Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет6/12
Дата03.04.2018
өлшемі2,27 Mb.
#40077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Келесі сабақ тапсырмасы:Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы мәтін бойынша презентация дайындау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін)


3-тақырып. Қазақ заңдарының түп-төркіні.

Сабақ мақсаты: Құқықтық дискурс қызметінің ерекшеліктерін түсіндіріп, заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық құруға баулу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Заң мәтіндері, өз кезегінде, жаргондарды баспасөзден аударып беруге тырысады, алайда, одан оның эмоциялық бояуы бәсеңдеп, түсіндіруі тиіс көп сөзділікке барады.

Майталман, кәнігі, құныққан, әдетке айналдырған, кәсіби, баукеспе сөздері қолданылады. Осы сөздер арқылы заң тіліне ерекше бояулар беріледі. Құқық қорғау органдарына нелер жатады? деген сауалға қатысты сот органдары, прокуратура органдары, әділет органдары мен мекемелері, тергеу және алдын ала тергеу органдары, салық және қаржы, кеден органдары деген сөз тіркестері арқылы кәсіби тіл байлығы қоры толықтырады. Өкілетті мемлекеттік органдарға заң мекемелері, заң шығару органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен жергілікті басқару органдары жатады. Ал заңдық күші бар нормативтік актілерге: Президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жатады. Тәртіптік жазалау түрлері: ескерту, сөгіс, жеке еңбек келісімшартын бұзу кіреді. Қызметтік қару түрлеріне шолақ қару, тапанша, ұзын дүмді тегіс және кесілген қару; сот сараптамасына енетін түрлерге алғашқы, комиссиялық, кешенді, қосымша, қайта сараптамалар кіреді. Жылжымайтын мүлік түрлері: жер телімдері, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер, жермен байланысты басқа да мүліктер; құнды қағаздарға: облигация, коносамент, акция, заем, пай т.б. жатады. Аталған мысалдардан заңгерлердің кәсіби тілінің ерекшеліктерін көреміз. неге не қатысты, не неге қатысты сауалдарын қою арқылы ойлау жүйесін кәсіппен байланыстыра отырып сөз тіркестерін аламыз. Аталмыш сөз қолданыстары мәтіндерді мазмұндауда жүзеге асырылады, іс тоқтатылады, жауапқа тартылады т.б. сөз тіркестері жүйелі қолданылады.

Етістікті және есімді сөз тіркестерімен жұмыс істеу үшін мәселені талдау, талқылау, парламентке жолдау, іс қарау, құжат толтыру, іс қозғау, күш көрсету, біржолғы жәрдем, өкілеттік беру, қос азаматтық, кеден алымдары т.б. қолданылады. Бұл тіркестердің әрқайсысымен сөйлем құрастыра отырып, студентпен белсенді жұмыс жүргізуге болады.

Кәсіби қазақ тілін үйретуде басшылыққа алар қағидат – мектеп пен жоғары оқу орнындағы қазақ тілі пәнінің жалпыға міндеттілігі. Алайда, үстіміздегі оқу жылында заң факультетінің орыс бөлімінде 1-курс студенттерінің оқу бағдарламасында қателік орын алды. Өйткені, жалпыға міндетті қазақ тілі пәнімен қатар кәсіби қазақ тілі пәні таңдау ретінде қатар 1-семестрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде студенттің кәсіби тілді меңгеруіне көптеген қиындықтар әкеледі. Мәселен, тілдің грамматикалық бөлімін, сөздердің байланысу тәртібін , сөйлем түрлерін оқып-білмейінше, өз мамандығына қатысты мәтіндермен, кәсіби құжаттарды жасаумен айналысу ауыр тиетіні белгілі. Ендеше, оқу жоспарын алдымен міндетті қазақ (орыс) тілдерін оқытуға, кейіннен кәсіби қазақ тілін оқыту дұрыс болар еді.

Соңғы кезде қазақ тіліндегі заңдардың қоғамда қолдануға қолайлы, тиімді болуы үшін олардың бірінші кезекте сапалы жазылуы талап етіледі. Кейбір заңдардың мәтіндеріндегі ойды түсіну қарапайым халыққа қиын түсетіні де рас. Заң саласында орыс заңгерлері С.С.Алексеев, И. Грязин, С.А.Боголюбовтің еңбектерімен қатар Н.А.Власенконың «Құқық тілі» (1997), А.С.Пиголкиннің редакциясын басқаруымен «Заң тілі» (1990) атты іргелі зерттеулері арнайы заң мәтіндерінің, заңнамалық актілердің тілін, қылмыс әлемі лексикасын қарастырды.

Қылмыс туралы мәтіннің тілдік қабылдану, пайымдау ерекшелігі тұрғысынан сөз ете отырып, оның көпшілік қолданысына негізделіп жасалған мәтін болғандықтан, күнделікті құқық саласының өмірінде жиі пайдаланатындықтан, екіншіден, қабылдауға икемді, жеткізу жағы сапалы болғаны орынды. Бұл тұрғыдан осы қылмыстық құқық мәтіндері арқылы ойлау мен тіл бірлігін екінші қырынан қарастыра отырып, яғни, ойдың тілде берілу деңгейін оның қабылдаушы тарапынан қабылданушы деңгейін қарастыра отырып дәлелдеуге болады. Тіл қандай да бір ойды жеткізу құралы екені белгілі. Бұл оның негізгі қызметі болып саналады. Тілші-ғалым З.М.Шаляпина «тілдің белгілі қызметті атқарып, ойды жеткізуі барысында «мағына мәтін» моделдерінің арасындағы байланыс қатаң сақталады», – дегені осы орайда орынды айтылған.

Тіл арқылы берілген ойды беруге негізделген мәтіннің қабылдануы оның түсініктілік деңгейіне байланысты. Түсініктілік деңгей туралы Г.Е.Крейдман, А.К.Поливанова еңбектерінде айтылады. «Бір мәтіндер жеңіл түсініледі, екінші мәтіндер қиындықпен түсіндіріледі, ал үшіншілері «түсініксіз мәтіндерге» жатады», – дей келе, ішкі құрылымдық тілдік құралдардың орналасу тәртібімен байланысты екенін айтады.

Заң мәтіндері, оның ішінде, қылмыстық кодекс мәтіндері ойды беру тұрғысынан суық қабылданатын ерекшеліктерге толы келеді. Заң мәтіндері жекелеген салаларға қатысты құқықтар мен ерекшеліктерді анықтап берумен шектеледі. Жеке сала мәтіндермен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексінде тікелей барлық қылмыс түрлерін қамти отырып, сол қылмыс түрлері жасалған жағдайда соларға қатысты қарым-қатынасты реттеп беретін болғандықтан қылмыстық кодекс мәтіндерінің тілі барынша суық үдерісте жазылып, тыңдаушы немесе оқушы тарапынан да сол бағытта қабылданады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 56-бабының 4-тармағында: «Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оңталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды», – деген бап мәтінінде болымсыздық мағынада жазылған сөйлемнің өзі суық қабылданады.



Қамау, оқшаулау, мәжбүрлеу, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, өзіне-өзі қол салу, әскери қызметтен жалтару, ұрып-соғу, психикалық зардап шегу, зорлау, науқасқа көмек көрсетпеу т.б. суық стильді сөздер мен сөз тіркестері халық арасында «жаман» ұғымын түсіндіруге бағытталады.

Заң мәтіндері ресми мәтіндер қатарына жатады, сондықтан да лексикалық тұлғалар қайталанып келе береді. Бір мәтіннің бойындағы ұдайы қайталанатын тұлғаларды «сериялық қолданыстар», «стандарттар», «біртектілік, штампы» деген атаулармен беруге болады. Бұл ресми-іскери стильдің басты сипаты болса, заң мәтіндеріндегі міндеттеуші пайымдау да осы қайталанба сөздерді басшылыққа алады. Айқындау, қолдану, жүзеге асыру, шектеу, болып табылады, босатылады, құқылы, жауапқа тартылады т.б. сөздер мен сөз тіркестері заң мәтіндеріндегі «жауаптылық» пайымдауын көрсету үшін қолданылады. Немқұрайдылық, салғырттық сөздерінің заң мәтіндерінде қолданылуы қазақ тіліндегі салақтық сөзінің орнына қолданылып, «жауапсыздықпен қарау» мағынасының прагматикалық мәнін аша түседі, бұл небрежность, халатность сөздерінің мағынасын толыққанды түсіндіреді.

Қылмыс-қоғам айнасы болса, адам қоғамы қылмыссыз болмайды. Қылмыстан жирендіру мақсатында суық қабылданар сөздер көп ретте тәрбиелік мәнге ие болады. Зинақорлық, жезөкшелік, жеңгетайлық, әлімжеттік т.б. сөздер жай сөз емес, терминге айналған. Заң мәтіндері тым қарапайым жазылуы мүмкін емес, өйткені ол ойдағы дәлдік пен нақтылықты басқаша түсіндіре алмайды, эмоция-экспрессиясыз жинақы жеткізу үшін де қабылдау ерекшелігі керек.
Келесі сабақ тапсырмасы: Әз Тәукенің Жеті Жарғысын бүгінгі ҚР конституциясымен байланыстырып баяндама жасау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


4-тақырып. Конституциялық құқық негіздері.

Сабақ мақсаты: Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері, заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуациясын, заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормаларын, заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормаларын үйрену.

Сабақтың қысқаша мазмұны:Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік. Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері. «Заңдастырылған нормалар».

Сөйлеу тілі және оның айырым белгілері. Сөйлеу тілінің қолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері.

Кітаби тіл және оның айырым белгілері. Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау,баяндау,пайымдау олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Көркем шығарма жанрларының тілдік ерекшеліктері. Жеке суреткердің стильдік қолтаңбасы.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильдің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты,стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Публицтистикалық шығармалардың тілдік белгілері.

Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал тәсілдері. Іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері.

Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.

Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары. Орфографиялық нормалар. Фонетикалық қағидат. Тарихи –дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар:сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғы шарттары.

Тілдік жүйе және норма. Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы.

Тілдік норма және дағды. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы. Объективті нормаға тән қасиеттер.

Қатаң норма. Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар.

Босаң норма. Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма –тілдің түлеуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы. Аналитизм құбылысының артықшылығы мен кемшілігі.

Тілдік норма және стиль. Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі.

Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы.

Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен байланысты болғандықтан, тіл мәдениетінің ұғымы кең.



Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой‑пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

«Әдеби тіл ­– белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Тілдің әдебилігі сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның (сол тілде) орныққан жүйелі нормалар негізінде ғана жүзеге аспақ» (С.Исаев). Демек, әдеби тіл болуы үшін оның жалпыға ортақ тілдік нормалары болуы сөз мәдениетінің басты белгілерінің бірі.Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті тілдік амалдардың жиынтығы. Әдеби тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде тілдік құралдарды дұрыс қолдану тәртібі, ережесі. Әдеби тілдің нормасы: жалпыға ортақтығымен, түсініктілігімен, міндеттілігімен, тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен ерекшеленеді. Норма әдеби тілдің ауызша, жазбаша түріне міндетті бола отырып, тілдің барлық жақтарын (салаларын) қамтиды.


Келесі сабақ тапсырмасы:Заң тіліндегі актив (пәрменді) сөздерді теріп жазу, олармен мысал келтіру.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


5-тақырып. Азаматтық құқық негіздері.

Сабақ мақсаты: Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилімен таныстыру. Заң шығарушы ресми стиль, клише (тілдік стандарттар), ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмысқа (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу) бейімдеу. Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелерімен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Функционалды стилистикада дау тудыратын көптеген мәселелер бар екені сөзсіз. Ғалымдар көркем сөйлеудегі лингвостилистиканың статусы қандай, функционалды стильді бөліп қарастырудың критерийлері қандай, сөйлеу стилі мен тіл стилін бөлу қаншалықты дұрыс, сөйлеу типтері, сөйлеудің функциональды нұсқалары (типтер, түрлер), тілдің, сөйлеудің функционалды стильдері, сөйлеу стильдері, регистрлер т.с.с. Тұжырымдар мен пікірлердің көптігіне байланысты бір ғана ғылыми жұмыс ішінде олардың барлығын қарастыру мүмкін емес.

Ауызекі сөйлеу – жалпы ұлттық тілдің еркін қарым-қатынаста кодталған кітаби сөйлеумен қарама-қарсы қойылған жағдайда қолданылатын функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу стилі көбіне ауызша-диалогты формада жүзеге асады. Бірақ ол жазбаша мәтіннің ауызекі сөйлеу белгілеріне тән емес деп айтуға болмайды. Ауызекі сөйлеу ерекшелігі әдетте тұрмыстық жағдайда, диалог құрғанда және көркем сөз шығармашылығында қолданылады. Функционалды стилистиканың шегі мен мазмұнын айқындаушы тұжырымдарды анықтауға болады: бірі-біріне қарама-қарсы қойылған және өзара диалектикалық әрекетте болатын ауызекі сөйлеу мен кітаби дәстүрлі тілдік қолдануда жалпыұлттық тілде функционалдық жоспарда екі кіші жүйе бөлінеді: ауызекі сөйлеу және кітаби. Тілдің әртүрлі функционалдық реңктерде болатыны, адам іс-әрекеті осы әрекетті жүзеге асырушы құрал ретінде тілді қолданатыны, «тіл жүйелердің жүйесі» формуласын «Тіл функционалдық стильдердің жүйесі» деп айтуға болатыны көптеген тілдер материалдарымен дәлелденіп, көрсетілген.

Сөйлеудің екі түрін қарама-қарсы қою барлық дамыған әдеби тілдерде болады. Осыған байланысты функционалды-стилистикалық саралау үдерісі әр түрлі тілдерде бірдей жүреді деуге болады. Бұл – тілдің әлеуметтік табиғатын және ауқымды түрде стильдердің экстралингвистикалық шартталатынын дәлелдейтін бір дерек. Қорытындылай келе, мынадай тұжырым айтуға болады: белгілі бір тілдің функционалды-стилистикалық бөлінуі нақты бір тарихи кезеңде құрылуына қарамастан, оған тән сипаты мен іргелі белгісі ретінде кітаби және ауызекі сөйлеудің бірі біріне қарама-қарсы қоятын қасиеті айқын көрініп тұрады. Тілді зертетушілер бірқолдан өзге функционалдық типтерде белгіленбеген ауызекі сөйлеу жүйесіндегі мына экстралингвистикалық стиль түзуші факторларды атайды: шартталған ситаутивтілік, дайындалмағандық, қарым қатынастың бейресмилігі, нақты адресатқа бағытталғаны. Сонымен қатар жалпы лингвистикалық белгілерде белгіленіп көрсетіледі: акцентуация мен интонация құралдарының жоғары белсенділігі; айтылымның рема – темалық (тема үнемі түсіп қалады) ұйымдастырылуы бұзылатын имплициттік; вербальды емес құралдың белсенділігі; нақты лексиканың көп болуы; есімдіктердің белсенділігі; сөйлемдердің толық құрылымдығының болмауы; сөз тудырудың ерекше модельдері; демеуліктердің, одағайлардың, модаль сөздердің, жалқы есімдердің белсенділігі; фразелогизмдердің, мақал-мәтелдердің кең қолданылуы; лепті және сұраулы сөйлемдердің жиі қолданылуы т.б.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Қоғам. Адам. Заң.» тақырыбында реферат дайындау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


6-тақырып. Әкімшілік құқық негіздері.

Сабақ мақсаты: Мәтіннің лексикалық деңгейі, лексика түрлерімен, заң терминдерінің жіктелімімен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.

Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.

  • Арнайы кәсіп сферасында қолданылуымен;

  • Ұғымдарды білдіруімен;

  • Өзіндік грамматикалық жасалу жүйесімен ерекшеленеді.

Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ терминологиясының, лексикасының едәуір бөлігін құрайды.

Қазақ терминологиясының қорына негізгі екі бағытта кірме терминдер енеді:



  • Орыс тілі терминдері.

  • Халықаралық терминдер.

Еуропалық кірме терминдері қазақ лексикасында өте көпкездеседі. Онда екі бағыт байқалады.

  • Бірінші: шетел терминдерін неғұрлым қазақшалап қабылдау.

Мәселен, метод – әдіс, баланс – тепе – теңдік, анализ– талдау, интеграция – бірігу т.б.

  • Екінші: өзге тілден баламасы табылмаған жағдайда тіліміздің

дыбыстық жүйесін ескере отырып қабылдау: солярка-сәләркі,(орфэпиясы) керосин-кірәсін (орфроэпия) резинка-резеңке т.б.

Кірме күрделі терминдерді құрылымына қарай екі топқа жіктеп

қарастырылды:

1. Екі компоненті де өзге тілден енген терминдер. Біріншітопқа: биосфера, кронблок, метаморфоза, термометр,гидростатистика, вискозиметр, борометр.

2. Бір компонентті кірме сөзден екіншісі төл сөзден тұратынтерминдер. Екінші топқа: автокөтергіш, гидросоққыш,автотұрақ т.б.

Бір компонентті төл сөзден, екіншісі кірме сөзден тұратын тіркесті терминдер: бензин буы, газ қондырғылары, цемент ертіндісі, герметикалық құрылғы, бұрғылау мастері, нақтылы диаметр, бұрғы станогі, құбыр муфтасы, бұрғылау технологиясы т.б. Енді осы терминдердің тағы бір ерекшелігі көп жағдайда екінші компонентіне тәуелдік жалғауының үшінші жағында келетін терминдер: газ қысымы, жуу секторы мотор майлары, бұрғылау рейсі, ротор ішпектері, газ торабы т.б. Төл терминдер мен кірме терминдер деп қараудың нәтижесінде ол терминдердің ара салмағы айқындалып, кірме терминдер шығу төркіні жағынан қай тілдің сөздері екені белгілі болады.

Қазақ тілінде калька жолменжасалған терминдер қатарын екігебөлуге болады. Жалпы, калька (фр. calque – көшірме) – өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Әрбір шет тілдік негіздегі бірліктерін аударушы тілдің төл тәсілдерімен көшіріп суреттеу ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі қазақ тіліндегі калька негізінен 6 түрлі болады.


  • Дара терминдер: жарылыс(взрыв), шөгінді (осадки), ілмек

(крюк), талдау (анализ), түйісу(контакт), түп (забой), араластыру(смещение), қабат (слой), қатпар(складка), дабыл (сигнал) т.б. тілде

бар сөздер негізінде туындағандербес сөздер. Дара терминдер орыс

тіліндегі мұндай терминдердіңморфологиялық құрылымынмеңгере отырып, тілде бұрыннан барсөздерінің негізінде пайда болғандербес терминдер.


  • Күрделі терминдер (тіркесті терминдер): сығу дәрежесі (степень сжатия), бұралқы су (сточная вода), құбыр басы (трубная

головка), түпті бекіту (креплениезабоя), айдау қақпағы(нагнетательный клапан), қысымөлшегіш (манометр), тоқ сызығы

(линия тока), аумалы қысым(критическое давление).

Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың жолы калька тәсілі десек,

ғылыми лексикадағы, яғни орыс не шет тілдерден енген сөздерді тұлғалық(құрылымдық), мағыналық жағынан сөзбе-сөз аударуды былайшыкөрсетуге болады:



Мағыналық калька

Көтергіш – лифт

Табиғи – натурально

Қойнау – недро

Өңдеу – переработка

Қозғалтқыш – двигатель

Сынама – проба

Тұлғалық/құрылымдық калька

Автотұрақ – автостоянка

Автожуғыш – автомойка

Автожол – автодорога

Құрғақ газ – сухой газ

Қыздырғыш – подогреватель

Дайындау – подготовка

Тұтынушы – потребитель

Құрылым – структура

Жылу алмасу – теплообмен

Жылу тасығыш – теплоноситель

Калькалау тәсілі арқылы жасалған аударма туралы не айтар едіңіз?

Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Араб тілінен: карз-қарыз, акы, хәзинә-қазына, саясат, шарт, файда-пайда, олжа, өсім, процент,кәсіб-кәсіп, ұтыс, ұтып алу, мирас, маалумат-мәлімет, мулк-мүлік, сафат-сапа.

Ағылшын тілі арқылы кірген нарықты экономикаға байланысты шетел терминдері өзгеріссіз алынады. Төменде солардың біразын мағыналарымен берейік:

Аванс- бірінші,материалдық игілік, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақшалай сома. Екінші, есеп айырысу тә­сілдерінің бірі, онда кредитор (несие беруші) келісім шартта көрсетілген банкіден өзіне тиесілі төлемді келісім шарт жасасқан жақтар белгілеген шарттармен және мерзімінде алады. Үшінші, есеп айырысатын құжат немесе ақша құжаты, ол жөнелтілген тауар үшін тауар-көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен немесе аккредитивті ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын беру жөнінде бір кредит мекемесі басқа бір мекемеге жүктейтін тапсырма.


  • Кірме терминдер дыбыстық құрамы, тұлғалануы мен дыбысталуы жағынан төл терминдерден ерекшеленіп, оқшауланып тұрады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделінбей қабылданғандықтан олар үндестік заңына бағынбай жұмсалады. Интернационалдық терминдерді өз­гертпей қабылдау – өз тіліміздің мүм­кіндігін шектеу деген сөз. Ол туралы академик Ә.Қайдаров «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдарының бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған. Бұл салада біз Қытай, Жапон, т.б. халықтарды жақсы білеміз», – дейді. Қазақ тілінің экономикалық терминдері де өз бастауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем, өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б.

  • Термин - әр елдің өз тіліне аударылып алынса да, мысалы, «еңбек», «ақша» немесе халықаралық сөзбен алынса да, мысалы, «биржа», «банк» «терминал», «валюта», «банкомат» сияқты сөздер бәрібір халықаралық болады, себебі олар халықаралық деңгейде қолданылатын ортақ ұғымдарды білдіреді.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет