Ғылыми кеңесі


-2013 оқу жылының І жарты жылдығындағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы



бет6/11
Дата26.06.2018
өлшемі2,02 Mb.
#44844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2012-2013 оқу жылының І жарты жылдығындағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы

ақпарат
Үстіміздегі 2012-2013 оқу жылының І жарты жылдығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінің 2012 жылдың 24 қыркүйегінде бекітілген жоспарына сәйкес 5 мәжіліс өткізілді. Барлық жоспарланғаны - 12 мәселе, 5 мәжіліс барысында 13 сұрақ тыңдалды. 2012 жылдың 27 тамызында өткен 1-мәжілісінде жоспардан тыс «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті РМҚК-ның құрылымын бекіту туралы» мәселе қаралды

Қаралған мәселелердің 6-ы ұйымдастыру шараларын, 5-і оқу-әдістемелік жұмыстарды қамтыса, 2-уі ғылыми зерттеу жұмыстарын талдаған.

Өткен оқу жылындағы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы мерзімінің аяқталуына сәйкес Ғылыми кеңес мәжілістеріне шығарылып отырды. Атап айтсақ 27 тамыздағы №1 мәжілісте:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында қойылған басты міндеттерді жүзеге асыру және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жаңа оқу жылына дайындығы туралы І проректордың есебі тыңдалып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаңа оқу жылына дайындығы қанағаттанарлық деп есептелген.

24 қыркүйектегі №2 мәжілісте:

Күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің 2011-2012 оқу жылындағы жазғы сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары қаралған. Бұл мәселе бойынша қаулыға сәйкес төмендегі шаралар атқарылып жатыр:



  1. Студенттердің 2012-2013 оқу жылының қысқы сынақ емтихан сессия-сына жіберілуі 99,5 % қамтамасыз етілді

  2. Пәндер бойынша тест тапсырмалары уақытылы әрбір кредитке 100-150 сұрақ көлемінде құрастырылды. Экспертік сараптамадан өтіп, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Факультеттердің оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылып бекітілді.

  3. Студенттердің сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі кафедра, деканат тараптарынан бақылауға алынып, қадағаланды. Топ кураторлары, пән оқытушылары тьютор, электрондық журналдарда мәліметтер уақыты-лы ресімделді.

  4. 1 - курс студенттері ағымдағы бақылауды компьютерлік тест арқылы (қазан, қараша) 100% өтті.

  5. Үлгермеушілік себебіне талдау механизмі мен әдісін жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда.

  6. Тест тапсырмаларының қоры 1-курс студенттеріне Махамбет, 2-курс Платон, 3-4-курс студенттеріне Эдитор жүйесінде дайындалды. Қысқы емтихан сессиясының тесттері белгіленген мерзім бойынша талапқа сай бөлімге тапсырылды.

  7. Қосымша семестрге қалған студенттер тіркеуден өтті. Сабақ кестесі бекітілді.

  8. Эксперттік комиссия мүшелері өзара сабаққа қатысу кестесі бойынша дәрісханалық сабақтар мен СОӨЖ-дің өткізілуін үнемі бақылауда, нәтижелері өзара қатысу журналына тіркелген.

29 қазанында өткен 3-мәжілісінде

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2011-2012 оқу жылындағы жұмыс нәтижесі бойынша құрылымдық бөлімшелердің және ПОҚ рейтингінің қорытындысы талқыланып, ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу-әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысы бағыттарының әрқайсысынан 100 не одан да жоғары балл жинаған 56 оқытушыға ректордың бұйрығымен алғыс жарияланып, Алғыс хат тапсырылған.

Осы мәжілісте 2012-2013 оқу жылына МАК төрағаларының канди-датурасы және магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмысының тақы-рыптары мен ғылыми жетекшілері бекітілген.

26 қарашасында өткен 4-мәжілісінде



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2011-2012 о.ж. жұмысының нәтижесі қаралып, қабылданған қаулы бойынша төмендегідей шаралар атқарылып отыр:

  1. Білім беру бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыруға, соның ішінде сараман базасын кеңейтуге жұмыс берушілерді тарту тәжірибесі дамытылуда. Мәселен, сараманды ұйымдастыру үшін жыл басында педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтар бойынша сараман өту базасына талдау жасалып, соның нәтижесінде жылдық жоспарға түзетулер мен өзгертулер енгізіліп бекітілді. Сараман базасында барлығы 155 келісімшарт, оның ішінде педагогикалық емес мамандықтарда - 98, педагогикалық мамандықтарда - 57 келісімшарт жинақталған. Бұл мәлімет үнемі жаңғыртылып, көбейтілуде.

  2. Білім алушылар мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыстар жоспарлы негізге көшірілуі үшін академиялық ұтқырлық стратегиясы мен жоспары бекітілді.

  3. «Махамбет» ақпараттық технологиялар паркі ашылды. Ол заманауи интерактивті жүйелермен жабдықталған мамандандырылған жараты-лыстану ғылымдарының (физика, химия, биология) интерактивті, виртуалды ІТ, оқу теледидар зертханалар кешенінен тұрады. Аталмыш парк құрамында ұтқыр компьютерлік техникамен жабдықталған ғаламтор-кафе, мультимедиалық кабинет , бейнеконференция залы Wi-Fi аймағы бойынша ғаламторға еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, «жаңашылдық жолымен оқытуға» арналған ортаны қалыптастырады.

  4. ПОҚ кадрлық құрамының ғылыми әлеуетін көтеру жұмыстарын жетілдірілу мақсатында факультет пен кафедралар 2015 жылға дейінгі ғылыми-педагог кадрларды дайындау бағдарламасы жасалып жатыр.

  5. Академиялық мәселелер және Болон процесі жөніндегі департамент, факультет пен кафедралар 2012 жылдың 12-13 қарашасында өткен бітіруші курс студенттерінің алғашқы оқу жетістігін сырттай бағалаудың нәтижесіне талдау жасаған. Жоғарғы оқу орнында оқу жетістіктерін сырттай бағалау оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 2012 жылдың 12-14 қараша аралығында 12 мамандық бойынша өткізілді. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға жіберілген студенттер төмендегідей нәтижелер көрсетті:

    • 100 балдан төмен жинаған студенттер саны 52 немесе көрсеткіші - 20,1%;

    • 100 балл және одан жоғары жинаған студенттер саны 207 немесе көрсеткіші - 79,9%.

  6. Білім беру бағдарламаларының республикалық рейтингіне қатысу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  7. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының түрлері жетілдірілуде. Атап айтқанда, веб-сайт арқылы талапкерлердің қызығушылығын арттыру, онлайн және оффлайн режимдерінде кеңес беру, колледж түлектері арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тұрақты үгіт бригадасын құрып, оның құрамына техникалық хатшыларды тарту, жарнамалық өнімнің дизайнын, мазмұнын жаңғырту, т.с.с. инновациялық тәсілдер пайдаланылуда.

  8. Студенттер мен магистранттардың арасында дін мәселесіне қатысты ағарту жұмыстарын күшейту бағытында білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттерді діни сауаттылыққа шақыратын «Дін тарихы мен діни ұғымдар» тақырыбындағы дәрістер, «Жастар сектаға қарсы» атты флэш-моб, жатақхана студенттеріне арналған семинар, республикалық ақпараттық – насихаттық топ мүшелерімен дін тақырыбындағы кездесу, «Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында кураторлық сағаттар, «Біз, жастар сектаға қарсымыз» атты кездесу кеші, «Адасушылықтан діни сауаттылыққа» тақырыбындағы танымдық кеш, «Шынықсаң, шымыр боларсың» атты спорттық акция, «Дін – діңгек, тіл- тірек», «Секта дегеніміз не?» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, БҚО Дін істері департаментінің қызметкерлерімен кездесу, «Дінде экстремизм жоқ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Көрсетілген іс-шаралар студент жастарға, топ кураторларына діннің тарихы мен діни ұғымдар туралы мол ақпараттар беріп, теріс діни ағымдардан сақтанудың және оның алдын алудың жолдарын үйретті.

Осы мәжілістегі 2-мәселе бойынша 2012-2013 оқу жылына күндізгі және сырттай оқу түрі студенттерінің диплом жұмыстары/жобалары, біліктілік жұмыстарының тақырыптары мен сарапшыларының тізімі бекітілген.

24 желтоқсанында өткен 5-мәжілісінде



  1. Университетте қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы.

  2. Ғылыми-зерттеу шаруашылық келісімшартардың орындалуы және ПОҚ-ның ҚР БҒМ гранттық байқауларына қатысуы туралы мәселелер күн тәртібінде қаралған.

1-мәселе бойынша БҚМУ-да қашықтан оқытудың желілік технологиясын эксперимент түрінде енгізу, яғни Moodlе жүйесін меңгеру, ұсынылған оқыту әдістемесін пайдалану және қашықтан емтихан өткізу қолданылады.

2-мәселе бойынша 29 қазан 2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2013-2015 жылдарға арналған грантық қаржыландыру байқауын жариялады. Бұл байқауға университет атынан 28 өтініш тапсырылды.

Ең жоғары көрсеткіш тарих және құқық факультетінде, тапсырылған жобалар саны 7, содан кейін, жаратылыстану - география факультетінде 6 жоба, педагогика факультетінде 5 жоба, экономика және басқару факультетінде 5 жоба, филология факультетінде 3 жоба, физика және математика факультеттеріне 2 жобадан келеді. Биология және экология, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедралары 4 жобадан дайындап ұсынды.

Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығына жолданған 28 жобаның техникалық талаптарына сәйкес деп танылған 27 жобасы қабылданды.

Ғылыми кеңесте университеттің ішкі құжаттары қаралып, оқу үрдісін ұйымдастыру және өзге оқу орындары мен ұйымдардан шақырылған оқытушылардың еңбегіне ақы төлеу, студенттер мен магистранттарға қайта қабылдану, ауысу, пререквизиттерді тапсыру кезінде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер туралы, ректорлық грант тағайындау, т.с.с. ережелер бекітіліп, көптеген ағымдағы мәселелер қаралған.

Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары мен хаттамалары қазақ тілінде жазбаша және электронды түрде жүргізіледі. Кеңес жоспары қыркүйек айында университет сайтына орналастырылды. Сонымен қатар барлық Ғылыми кеңес мәжілісінің күн тәртібі мен қаралатын мәселелер бойынша материалдар сайтқа орналастырылып отырады. Оқу жылының басында Ғылыми кеңеске әзірленетін материалдарды тапсыру талаптары сайтқа орналастырылған.



Комиссия төрағасы: Тасмағамбетов Ә.С.

Мүшелері: Медешова А.Б.

Жұмағалиева Б.Б.

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ.М.УТЕМИСОВА

ИТОГОВЫЙ ОТЧЕТ

по использованию государственного гранта

лучший преподаватель ВУЗа – 2011 года

доктора экономических наук, профессора ЗКГУ

ЛИЛИИ МЕРГАЛИЕВОЙ


Телефоны для связи:

рабочий 8(7112)535846

домашний (7112)513694

мобильный 87772147679

e-mail: merlil@yandex.ru
____________ Л.Мергалиева

ОПИСЬ ДОКУМЕНТОВ



  1. Выписка из протокола ученого совета с рекомендацией к утверждению отчета обладателя гранта ……………………………….




  1. Годовой план график …………………………………………………….




  1. Текстовый отчет с приложением подтверждающих документов …..




  1. Финансовый отчет с приложением подтверждающих документов…………………………………………………………………


ГОДОВОЙ ПЛАН-ГРАФИК РАБОТ

на 2012 год

доктора экономических наук, профессора Мергалиевой Л.И.


№№

пп

Мероприятия

Время проведения работ

1

Выпуск монографии «Избранные труды: управление государственной собственностью Республики Казахстан»


Сентябрь 2012 г.

2

Публикация научных статей в рейтинговых журналах на английском языке – 2 статьи


Май, октябрь 2012 года

3

Публикация научных статей в научных журналах, рекомендованных Комитетом МОН РК – 2 статьи


В течении года

4

Тренинг для студентов специальности государственного и местного управления «Основы формирования эффективного взаимодействия государства и бизнеса»


Март 2012 г.

5

Научно-методический семинар-тренинг для научных и педагогических работников вуза на тему «Современные методы преподавания экономических дисциплин»


Март 2012 г.

6

Научная стажировка в РУДН г.Москва


Май-июнь 2012 г.

7

Представление итогового отчета


Декабрь 2012 г

ОТЧЕТ О ВЫПОЛНЕНОЙ РАБОТЕ В СООТВЕТСТВИИ С ГОДОВЫМ ПЛАНОМ-ГРАФИКОМ

1. Стажировка за рубежом
В настоящее время особую значимость и необходимость имеет развитие системы высшего образования в Казахстане по стандартам мирового уровня. Следовательно возрастает роль прохождения стажировок, повышение квалификации профессорско-преподавательского состава в ведущих зарубежных вузах.

Так, в соотвествии с годовым планом-графиком в 2012 году была запланирована зарубежная стажировка в Российскую Федерацию в РУДН Российский университет дружбы народов. В связи с тем, что в начале 2012 года было получено приглашение пройти повышение квалификации в г. Барселона (Испания) на базе ведущей европейской школы бизнеса IESE Business School, состоялась стажировка в дальнее зарубежье.

Согласно авторитетным рейтингам бизнес-школа IESE является одной из лучших бизнес-школ. У IESE есть кампусы в Мадриде, Барселоне, Мюнхине, Сингапуре, Нью-Йорке, Пекине. Более 32 000 выпускников (alumni) различных программ работают в более 100 странах мира.

Страна: Королевство Испания.

Город: Барселона, IESE Business School Avda. Pearson, 21, 08034 Barcelona, Spain.

Цель поездки: принять участие в программе повышения квалификации IFP-development (International Faculty Program), предназначенной для развития ППС вузов. В рамках данного программы основной целью являлось получить опыт обучения кейсовым технологиям, совершенствовать навыки преподавания на базе современных технологий ведущих бизнес-школ; повысить профессиональный и личностный рост; получить знания в европейских подходах к администрированию бизнес-школ; установить научные связи с зарубежными учеными.

Итоги: была осуществлена стажировка в ведущем европейском ВУЗе IESE Business School. В условиях вхождения в глобальное образовательное пространство, присоединения к Болонскому процессу, развития автономности ВУЗов большую значимость имеет приведение казахстанских учебных программ к европейскому уровню. Полученные знания внедряются в учебный процесс, применяются при формировании модульного обучения на базе компетентностного подхода.

Обучение IFP-development идет на английском языке, в нем принимали участие 35 профессоров из 22 стран мира. Это такие страны как Великобритания, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Нидерланды, Пакистан, Швеция, Хорватия и т.д.. В 2012 году Казахстан впервые был представлен в списке стран.



В программе обучения принимают участие проректора, деканы, директора исследовательских центров, ученые, профессора. При этом средний возраст составляет 38 лет, средний стажа работы в университете- 8 лет, 90% международный состав (рисунок 1).
Рисунок 1. Характеристика программы International Faculty Program – development.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет