Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»



бет7/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза

Тәжірибе бөлімі

3.1. Сауалнама және оның қорытындысы.
Мен осы жобамды жүргізу барысында өзім оқитын Ғ.Молдашев атындағы орта ЖББ мектебі ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу» тақырыбындағы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды:
Негізі әлеуметтік желі адамның өзіне байланысты әртүрлі әсер етеді. Адамға орташа есеппен 50% әсер етеді. Бәрі, яғни 100% әлеуметтік медианы пайдалану –жаңалық оқу, достармен сөйлесу, үй жұмысын қарау үшін пайдаланамыз -деп жауап берген. Сонымен бірге, әлеуметтік желілердің пайдасы аз. Жастар жағы қорлау секілді жаман видеоларды қарайды, олар жастардың психикасына әсер етеді. «Ақша сал, Ұтып ал!-деген алаяқ сайттар кездеседі-деп те айтады.
Жастардың жазба тіліне жағымсыз әсер етеді деп-86% жауап берсе, әлеуметтік желі –жастардың сауатсыз болуына ең басты әсері етуші фактор дегенде әртүрлі жауаптар болған, 60% келісемін деп жауап беріпті.


Тұжырым: Осы сауалнама қорытындысына қарап, жүргізілген сауалнама менің мектебімнің жастарына ой тастады, болашақта жастар арасында әлеуметтік желідегі сауатсыздық біртіндеп жойылады деген ойдамын.
3.2. Дөңгелек үстел “Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны”
Жоғары сынып оқушылары атынан сөз алған Асылхан Біржанов: «Интернет жазбалары мен SMS-хабарламалар тілді өрескел шұбарлайды. Оның айтуынша, қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.

– Қазір кез келген адам әлеуметтік желі мен ұялы телефонға тәуелді болып қалған заман. Олар жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте» желілерінде сағаттап отырамыз. «Тірі» сөздердің орнына смайлик арқылы сөйлесуді әдетке айналдырып алдық, – деп жауап берді



3.3. «Әлеуметтік желіде сауатты жазайық!» байқауының қорытындысы.
Осы жұмыстың аясында мен өз сыныптастарымның арасында «Әлеуметтік желіде сауатты жазайық!» атты байқау өткіздім. Ол байқауда сыныптастарым осы ғылыми жұмыс жазылып болғанша топқа 15 адам кірсе, байқау соңына таман 8 адам ғана қалды.Байқауға қатысушылар «Вконтакте», «WhatsАpp» әлеуметтік желілерінде бір-бірімен хат алысуды жалғастырды. Олардың келісімен тексеріліп жеңімпаз анықталатын болды. Өкінішке орай, 4 адам қазақша әріп жоқ екендігін айтып, топтан сол кезде шығып кетсе, 3 адам мүлдем кірген жоқ. Сыныптастарым біраз қиналды, бірақ оларға ұнады. Байқау соңында жеңімпаз болып-Қалиева Арайлым танылды..




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет