын қалыптастыру үшін өз бетімен көп жұмыс жасау керек екенін тәлім алушымен талқылау жүргізу, әңгімелесу, бейнежазбаға кері байланыс жасай отырып, мұғаліммен бірге оқыту арқылы оқушыларды да өзгертуге болатындығына көзіміз жетті.

Әрине мұғалімдердің, әсіресе тәлім алушы тәжірибесінде оң өзгерістер болды, оқытудағы тиімді тәсілдерді меңгерді, формативті бағалаудың түрлерін білді.


Мектепті дамыту жоспарында көзделген мақсаттарға, яғни өз бетінше білім алуына бағытталған жаңа тәсілдерді пайдалану негізінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, мұғалімдерді сабақ беруді жаңаша жоспарлауға, жеті модульдың идеяларды, оқытудың сындарлы теориясын қолдануға итермелеу толықтай жепесекте, аз да болсын өзгеріс енгізе алдым деп қорытынды жасай аламын. Болжанған нәтижеге жету үшін коучинг, тәлімгерлік, Lesson stadu элементтеріне сүйене отырып оқу үдерісіне азғантай болса да өзгерістерді енгізе алғанымызды қуантады. Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу нәтижесінде өздерінің кәсіби деңгейін көтерді, оқытудың жаңа тәсілдерді игере бастады, өздерінің ұстанымдары мен көзқарастары өзгергінің байқалды. Оқушыларды топтық жұмысқа тарту сыныптағы ынтымақтастық орнатуға пен психологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізді. Олар өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, өзінің іс-әрекетіне сыни тұрғыдан қарауды үйрене бастады. Мектептің дамыту жоспарына өзгерістерді енгізу үдерісінде төмендегідей кедергілер кездесті:

  • Мұғалімдердің бойында сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылардың төмен дәрежеде болғаны;

  • Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда табыс критерийлерді құрастырудағы тәжірибелерінің жоқтығы;

  • Сабақ беру барысында өз бетінше жұмыс жасауға итермелейтін стратегияларды, уақытты тиімді пайдаланбауы;

  • «Lesson Studu» тәсілімен танысу, жоспарланған шараларға қатысу және талдау жасау мақсатымен, Lesson study өткізуді жоспарладым. Бірақ бұл үдерістің толық өткізілмеуі.

Аталған кедергілерден сәтті өту үшін жеті модульдің түйінді идеяларды меңгеруге мұғалімдер жүйелі, ұзақ мерзімде жұмыс жасауды қажет, сондықтан алдағы уақытта менің көшбасшы ретіндегі үлкен мақсатым, ол мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға қолдау көрсету және ықпалын тигізу.

Әріптестерім не білді, не үйренді?

  • Сыни ойлауы артты.

  • ОүБ мен ОБ –дың айырды, маңыздылығын түсінді, қолданды.

  • Топпен жұмыс қуатты құрал екенін білді, тәжірибе жасады, нәтижесін көрді

  • Кері байланыс жасады.

  • Ынтымақтастықта шынайы жұмыс жасап проблемаларды шешті.

Өзім не білдім?

  • Мұғалімдердің идеяларымен алмастым, алған білімімді тәжірибеде қолдандым.

  • Коучинг арқылы мектеп жұмысын, әріптестер проблемасын өздерінің көмегімен шешіп, жаңа өзгерістер енгузіге болатынын жақсы түсіндім.

Келешектегі өзгеріс

  • Желілік қауымдастық арқылы білімімді үздіксіз жетілдіру.

  • «Оқушы үні» сияқты әріптестер үніне құлақ сала отырып, олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану, тәжірибемен алмасу /жаңаша бағыт/.

  • Коучинг дағдыларын жадыда ұстау /тыңдалым, сұрақтар, қарым-қатынас/.

Оқытудың жаңа тәсілдерімен жұмыс жүргізу мұғалімдер үшін өте қызықты. Алайда біздер бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Білім берудегі жаңа идеялардың берері көп екендігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Осындай курстан аудандағы қазақ мектептері мұғалімдері өтсе, жұмыс жүргізу жеңіл болары анық. Себебі, жаңалықты енгізу оңай нәрсе емес, ол бәрімізге ортақ іс.
«Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі» КММ

мектептің даму жоспары


Мектептің даму жоспарының басымдықтары – оқу үрдісіне топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың оқуға деген көзқарастарын өзгерту, оқуға деген қызығушылығын арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру

Нәтиже және табыс критерийлері

Оқыту және оқу

  • Мұғалімдер әр сабақта жаңаша тұрғыдан жасауға талпыныс жасайды, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді;

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  • Мұғалімдер оқушылардың білімдерін жаңаша бағалау әдістерін меңгереді;

  • Оқушылар өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.




  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады;

  • Оқу сапасы жоғарылайды

  • Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады:

  • Топтағы әр оқушы сабаққа белсене қатысады;

  • Топта бірлесе жұмыс атқарады;

  • Өзін және өзгелерді бағалауға үйренеді;

  • Формативтік және жиынтық бағалауды меңгереді;

  • Мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыс арқылы сенімділік артады;

  • Бірін-бірі тыңдап үйренеді.




Рет №

Іс-шара

Мақсаты

Ресурстар

жауапты

Мониторинг

Шараның мәртебесі

Уақыты

1

Тәлімгерлік жүргізу. Коучинг пен тәлімгерлік не үшін ұйымдастырылады?

Коучинг және тәлімгерлік жүргізуін жетілдіру

Сабақ жоспарын құру нұсқаулығы, жаңа әдіс-тәсілдерді игеру жолдары

1-деңгей курсынан өтетін мұғалім

сауалнама Тәлімгерлікті қалай түсінесіз?

Коучинг

Тәлімгерлік




Мектеп тәжірибесінің 2-ші аптасы

2

Коучинг сессиясын ұйымдастыру

Мұғалімдерге әдістемелік, кәсіби көмек көрсету

мұғалімдердің жұмысты өзгертуге қажеттіліктің тууы;

бағдарлама идеяларын сезінуі.


Мұғалімдер

ӘБЖ


әкімшілік

1-деңгей курсынан өтетін мұғалім

мұғалімдердің балалармен жұмысты өзгертуге қажеттіліктің тууы;

балалармен жұмысты жетілдірудегі Бағдарлама идеяларын сезінуі.



Коучинг

Тәлімгерлік




Қажеттілігіне қарай

3

Тізбектелген сабақтар топтамасы

Сабақты зерттеу нәтижесі, топтық жұмыстың нәтижесін көру

Фото, видео

құралдары, сабақ жоспары,

7 модуль


Пән мұғалімдері

Рефлексивті есеп

Пікіралмасу, дөңгелек стол

Мектеп тәжірибесінің 2-5 аптасы

4

Lesson study өткізу

«Lesson Studu» тәсілімен

танысу,


жоспарланған шараларға қатысу

және талдау жасау


Мұғалімдер




1-деңгей курсынан өтетін мұғалім

Кәсіби сұхбат

Тәжірибе, Lesson study

Мектеп тәжірибесінің 4-ші аптасы

5

Желілік қоғамдастық құру

Өзара сенімге негізделген қарым- қатынас арқылы пікір алмасу, көмек көрсету

Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, психолог, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдар.

1-деңгей курсынан өтетін мұғалім

Желілік қоғамдастықтағы ресурстардың жүйелілігі және мазмұндылығы, мектеп ұжымының қамтылуы

Желілік топтар арасындағы кері байланыс

Мектеп тәжірибесінің 5-ші аптасы

6

Конференция, семинарлар ұйымдастыру

Мұғалімдерді ынталандыру, қолдау көрсету

Коучинг сабағы, нұсқаулық, үлестірме материалдары Презентация, сабақтан үзінділер

1-деңгей курсынан өтетін мұғалім

Жинақ, постерлер, презентациялар

Кері байланыс, пікір алмасу

Мектеп тәжірибесінің 5-ші аптасы

7

«Неге қол жеткіздік және ары қарай не істейміз?» тақырыбында коучинг

Мақсатқа жеткені не жетпегенін анықтау

Сындарлы оқыту;



Оқушыларды өздігінен білім алуға үйрету, дағдыландыру

Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, психолог, оқушылар, ата-аналар, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдар.

Көшбасшы, тәлім алушы

Кәсіби сұхбат

кері байланыс, бағалау парақтары, сауалнама және т.б.

Мектеп тәжірибесінің 6-ші аптасы

Каталог: user-files
user-files -> С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»
user-files -> Оспанова сауле кусмановна
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы
user-files -> Сабақ Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. қалап қана қойған аз, оны жасау қажет
user-files -> Шебер сынып жоспары Тақырыбы
user-files -> «Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> Пәнаралық байланыс
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет