Филология факультеті



бет17/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.
zhb kazak-tili-oytu-kazai-tilde-emes 2kl kaz, пед гос (копия)
Сабақтың нәтижесі:

  • студент А. Жүйнеки мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Ислам мәдениетіне үлес қосқан Сыр бойы әдебиетінің өкілі А. Жүйнеки болғандығы. Еңбегін араб тілінде атағанымен, кітабын түрік тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалағандығы. А. Жүйнеки өз бәйіттерінде өмірде не нәрсе құнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген мәселелерді көтергендігі. Сонымен бірге, менмен-тәкаппарлық, дүние-мүлікке құмарлық, еріншектік сияқты т.б. жағымсыз нәрселерден сақтандыратындығы. «Өлеңдеріндегі» негізгі айтпақ ойларды: имандылық, адалдық, адамгершілік мәселелері екендігі. Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі А. Жүйнеки. Өйткені, оның даналық ойларының маңызы күні бүгінге дейін төмендеген емес. «Ақиқат сыйы» шығармасымен мәшһүр болған тұлғаның қаламынан сусындаған жолдар елдің рухани азығы мен тәлім-тәрбиелік қасиеттерін молайтуға ықпалын тигізері айдан анық.


Басқа түркі ескерткіштері сияқты "Ақиқат сыйы" да түркі халықтарының тіл тарихын, әдебиетін, тарихын және басқа да ерекшеліктерін танып-білуге таптырмайтын қүнды еңбек екендігі. Әсіресе, дидактикалық-моральдық мазмүндағы әдебиет ретінде танылатындығы. Шығарманың негізгі идеяларын айту бесінші тараудан басталатындығы. Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны, тілді тыйып үстау, жомарттық пен сараңдық, кішіпейілділік пен тәкаппарлық сияқты түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық уағыз-өсиет айтылатындығы.
Ахмет Йүгінеки - әрбір сөзді ажарлап та, қүбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден түрады. Ақын өзі айтып отырған қүбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мысалы, білімді адам - таза алтынға, надан кісі — қүны жоқ жалған ақшаға, білімді әйел - ер-жігітке, ал білімсіз еркек — әйелге, шын сөз - балға, жалған сөз - пиязға теңеледі. Сондай-ақ, дастанда сараңдық - ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық - алқызыл роза гүлі секілді теңеулер де бар.
Түйіндеп айтсақ, ислам дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі Ахмет Йүгінекидің "Ақиқат сыйы" дастаны - өз замнының көкейтесті мселелерін - ақыл-парсатты, білімділікті, қарапайымдылықты, әдеппен сөйлеуді, кішіпейілділікті сабырлықты, т.б. ізгі қасиеттерді этикалық-дидактикалық сарында жырлаған көркем туынды.
Біз "Ақиқат сыйы" дастанының идеялық-тақырыптық бағытына, композициялық қүрылысына, көріктеу қүралдарына жырдың метрикалық жүйесіне біршама талдау жасадық. Содан шығатын қорытынды "Ақиқат сыйы" дастаны өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ мүра болып табылады. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет