Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»


Әлеуметтік желілердегі орфографиялық және пунктуациялық қателер



бет4/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза

2.3. Әлеуметтік желілердегі орфографиялық және пунктуациялық қателер.
Келесі үлкен мәселе: орфографиялық және пунктуациялық қателер, ауызекі тіл элементтері, сөйлемдердің қысқаруы, сөздердің орын алмасуы. Мұндай қателіктер интернет қолданушыларының арасында бұрыннан қалыптасқан жағдай болғандықтан, оны өзгерту де қиын. Бірақ бұған көз жұмып қарауға мүлдем болмайды. Өйткені ғаламтор пайдаланушылар қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтамауы жастардың сауатсыздыққа бой үйретуіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Ғаламторда әдеби тілдің нормаларын сақтап отырып сөйлесу мүмкін еместігі түсінікті. Кей мамандардың айтуынша, ғаламтордағы қарым-қатынас тіліндегі біз атап өткен қателіктердің орын алуы заңдылық көрінеді. Ғаламтор тілі тез әрі жылдам қарым-қатынасқа қолайлы тіл. Оның басты ерекшелігі де осында. Сондықтан, әдеби тіл нормаларын интернетте сақтау міндетті деген қате пікір дегенді қолдайтындардың қатары көп. [9. Б. 1]
Әлеуметтік желілердегі хаттар мен жазбалардың кейбірінен дауысты дыбыстарды таба алмайсың. Жылдам хат жазу үшін сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тастап кету – нағыз грамматикалық қателік. Осыған бой үйретіп алған жастардың ертеңгі күні орфографиялық ережелерге бағынбай кетпесіне кім кепіл?! Сөздерді бөлек, бірге, жартылай бөлек жазу (дефис арқылы) ережелері де назардан тыс қалып жататынын көріп жүрміз. Бұл олардың қол және көз дағдыларына әсер етіп, сауатты жазу дағдысын жояды. Әлеуметтік желі коммуникациясында сөйлеу тіліне жақын құрылымдар көп қолданылады, яғни сөздің тұлғасын өзгертіп кең жазу да етек алып келеді. Біріншіден, жіктік жалғауды түсіріп жазу: отырм – отырмын, ұйктайм – ұйықтаймын, билмейм – білмеймін, егер сөз жалпыға түсінікті болса, дауысты дыбыстарды түсіріп жазу: кдрп – қыдырып, мсқ – мысық, сөзді жөнсіз қысқартып қолдану: раха – рахмет, см – сәлем, сб – сау бол, шетелдік сөздерге қазақ тілі жалғауларын қосып қолдану: каксын?, плизбен (please) сойлессейши, сөзді орфоэпиялық норма бойынша таңбалау: не істеватсын (не істеп жатырсың?), дийұана (диуана), барат, келет, бошы (болшы). Сонымен қатар, ғаламтордағы кейбір жазбалардан тыныс белгілерді мүлдем таба алмайсың. Ал енді бірі сөйлемнің басын, адамның атын үлкен әріппен жазу деген ережені мүлдем ұмытқан. [7. Б. 43713]
Бүгінгі күні қазақтілді сайттар­дың саны артты. Бірақ бұл интер­нет қолданушы жастардың сауат­ты­лық деңгейін көтеруге толық­қан­ды көмектесе алған жоқ. Жалпы, ғаламтордағы сауаттылық мәсе­лелеріне бейжай қарау қазақ тілінің болашағына орасан зор қауіп төндіретіні анық. Уақыт өте келе интернет арқылы өзгеріске ұшыраған тіл мәдениетінің нормалары бұзылып, жаппай сленг, жаргон тәрізді дисфемизмдермен ластануы мүмкін. Интернетте тілдік норманы бұзып қарым-қатынас жасау тілдесушілердің тілдік санасында «бұрыс графикалық портреттің» қалыптасуына әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет