Филология факультетінің оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану туралы есеб І


Студенттік кәсіподақтың мәдени - спорттық іс шараларды қаржыландыруы



бет2/3
Дата05.06.2017
өлшемі0,6 Mb.
#17810
1   2   3

Студенттік кәсіподақтың мәдени - спорттық іс шараларды қаржыландыруы


1.7. Полицияға жәрдемдесетін студенттік жасақтың жұмысы.

2004 жылдан бері университетімізде студенттік полиция жасағы жұмыс жасап келеді. Бұл жасақ негізінен заң мамандығының студенттерінен құрылып, жұмыстанған болатын. 2008 жылы университетіміздің барлық бөлімдерінде оқитын студент жастары «Полицияға жәрдемдесетін студенттік жасақ» құрамына кіруге мүмкіндік алды. Оған себеп заңдылықты бұзудың алдын алуда ішкі істер және басқа да құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге бағытталған бірлескен қызметті енгізу мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қалалық Әкімдігі және БҚО Ішкі істер департаменті арасында үш жақты келісімге қол қойылуы болатын. Жалпы өз еріктерімен ниет білдірген 26 студенттің тізімі жасалып, бекітілді. Қазіргі таңда олардың саны 29-ды құрайды. Олар жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде сағат 18:00 – 22:00 аралығында оқу ғимаратының және оның аумағын қадағалап, мерекелік шараның алаңсыз, тыныш өтуіне жағдай туғызып, кезекшіліктер атқаруда. Негізгі жұмыстары полицияның учаскелік бөлімшелерінде кезекшілік міндеттерін атқару, учаскелік инспекторлармен біріккен бақылау рейдтеріне шығу, құқықбұзушылық фактілеріне байланысты хаттамалар толтыру секілді міндеттерді қамтыды. Студенттердің көпшілігі куәгер ретінде де өз пайдаларын тигізіп, тәртіп бұзушыларды құрықтауға ұйытқы болды. Аптасына үш реттен болған кешекшіліктерде студентердің үйренгені аз емес. Мәселен, маскүнемдермен жұмыстану бағыты, қарулары бар қала тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және миграциялық карталардың мерзімі өткен өзге ұлт өкілдерінен түсініктемелер алу сияқты бір қарағанда сырт көзге оңай жұмыс көрінетін бірақ, жауапкершілігі мол іс болып табылатын мұндай бағыттарды біздің студенттердің игергеруі – олардың жетістігі деп білеміз.

2009 жыл 20 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаметі, Орал қалалық әкімшілігінің қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жасақ құрамы қаламызда тұңғыш рет полицияға жәрдемдесетін студенттік жасақтардың слетін өткізді.

Слетке қатысқан полиция жасақ құрамының бес мүшесі қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен, бес студент БҚО ІІД бастығының алғыс хатымен марапатталды.


1.8. Университет студенттерін еңбекке баулу, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында жұмыс.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жазғы демалыс кезінде өз еріктерімен жұмыс жасаймын деген студент-жастарды еңбекке жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Өткен жылғы ІІІ еңбек семестрінде университеттен 6 студенттік құрылыс жасағы, 3 жасыл ел жасағы құрылып, жұмыс атқарды. 2010 жылдың 30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ІІІ еңбек семестрінің салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.

Қорытынды бойынша біздің университет «Үздік оқу орны» номинациясымен марапатталды. «Үздік ұйымдастырушы – 2010» номинациясымен университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі М.И.Истаев марапатталса, «Үздік жасақ – 2010» номинациясына университет жанынан құрылған «Фемида» студенттік құрылыс жасағы мен «Томирис» «Жасыл ел» жасағы лайық деп танылды. Сонымен қатар, ІІІ еңбек маусымында белсене атсалысқаны үшін «Болашақ» жасағының командирі М.Сралиева, «Фемида» жасағының сарбазы А.Мустафа, «Атамекен» жасағының сарбаздары М.Қаресов, Н.Айтбаев, «Семсер» жасағының командирі Д.Есқали арнайы Алғыс хаттарға ие болды.

Жастық шақтарынан еңбекке үйреніп, қоғамда өз орнын табуға ұйытқы болып отырған осы студенттік ұйымдар олардың жоғары білікті маман болып қалыптасуына және биік жетістіктерге таза еңбек арқылы жетуге тәрбиелейді. Айтулы бағытта жүргізіліп жатқан университеттің жұмыстары жыл сайын оң нәтижелерін беріп келеді.


1.9. «Достық» клубы – БҚМУ студенттері арасында ұлтаралық келісім саясатын жүзеге асырушы қоғамдық ұйым.

2006 жылы университет ректорының қолдауымен студенттік кіші ассамблея құрылды. Студенттік ұйымның негізгі мақсаты - БҚМУ студенттері арасында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік тіл саясаты мен ұлттық әдет-ғұрыпты насихаттау, толеранттылыққа баулу, жастар арасында достық қарым – қатынас орнату болып табылады. Бүгінде бұл ұйым «Достық» студенттер клубы деген атаумен жұмыстарын атқаруда. Университетте білім алып жатқан орыс, әзірбайжан, татар, грек, шешен, корей, авар, қырғыз, украин, башқұрт, балгар, армян, беларус, неміс - барлығы 14 ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, студенттер арасында ұлтаралық татулық пен салауатты өмір салтын насихаттап жұмыс атқарып келеді. Орыс ұлтын қоспағанда, аталған ұлт өкілдерінің ішінде 11 студент қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Олар қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өткізіліп жатқан мемлекеттік тіл біліктігіне арналған конкурстарда университеттің намысын қорғап жүр.

Клубтағы белсенді студенттер мен ғылыми кітапхананың бірлесуімен арнайы Ассамблея бұрышы ашылды. «Достық» студенттер клубының мүшелері Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған аймақтық форумға белсенді қатысты. «Тарих шындықты айтады» атты баяндамасымен форумға қатысқан «Достық» клубының төрайымы О.Голубова достық пен рухани келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін БҚО әкімі, Қазақстан халқы ассамблеясының БҚО бойынша төрағасы Б.С.Ізмұхамбетовтың атынан арнайы Алғыс хатқа ие болды (22.10.2010.)


Қорытынды
Университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысына қорытынды жасайтын болсақ, жалпы өз ережелерінде көрсетілген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, тәрбие беру үрдісіне тыңғылықты атсалысып келе жатқандығын көреміз. Университетте білім алып жатқан 3233 студенттің 2150-інің қызығушылығын тудырып, мүшелікке алған осы ұйымдардың қызметі студенттер үшін өз таланттарын шыңдауға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға және жастар арасында өзекті мәселеге айналып отырған құқықбұзушылықтың алдын алуға зор септігін тигізуде. Бұл оқу орнымыздағы білім алушылардың - 66,5%. Аталған ұйымдардың нәтижелі жұмыстарын негізге ала отырып, осындай жастар бірлестіктері алдағы уақытта да қажет деп есептейміз және болашақта олардың санын көбейтіп, маңыздылығын арттыруымыз керек.

Әр жұмыстың нәтижелі күшті жақтарымен қатар, әлсіз жақтарының да болатыны белгілі. Сондықтан да ағымдағы оқу жылында осы жастар ұйымдарының жұмысын жүйеге келтіру қажет деп есептейміз. Ол үшін, біріншіден, БҚО ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне түрлі деңгейдегі әлеуметтік, ғылыми бағыттардағы жобаларды жазуға үйрететін арнайы курстарды ұйымдастыруымыз қажет. Екіншіден, облыстық деңгейде жарияланатын гранттық жобалар конкурсына сапалы жоба ұсыну үшін жастар қоғамдық бірлестіктеріне кеңесші ретінде жас ғалымдарды, магистрларды және оқытушыларды бекіту керек. Сонымен қатар, әлеуметтік, ғылыми және инновациялық жобаларды дайындауда барлық студенттік ұйымдар мен бірлестіктерді университет жанындағы студенттердің ақпараттық жобалар зертханасына топтастыру керек. Үшіншіден, қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін университетте оқу, ғылым, тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін барлық іс-шараларға осы ұйым мүшелерінің 100% қатысуын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Бұл өз кезегінде жастар қоғамдық ұйымдарының жұмыс сапасының артуына және аталған кемшіліктердің жойылуына септігін тигізетініне сеніміміз мол.
ІІ. Университеттегі үйірмелер жұмысы.
Университ деңгейіндегі жастар қоғамдық ұйымдары мен қатар, институттар мен факультеттерде оқытушылардың жетекшілігімен бірнеше ғылыми, шығармашылық, спорттық, әдеби және интеллектуалдық бағыттардағы үйірмелер жұмыс жасайды. Оқу жылының басында әрбір құрылымнан үйірмелер туралы мәліметтер жинақталып, ақпараттық база жасалды.
2 кесте




Құрылым атауы

Үйірмелер саны

Студенттер саны




Мәдениет және өнер институты

21

350



Экономика және басқару институты

6

123



Филология факультеті


14

198



Жаратылыстану және математика факультеті

8

161



Педагогикалық факультет


25

333



Тарих және құқық факультеті

8

108







82

1273


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет