Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет8/12
Дата03.04.2018
өлшемі2,27 Mb.
#40077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сөздің байлығы. Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе. Біріншісі – қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Сөздің қисындылығы. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функциональдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілімен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдалану табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымның болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегіде сөздің стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды. Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір лекцияның студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін. Мұндағы қолданатын сөздерді, әлбетте, балабақша тәрбиеленушілерге лайықсыз екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бір баяндама ғылыми жұмыстың жылдық есебі туралы болса, оны жұмысшылар арасында жасау да ақылға қонымсыз болар еді.
Келесі сабақ тапсырмасы:Абай жазған Қарамола ережесімен танысу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


9-тақырып. Құқықтық дискурс түрлері.

Сабақ мақсаты: Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзімен, соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы, сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.

Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.

Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.

Шешендік сөздің тектері мен түрлері. Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары.

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз. Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздергетән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөз. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Академиялық шешендік сөз. Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері.

Соттағы шешендік сөз. Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Діни (Уағыз) шешендік сөз. Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары.

Шешенге қойылатын талаптар. Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.

Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті. Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні.

Пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы. Демократиялық қоғам – пікірталасының өрістеуінің басты кепілі.


Келесі сабақ тапсырмасы:Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіруге дайындалу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


10-тақырып. Салық құқығының негіздері.

Сабақ мақсаты: Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістерімен, заңгердің сөйлеу имиджін, дауласу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны:Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі.

Психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары.

Нақты сөзге дайындық. Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері.

Күнделікті дайындық. Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау.

Кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері.

Негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары.

Қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар.

Сөз бөліктерін байланыстыру әдістері. Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері.
Келесі сабақ тапсырмасы:«Билер айтқан екен.... » шешендік сөздерді оқу, мазмұндау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


11-тақырып. Еңбек құқығының негіздері.

Сабақ мақсаты: Кәсіби қатынастың психологиялық негіздерімен таныстыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.

1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.

5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.

7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.

8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу – нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)

Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады.


Келесі сабақ тапсырмасы:Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жазып келу.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


12-тақырып. Қылмыстық құқық негіздері.

Сабақ мақсаты: Аудитория назарын аудару тәсілдерін меңгеру.

Сабақтың қысқаша мазмұны:

Шешендік сөздің табиғаты.

Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары.

Шешендік сөздің сазы. Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешенніңсөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені.

Шешендік сөздің көріктеуіш құралдары. Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны.

Келесі сабақ тапсырмасы:ҚР қылмыстық кодексінің баптарын оқып, салыстырып, грамматикалық тұлғалар категорияларына талдау жасау.
Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).


13-тақырып. Экологиялық құқық бұзушылық.

Сабақ мақсатыПікірсайысты жүргізу ережелерін, пікірсайыстың басты тәсілдерінің сипаттамасын үйрету.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі. «Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас – адамның ақыл – ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар.

Пікірталас мәдениетінің талаптары. Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар.

Пікірталас түрлері. Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді.

Әңгіме және «Дөңгелек үстел». Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары.

Пікір алмасу (дискуссия). Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар.

Ойталқы (дипут). Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі.

Ойкөкпар (дебат). Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі.

Сөзталас (спор). Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері.

Пікірсайыс (полемика). Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары.

Айтыс. Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер.

Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық.



Пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер. Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары.

Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары. Қарсыласқы тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар.

Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу».



Пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары. Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі.

Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары.

Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан.

Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары. Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы.



Келесі сабақ тапсырмасы:«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:

1. Этикет – мәдениеттіліктің негізі.

2. Этикеттің тарихы.

3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған

ұлттың этикет нормалары туралы

тұсаукесер).

4. Әлемде талай қызық бар...

5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.

6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.

7. Әлем халықтарының амандасу әдептері, т.б.


Әдебиеттер:
1. Жалмаханов Ш.Ш., Серімов Е.Е. және т.б. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. Алматы, 2002.

2. Құрманбайұлы Ш., М. Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының заң факультеттетінің студенттеріне арналған).

3. Мұратова Г. Қазақ тілі (Заң саласы бойынша) Алматы: Арда, 2005.

4. Күзекова З. Қазақ тілінің пратикалық курсы (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бағыттары үшін).




БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
I Нұсқа

1 Тапсырма.

а) Анықта оның түрлері

ә) Қолхаттың үлгісін жазыңыз.


2 Тапсырма.

а) Стиль оның түрлеріне тоқталыңыз. Іс қағаздар стиліне анықтама беріңіз

ә) Өмірбаян оның жазылу ерекшеліктері
3 Тапсырма.

а) Бұйрық дегеніміз не? Бұйрықты шығаруға кім құқылы

ә) Хабарлама хатына анықтама баріңіз. Ол қандай жағдайларда жазылады.

АНЫҚТАМА
Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтама не үшін беріледі?

  2. Онын құрылымы қандай болады?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.


3-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды.

2. Бүгін 150 анықтама берілді.

3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды.

4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды.

5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.
4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз

Анықтама № 34/1

2 мамыр 2006 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.



Анықтама 10 күн өз күшінде.
Мөр орны

Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова
5-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анықтамалар кімге берілген?

  2. Не үшін берілген?

  3. Қайда тапсыру үшін берілген?

6. Анықтама кімнің атынан берілген?
6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.
7-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Анықтама

Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды. Анықтама Ғылым Академиясы берілді.

Оқу бөлімі бастығы А. Назарова
8-жаттығу. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.

  1. Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау
    үшін әскери комиссариатқа керек.

  2. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй,12-пәтер.

  3. Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фа-
    раби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс)
    оқитынын растау үшін керек.


ҚОЛХАТ
Қолхат — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қолхат — қандай құжат?

  2. Қолхатта қолхат беруші мен колхат алушы туралы қандаймәліметтер көрсетілуі тиіс?

  3. Қолхат неше дана етіп жасалады?

  4. Олар кімде сақталады?


2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет