Ғылыми жобаның тақырыбы:«Әлеуметтік желідегі сауатсыздықтың алдын алу»



бет2/10
Дата26.04.2024
өлшемі40,96 Kb.
#201460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба Исаева Роза

ІІ. Теориялық бөлім

2.1. Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық жастарды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырды. Президенттің айтуынша, нағыз досты ғаламтордан іздеп, әуре болудың қажеті жоқ. «Твиттерде» немесе басқа да әлеуметтік желілерде отырып, уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме-дүкен құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді», - деді Н.Назарбаев. [2. Б. 6]
Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал. Әлеуметтік желіде байланыс жасау үшін әрине бізге ең алдымен интернет керек. Ал интернетке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
Ұлыбританияның зерттеу компаниясының мәлімдеуінше, бүкіл әлемде әлеуметтік желі қолданатын азаматтардың 47 пайызы оған ұялы телефон арқылы кіреді. Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр.
Әлеуметтік желі тақырыбы түрлі ғылым салаларын ойландырып отыр десек қателеспейміз. Әлеуметтік желі және ондағы қауіпсіздік мәселелері дәрігер мамандарын да алаңдатады. Миға, көзге әсері жайында талқыланады. Психологтар психология тұрғысынан, дінтанушылар дін тұрғысынан, әлеуметтанушылар отбасыға әсерін өз көзқарас тұрғысынан қарастырады. Әр зерттеуші олардың пайдасы мен зиян жақтарын саралап, мәселенің шешу механизмдерін ұсынады. Мен де өз шама шарқымша болашақ тіл маманы ретінде осы мәселені қарастырып, шешімін табуға тырыстым.
Оқушылар қазіргі таңда көркем шығарманы аз оқиды деген тұжырымдар ұстаздар қауымын алаңдататын проблемалар. «Көбі ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды. Мектеп оқушыларының тілі шұбар, сөздік қоры жұтаң, – деп дабыл қағады ұстаздар. [6] Ал филолог мамандардың негізгі міндеті – тілдегі жаргонды жою және тіл мәдениетін сақтауға ат салысу.

Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.


Қарапайым ғана мысал ретінде төмендегі диалогты келтіріп көрейік.

I-түрі
- Сәлем досым, хал қалай?


- Шүкір жақсы, өзің қалайсың?

- Бүгінгі кешке дайындығың қалай?

- Ата-анам жұмыстан келгесін баратын болдым.

-Жарайды, ендеше кешікпе, күтеміз!

- Кездескенше!

II- түрі

- Салам кент каксын

- тема озин

-тема гой че там кешке неистейсин келесинба

- проблема кеш барам

- дывай кешикпе ждем
Зейін салып саралап қарасақ, диалог жасаушы екі адамның сауаттылығы мен мәдениет деңгейін байқай аламыз. Сіздің ойыңызша қай сөйлесушілердің қарым қатынасқа түсуі көңіл толтырады? Әрине, бірінші. Неге дейсіздер ғой, себебі, көзге тартымды, ықыласпен жауап бергің келіп тұрады. Тыныс белгісі қойылған, түсінікті.
Сонымен әлеуметтік желі пайдаланушылардың мәдениеті арқылы біз жалпы қазақ жастарының мәдениетін көре аламыз. Әсіресе mail.ru, контакт сайтында көп отыратын жастар интернеттің неге керек, мәні неде екенін саналы түрде ұғынуы тиіс. Ал ғаламторды дұрыс пайдалана білу, ол - үлкен білім көзі.
Жастардың сөздік қорында әдеби тілмен сөйлейтін адамға түсініксіз сөздер мен сөйлемдер көп. Олар сленг сөздерін ауызекі тілде ғана қолданбай, әлеуметтік желілерге де енгізіп жатыр. Жастардың жазбаша «жаңа тілі» мен әлеуметтік желілердегі постарында қаптап жүрген қателерге тіл маманы ретінде алаңдаймын.
Мектеп оқушылары жиі қолданатын орысша жаргон сөздер: кореш (дос), кент (сәнқой жігіт), мареха (қыз бала), нарик (наркоман), кладовка (сөз тасушы), тыркаться (сенделіп бос жүру), ботать (сәнді жаргон тілінде сөйлеу), чайники (әке-шеше). Тілдің көркемдік стилі жоғалып барады. Ал кейбіреулер тіл тазалығына қатысты «әлеуметтік желілердегі сленг сөздердің тілімізге енуі заңдылық, тіл пайда болған әлеуметтік құбылыстарға үнемі бейімделіп отырады, бірақ жаңа сөздердің бәрі бірдей қолданысқа ене бермейді» деген уәж айтады.
«Балалар көбінесе интернет пен телефон арқылы сөйлеседі. Әлем классиктерінің шығармаларын білмейді. Соның кесірінен балалар орфография мен жалпы грамматиканы нашар меңгереді» деген пікір кәсіби қазақ тілі жойылып кету қауіпін тудырады. Өйткені әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады. Бұл әсіресе оқушылардың шығарма, диктант жазған сәтінде байқалады. 
Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - дейді. [10. Б.1 ]
Иә, расымен қазіргі заманның сәні мен әніне айналған әлеуметтік желі біз үшін қаншалықты қажет, сауаттылық, тіл тазалығы мәселелері қаншалықты шешімін тауып жүр?
Кезінде ең бай, оралымды тіл деп бағаланған қазақ тілі замана ағымымен бірге жүріп, байырғы белгі-таңбаларынан нені сақтап, нені жоғалтты деген сауалдарға жауап іздеп, дәстүрлік пен даралықтың ара қатынасын, өткен мен бүгінгі арасындағы жанды байланысты зерделеу бұл қазақ деп соққан жүрегі бар әрбір азамат үшін міндет деп ойлаймын. Заманауи деп танылған интернет торабының қазақ тілінің тазалығын сақтаудағы әсері мен ықпалы қандай деген мәселелер толғандыруы тиіс.
Түрлі әлеуметтік желілер жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді ұмыттық. Twitter, Facebook, «Агент», «ВКонтакте», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерінде сағаттап отырамыз. Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.
Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.
Осы жөнінде қазақстандық блоггер, журналист Өркен Кенжебектің: — «Әлеуметтік желілер адами қарым-қатынастардың жаңа мәдениетін қалыптастырды. Сезіміңді білдіргің келсе, смайлик жіберу, өмірі көрмеген, өзіңнен 10 мың шақырым қашықтағы адамды дос санау, виртуалды махаббат құру, — бәрі-бәрі қазір болып жатыр. Адамдар арасындағы интимді шекараның сызығы өшіріліп, құпия жария болды, жариясы бүкіл жаһанға таралатын болды, мұны тіпті әлеуметтік желінің артықшылығы дегім келсе де, кемшілігі секілді көрінеді де тұрады. Сондай-ақ, «Facebook»-те 2000 досы бар саналғанмен, өмірде шын бір досы жоқ адам-аккаунттар пайда болды. Бұл да әлеуметтік желі әкелген қасірет» деген пікірі өте орынды.
Әлеуметтік желі проблемасы жұмыскерлерге де кесірін тигізеді. Жұмыскерлер жұмыс уақытында сол сайттарды жұмыс үшін емес, адамдармен араласу үшін қолданады. Бұл сол мекеменің тағдырына балта шабуы мүмкін.
Әлеуметтік желідегі қарым қатынаста сөздердің әріптерін тастап кету немесе ретсіз қысқарту, төл «ң, ө, ү, ұ, і, ә» дыбыстарымызды қолданбау, мағынасыз хмммм, мммм деген сияқтыларды жиі жазып, тірі сөздердің орнына смайликтерді жіберу әдетке айналғандай. Мұндай олқылықтардың ана тіліміздің дамуына, тіпті ана тіліміздің өз бойындағы табиғатын сақтап қалуына да зияны орасан зор болмақ. Демек, тіл мәселесі ғылым мен техника қарыштап дамыған мына заманда бірінші кезекте тұруы тиіс.
Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша «Әлеуметтік желінің» өмірімізге кері әсерлері төмендегідей сараланыпты.
1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние - уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «әлеуметтік желі гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
2. Шын өмірден алшақтау;
3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.
Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек екені белгілі.
Сол сияқты қазіргі кездегі компьютерлік, интернет клубтар жастар үшін спорт секцияларын, басқа да денсаулыққа пайдалы шараларды, тіпті таза ауадағы жай қыдыруды да ауыстыра алмайды. Ал компьютерлік ойындарға, интернетке деген аса қызығушылық, одан туындайтын тәуелділік материалдық шығындарды айтпағанның өзінде, басқа да орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Әр дәуір мен заманның адам баласының алдына қояр талаптары айырықша екені белгілі. Ал ХХІ ғасыр ағымының қайсы бағыттары мен салаларын алсақ та, даму мен жаңғыруда келе жатқанын анық аңғара аламыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады»,- деп алдағы жолымызды айқын болжап берген еді. Соның бірі ақпараттық технологияның, оның ішінде интернеттің атап айтқанда әлеуметтік желілер дамудың даңғыл жолына түсіп отырғаны ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер интернет тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналғандай. Әсіресе, мектеп оқушылары мен одан кейінгі бозбалалар мен бойжеткендер желіден бас алмайтын жағдайға жеткені жасырын емес. «Таяқтың екі ұшы бар» бар дегендей әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтары бар екенін көп жағдайда қаперімізге ала бермейміз.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Техниканың өркендеген заманында әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дамытудағы әсері қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуі тиіс. [2. Б. 6]
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев. [9. Б. 1] Бұл әрине ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсушілерге тікелей қатысты.
Әлеуметтік желілердегі тіл мәдениетін сақтау үшін елімізде ең алдымен:
1. Ақпараттық мәдениет жайында кеңінен мәліметтер, жұмыстар жүргізіліп, кеңінен насихатталса;
2.Тілдің маңызы, оның қолданылуы жөнінде әлеуметтік желілерде талқыланып, тіл тазалығы, сауатты жазуға үндеген жарнамалар, патриоттық сезімдерін арттыратын суреттер жиі берілсе;
3.Адамдар бір-біріне қарап түзеледі, міне сондықтан жастарға әсер ететін қоғам қайраткері тек пиар жасауға берілмей, игі істерді атқаруға ат салысса;
4. Әрбір әлеуметтік желіні пайдаланушы тұлға тіл мәселесіне бей-жай қарамай, сауатты жазуға талпынса, ықылас танытса.
Жоғарыда аталған ұсыныстар нақты дәрежеде іске асқан жағдайда, әлеуметтік желіде сауаттылық, жауапкершілік, төл дыбыстарды қолданып, тыныс белгіні дұрыс қойып жүрсе, айтылатын ой нақты болады және қазақ тілі шұбарланбас еді деп сенемін! Ал мектеп қабырғасында оқып жатқан оқушылар да диктантты жазуда еріксіз қате жазбас еді, шығарма жазғанда сөздік қоры артар еді деп ойлаймын! Ол үшін әрине әлеуметтік желіде ақпараттарды саралау үшін белгілі бір дәрежеде білім және мәдениет керек!
Сонымен қорыта айтқанда, әрине әлеуметтік желі арқылы ақпарат алуға, ұнағаныңа лайк басуға, қосымша қызығушылықтарды арттыруға болады, десек те Байтұрсынов айтқан тіл тазалығын сақтау, бейпіл, жаргон сөздерді пайдаланбау біздің патриоттығымыз бен сауаттылығымызды арттырады. Бұл қазақ деп соққан жүрегі бар әрбір азаматты толғандыруы керек деп ойлаймын. Егер дер кезінде алдын алмасақ кейін еріксіз түрде қолданып, ғасырлық дертке айналуы мүмкін! [3. Б. 8]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет