Ғылыми кеңесі



бет1/11
Дата26.06.2018
өлшемі2,02 Mb.
#44844
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кеңесі
28.01.2013

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:



  1. Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстарының 2012 жылғы қорытындылары туралы. Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

  2. І жарты жылдықтағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы. Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы - комиссия төрағасы

  3. Ағымдағы мәселелер

    1. 2011 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы иегерінің есебі. Мерғалиева Лилия Игорқызы – экономикалық теория және бизнес кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., доцент

    2. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2012-2013 оқу жылында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына ұсынылатын жұмыстар туралы. Имашев Эдуард Жүсіпұлы – ғылым және коммер-цияландыру департаментінің директоры

    3. Үздіксіз білім беру орталығын құру және орталық туралы ережені бекіту туралы. Ломоносов Илья Матвеевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

    4. Ұлы Отан соғысының ардагері П.Р.Букаткиннің 90 жасқа толуына орай «Орал қаласының құрметті азаматы» атағына ұсыну туралы. Дәрішева Түймеш Малбағарқызы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

    5. Ф-м.ғ.к. А.А.Кульжумиеваның «Периодические решения систем дифференциальных уравнений с многомерным временем» монографиясын баспаға ұсыну туралы. Ниетова Айгүл Серікқызы – ғылыми хатшы

    6. П.ғ.д., профессор А.С.Қыдыршаевтың «Шешендіктану» оқу құралын Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша РОӘК-нің грифін алуға ұсыну туралы. Ниетова Айгүл Серікқызы – ғылыми хатшы

    7. Магистрлік диссертацияларды плагиатқа тексерістен өткізу туралы. Тастаева Жанна Кеңесқызы – жоо-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры

_________А.С. Иманғалиев

____. _____. 20__ ж.

Университеттің 2012 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі есебі


Орал, 2013


Мазмұны:
Кіріспе
1. Университеттің ғылыми кадрларды даярлауы
2. Университет ғалымдарының іргелі мен қолданбалы зерттеулері және қаржыландыру көздері
3. Университет ғалымдарының ғылыми байқауларға қатынасуы
4. Ғылыми орталықтардың жұмысы
5. Өткізілген ғылыми-теориялық пен ғылыми-тәжірибелік конференциялар
6. Университетте ғылыми бағытта өткен семинарлар мен дөңгелек үстелдер
7. ПОҚ ғылыми басылымдары
8. ПОҚ ғылыми іссапарлары
9. Халықаралық ғылыми қарым – қатынас
10. Университеттің Жас ғалымдар кеңесі
11. Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
12. Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Қорытынды

Кіріспе
Университетіміздің ғылыми жұмыстары өздеріңіз білетіндей жылдық жоспар мен 2011-2015 жж. арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын негізге ала отыра жасалған стратегиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Аталған жоспарлар қай кезеңде де кафедра, факультет деңгейінде жасалып, кейін ғылымдағы жаңа талаптар қамтылып, тұтастай университет алдындағы міндеттер ретінде шығарылады. 2012 жылы ақпан айында осы акт залында өздеріңізбен арнайы ұйымдастырылған кездесуде Қазақстан ғылымын дамытудағы соңғы өзгерістерді арнайы талқылып, алдымызда тұрған шешімін табуы тиіс мәселелерді назарларыңызға ұсынған болатынбыз. Өздеріңізге белгілі 2011 жылы қабылданған Ғылым туралы заң, ондаған Үкіметтік қаулылар мен нормативті құжаттар жаңа замандағы ғылымның ауқымын кеңейтті және оған қойылатын талапты ерекше күшейтті. 2012 жылы ғылымды қаржыландыруға 48 млрд. теңге бөлінді. Оның 21,4 млрд. теңгесі қолданбалы зерттелерге, 6,5 млрд. теңгесі іргелі және гуманитарлық зерттеулерге бағытталды. Сіздерді бүгінгі ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныс деп есептеймін. Өйткені аталған саладағы өзгерістер 2011 жылғы, 2012 жылғы әр факультеттің ғылыми жұмыстары туралы есебін тыңдауға арналған факультет кеңестерінде арнайы талқыланды. Бұған қоса ғылымды қаржыландыру, жаңа буындағы ғалымдарды дайындау және ғылымның нақты нәтижелері туралы арнайы кездесулер өткізілді. 2012 жылы университет базасында және Жәңгір хан атындағы университетте Ұлттық ақпараттық орталық мамандарымен 3 мәрте кездесу өтті. Кездесулер барысында арнайы келген шетелдік сарапшылар, кеңесшілер ғылымға қойылатын әлемдік талаптармен таныстырды. Кездесу соңында семинарға қатысқан 32 профессор-оқытушымыз сертификат алды. Есепті 2012 жылы маусымда ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Э.Имашев арнайы Алматы қаласында ұйымдастырылған жиынға қатысты. Сөз жоқ жоғарыдағы кездесулер мен жиында көтерілген мәселелер біздің пайдамызға шешілді. Бұл турасында алда атап өтіледі.

Құрметті әріптестер! Жаңа «Ғылым туралы» заң бойынша ғылымды дамытатын ғалымдарға, оларды дайындауға, білім жетілдіруге, ізденістерін нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған қаржы бөлу мәселелері бір жолға қойылды.




1. Университеттің ғылыми кадрларды даярлауы
Қазіргі таңда университетте штаттық оқытушылар саны 365 адамды құрайды, соның ішінде 22 ғылым докторы және 122 ғылым кандидаты.

Ғылыми кадрларды даярлау мәселесі бойынша, 2012 жылы екі оқытушымыз ғылыми зерттеулерін қорытындылап, Ресей Федерациясында кандидаттық диссертацияларын қорғады. Олар: 13.00.04 – «Теория и методика физического воспитания, спортивной тренировки, оздоровительной и адаптивной физической культуры» мамандығы бойынша Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы П.Лесгафт атындағы дене шынықтыру мемлекеттік ұлттық университетінде Н.К. Байтлесова «Двигательная активность женщин как средство повышения работоспособности женщин второго периода зрелого возраста, работающих преподавателями вузов» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. (ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Горелов) және 08.00.05 — «Экономика и управление народным хозяйством: теория управления экономическими системами; макроэкономика; экономика, организация и управление предприятиями, отраслями, комплексами; управление инновациями; региональная экономика; логистика; экономика труда» мамандығы бойынша Ресей Федерациясының Самара мемлекеттік экономикалық университетінің диссертациялық кеңесінде Ж.С. Аймешева «Методы принятия решений в управлении инфраструктурными услугами» тақырыбында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің диссертациясын қорғады.



Егер өткен жылдармен салыстыратын болсақ (1 - кесте), 2010 жылы 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 2011 жылы 2 ғылым кандидаты (РФ, Өзбекстан) және 2012 жылы 2 ғылым кандидаты (РФ) қорғады. Бірақ соңғы қорғалған кандидаттық диссертациялар ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне импакт-факторлы журналда мақалалары жарияланбағандықтан, қайта аттестатталуға жолданған жоқ.

1 - кесте

2010-2012 жылдары қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар





2010 жылы қорғағандар

2011 жылы қорғағандар

2012 жылы қорғағандар

1

С.М. Бахишева

Б.Б. Мұнайдарова (Өзбекстан)

Н.К. Байтлесова (РФ)

2

А.М. Нургалиева

Э.Ж. Имашев (РФ)

Ж.С. Аймешева (РФ)

3

Н.А. Адельбаева

А.Б. Тлесова (қайта аттестатталды)




4

О.В. Насс (РФ)

Д.М. Жарылгапова (қайта аттестатталды)




5

М.С. Саркулова







6

С.М. Ғиззатов







7

Н.Ж. Даулеткереева







8

І.Ө. Хасанова







9

А.Т. Ерғалиева







10

М.Қ. Әжіғалиев







11

М.Ғ. Дюсенғалиева







12

Ж.Қ. Мұханғалиева







13

А.С. Аманбаев







14

Ж.К. Тастаева







15

А.Г. Муханбетчина







16

Г.А. Донскова (қайта аттестатталды)






Университет 24 магистратура мамандығы бойынша лицензияға ие. Бүгінгі таңда БҚМУ магистратурасында 189 магистрант білім алады, оның ішінде 1 курста – 120, 2 курста – 69. Мемлекеттік тапсырыс бойынша – 136, ақылы негізде – 53 магистрант оқуда. 2011-2012 оқу жылында университет магистратурасын бітірген 41 магистранттың ішінде 40 магистратура түлегі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты және енді бір магистратура түлегі Г.Е. Дюсембина, «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне PhD докторантураға мақсаттық даярлық нысаны бойынша оқуын жалғастыруда.

Есептік жылда Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңның 23 бабына сәйкес, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өту» негізінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 13 профессор-оқытушылары мен ғалымдары ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі куәлігін алды. Олар:


  1. Даришева Т.М.

  2. Фартушина М.М.

  3. Жусупкалиева Г.Х.

  4. Сарсенбаева Б.И.

  5. Ерғалиев А.С.

  6. Ерғалиева Г.А.

  7. Өтегенова Қ.Т.

  8. Әділбаева Н.Ә.

  9. Иргалиев А.С.

  10. Тастаева Ж.К.

  11. Ержанова Ұ.Р.

  12. Выдрина Н.А.

  13. Ажғалиев М.Қ.

Сонымен қатар, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі куәлігіне өз өтініштерін тапсырған профессор-оқытушылары мен ғалымдар:

1. Джубатырова С.С.

2. Муханбеткалиев Х.С.

3. Сардарова Ж.И.

4. Ворожейкина О.И.

5. Испулова Р.Н.

6. Мулдашева Г.Б.

7. Мухангалиева Ж.К.

8. Муханбетчина А.Г.

9. Мулдагалиев Б.А.

10. Нугманова М.К.

11. Нестеренко Г.И.

12. Науанова К.М.

13. Сагинова Б.К.

14. Тукешова Н.М.

15. Тлесова А.Б.


Бұл куәлікті 2011 жылы 35 ғалымымыз алса, 2012 жылы 13 ғалым жариялайтын барлық ғылыми-техникалық бағыттағы конкурстарға қатысу мүмкіндік алды, ал 2013 жылы 15 ғалым куәлік алуды жоспарлауда.

БҚМУ-дың құрметті профессоры атағын беру дәстүрге айналған. Бүгінде бұл атақты 19 адам иеленді. Олардың тізімі төменде берілген:



М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессорлары:

  1. Қадір Мырза Әлі

  2. Иманғали Тасмағамбетов

  3. Әлібек Дінішев

  4. Талғат Мұсабаев

  5. Тұяқберді Шамелов

  6. А.Амонашвили

  7. Әбсаттар қажы Бағызбайұлы Дербісәлі

  8. Бисенғалиев Марат

  9. Крис Крейкер

  10. Карл Кайнер

  11. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы

  12. Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы

  13. Жолдасбеков Мырзатай

  14. КСРО халық артисі Қажығалиев Шамғон Сағаддинұлы

  15. Сатубалдин Сағындық Сатубалдыұлы

  16. Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы

  17. Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы

  18. Кекілбаев Әбіш Кекілбайұлы.

  19. Н.А. Ерохина

2012 жылы ғылымда және білім беруде ерекше үлес қосқан университетіміздің 10 ғалымы қауымдастырылған профессор мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры ғылыми дәрежесі атағын алды. Қауымдастырылған профессоры ғылыми дәрежесін алғандар 8 адам: олар Ж.С. Жардемов, Р.Б. Сұлтанғалиева, М.Х. Темірғалиева, Т.А. Хамзин, Л.Б. Амельченко, А.Н. Жищенко, Г.Н. Сүйлеменова, М.М. Попов. М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры атағы А.М. Нұрғалиева мен О.И. Ворожейкинаға берілді.

2. Университет ғалымдарының іргелі мен қолданбалы зерттеулері және қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қойып отырған талаптарға сәйкес, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуде. Университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстанып келеді.

2012 жылы университет ғалымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулері келісім шарттар аясында және мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыру жалғасты, сонымен бірге жаңа жобалар қаржыландырылуда.

2011 жылы басталған төрт ғылыми-зерттеу жұмыстары 2012 жылы жалғасты, атап айтсақ, олар: х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиеваның, б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаеваның, б.ғ.к., доцент Г.С. Қайсағалиеваның және п.ғ.к., доцент А.Б. Медешованың жобалары.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының 2012 жылдың 23 қарашасындағы № 013-539 бұйрығына сәйкес, Химиялық зерттеу және технологиялар орталығы (ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиева) жаратылыстану-географиялық факультеті жанында құрылды.

Аталған ғылыми орталықта ағымдағы жылда «Химия» кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Д.К. Мендалиеваның жетекшілігімен 2011 жылдың 29 қарашасында М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясы арасындағы келісімшарт (№АР/Ү/11/2108, 29.11.2011 ж.) негізінде «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе» тақырыбында ғылыми жоба жалғасуда. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жобаны іске асыру бағытында Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің ұлтық зерттеу орталығымен (Ресей, Саратов қ.) тығыз байланыс жасайды. Аталған инновациялық жобаға 60 млн. теңге көлемінде бөлінген қаражат 2012 жылы толық игерілді Жобаны іске асыру үшін 8 ғалым-оқытушлар мен жас ғалымдар тартылды.

Экология және табиғатты пайдалану мәселелері ғылыми орталығы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының 2012 жылдың 23 қарашасындағы № 013-539 бұйрығына сәйкес, Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы болып өзгертілді. Осы орталық аясында екі жоба іске асырылуда.

Бірінші жоба, биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Е. Дарбаеваның жетекшілігімен «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» тақырыбындағы жобаға Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасының тапсырысымен 1890,0 мың теңгеге келісімшарт (№44 11.07.2012 ж.) жасалды. Аталған тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаражат толығымен игерілді. Жоба аясында университетіміздің 5 ғалымы жұмыстанды.

Екінші жоба, «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нің тапсырысымен «Комплексное изучение экологического состояния бассейна р. Урал» тақырыбындағы 2012 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Қайсағалиеваның жетекшілігімен жүргізілді. Жобаны іске асыру үшін келісімшарт (04.04.2011 ж.) бойынша 1,5 млн теңге бөлініп толық игерілді. Жобаны іске асыру бойынша университеттің 6 профессор-оқытушылар құрамы және магистранттары тартылды.

Есеп беру жылы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен БҚО тілдерді дамыту басқармасымен жасалған келісімшарт аясында педогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Медешованың «Мектеп және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған шаралар» атты жобасы жалғасты. Келісмшарт бойынша бөлінген 2 300,0 мың теңге толық игерілді.

2012 жылы университет ғалымдарының үш ғылыми-зерттеу жобалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан 2012-2014 жж. сынақ-конструкторлық жұмыс және ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша қаржыландыру алды. Олар:

1) Химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиеваның «Исследование электрохимических реакций на d-элементах (титан, молибден, вольфрам), разработка на их основе индикаторных электродов и использование их в эколого-аналитическом контроле» жобасы бойынша 29.03.2012 жылғы №990 келісімшарттың 1 831,8 мың. теңге қаржысы толықтай иегерілді. Жобаны іске асыру бойынша университеттің 5 профессор-оқытушылар құрамы және магистранттары тартылды.

2) Тарих ғылымдарының докторы Ұ.Т. Ахметованың «Научные общества и организации ХVІІІ – нач. ХХ вв. по изучению территории Казахстана: история, направления исследования и значение» тақырыптағы жобасы 19 қыркүйек 2012 жылғы № 1519 келісімшарт негізінде 2 000,0 мың теңге қаражатқа есептік жылда ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асырылды. Жоба аясында жүргізілген зерттеулерге 5 университет ғалым қатынасты.

3) 19 қыркүйек 2012 жылғы № 1518 келісімшарт негізінде химия ғылымдарының докторы, профессор Д.К. Мендалиеваның жетекшілігімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Разработка химико-технологических основ переработки и определения вариантов дальнейшего использования нефтяного шлама месторождений Западно-Казахстанской области» инновациялық жобаны іске асыру бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу тобы 5 университет ғалымдарынан құралған. 2012 жылы жоба бойынша 6 000,0 мың. теңге жұмсалды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен БҚО тілдерді дамыту басқармасы арасында жасалған шаруашылық келісімшарт (6 маусым 2012 жыл №48) негізінде 2012 жылы «Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру» тақырыптағы жоба педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т. Өтегенованың жетекшілігімен жүргізілді. Жоба бойынша 9 600,0 мың. теңге көлімде қаржы жұмсалып, БҚО тілдерді дамыту басқармасына желтоқсан айының басында қорытынды есеп тапсырылды. Жобаны жүзеге асыру бойынша университет профессор-оқытушылар құрамынан 14 адам қатынасты.

Келісімшарт негізінде экономика ғылымдарының докторы, доцент Л.И. Мерғалиеваның ғылыми жетекшілігімен «Обзор, маркетинговые исследования недвижимости на первичном и вторичном рынке услуг по Казахстану и странам СНГ» атты тақырыпта зерттеулер жүргізілді. «Инвест Недвижимость Казахстан» ЖШС тапсырысы бойынша 300,0 мың теңгеге ғылыми-зерттеу жұмысы жасалды. Жобаны жүзеге асыру үшін 3 университет ғалымдары қатынасты.

«Проведение мероприятий, посвященных Всемирному Дню охраны окружающей среды» атты жобасы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ мен БҚО табиғаи ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы арасындағы 2012 жылдың 25 мамыр (№31) шаруашылық келісімшарт 190,0 мың. теңгеге жасалды. Жобаның ғылыми жетекшісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б. Медешова тағайындалды және жобаға университеттің 3 ғалымы тартылды.

26 наурыз 2012 жылғы №10, №12, №13 келісімшарттар негізінде филология ғылымдарының кандидаты Р.Б. Сұлтанғалиеваның ғылыми жетекшілігімен келесі үш жоба жүзеге асырылды: «Қуыр, қуыр, қуырмаш» байқауын өткізу үшін 229,0 мың теңге; «М. Мақатаевтың атындағы көркем оқу облыстық байқауы» жобасын іске асыруға 242,0 мың теңге; «Тілдарын-2012» облыстық деңгейдегі республикалық олимпиада ұйымдастыру бойынша 198,0 мың. теңге. Барлық қаражат БҚО тілдерді дамыту басқармасынан бөлінді. 5 университет ғалымдары жобаны ұйымдастыруға қатынасты.

Есептік жылда Жас ғалымдар кеңесінің ұтқан және іске асырған жобаларының жалпы құны 3000,0 мың теңгені құрады. БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен жоғары деңгейде «Ғылым және білім: даму тетіктері» халықаралық жас ғалымдар форумы, «Жас ғалым-2012» облыстық инновациялық байқауы, «Х. Доспанова – қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы» және «Алаш Орда және тәуелсіздік» атты республикалық ғылми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 2012 жылы университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен және өзге мекемелерден 89 280,8 мың теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылды өткен 2011 жылмен (13 596 мың теңге) салыстыратын болсақ, 2012 жылғы ғылымға бөлінген қаржы 75 684,8 мың теңгеге артқан.

2008-2012 жылдары ғылыми жұмыстар мен шараларды ішкі қаржыландыру көлемі 25,0 млн. теңгеден 89,3 млн. теңгеге өсті (1 сурет).



М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ғылыми жұмыстар мен шараларды ішкі қаржыландыру динамикасында, факультеттер арасында жоғары көрсеткіш жаратылыстану-географиялық факультеттіне тиесілі. 2012 жылы жаратылыстану-географиялық факультетіне 71,2 млн. теңге (79,7%), филология факультетіне 10,3 млн. теңге (11,5%), физика-математика факультетіне 2,5 млн. теңге (2,8%), тарих және құқық факультетіне 2,0 млн. теңге (2,3%), экономика және басқару факультетіне – 0,3 млн. теңге (0,3%). Жас ғалымдар кеңесі жобалары 3,0 млн. теңге (3,4%) құрайды. ҒЗЖ бойынша қаржыландыру педагогика факультеті мен мәдениет және өнер факультетінде жоқ (2 сурет).

1-сурет. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу

жұмыстарына 2008-2012 жылдары бөлінген қаржы динамикасы

Қаржы көзін тарту мен ҒЗЖ және шараларды ұйымдастыру бойынша химия, тілдерді оқытудың практикалық курсы, Қазақстан Республикасы тарихы, биология және экология, информатика және қазақ филологиясы, экономикалық теория мен бизнес кафедраларына тиесілі (2-кесте).
2-сурет. 2011-2012 жж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет