Филология және педагогика ғылымдары факультеті



бет10/12
Дата03.04.2018
өлшемі2,27 Mb.
#40077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

7-тапсырма. А) Ситуация құрыңыз.

Қылмыскер: - Көрген оқиғаны тісіңнен шығарма!

Куәгер: - Жақ ашпаймын!

Қылмыскер: -

Куәгер: -

ә) Мына фразеологизмге ситуация құрыңыз. Фразеологизм мағынасын ашыңыз, оны сөйлеуде қолданыңыз.

Қылмыскер бармағын шайнады (өкінді) (қажетті сөздер: қап!, әттеген-ай, осылай боларын білсемші, енді не істеймін, құдай кешірсін, масқара болдым-ау...).



8-тапсырма. Ситуация бойынша сұхбат құрыңыз.

Белгісіз біреулер үй иелері жоқ кезде пәтерді тонап кетті. Куәгерлер не дейді? Кімдерді көрген екен, адамдарды қалай сипаттайды?

Үлгі:

- Сіз бейтаныс біреулерді көрдіңіз бе?



- Иә, ұзын бойлы, мұртты жігітті екі рет кездестірдім.

- Бұрын көріп пе едіңіз?

- Жоқ, ...

- ? ...


9-тапсырма. Мына нақылды қалай түсінесіз?

“Арым – жанымның садағасы”.


Тіл дамыту жұмыстары

1-тапсырма. Қылмысты саралаудың ғылыми негіздерін есте сақтаңыз:

  Қылмыс тұрпаттары (Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері):

1. Жеке адамға қарсы қылмыстар

2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

6. Меншікке қарсы қылмыстар

7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар

9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

11. Экологиялық қылмыстар

12. Көліктегі қылмыстар

13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар

14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар

16. Әскери қылмыстар


2-тапсырма. Қылмыскер қашып кетті. Іздеу салыңыз, сыртқы белгісін сипаттаңыз.
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеу жүргізілетін жер.Алдын ала тергеу қылмыс жасалған жерде (ауданда, облыста) жүргізіледі.Алдын ала тергеу жедел және толық болу мақсатында қылмыс анықталған орында жүргізілуі мүмкін немесе сезікті, айыпталушы, куәлардың көпшілігі тұрған жерде де жүргізілуі мүмкін.

1) Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққан соң ғана жүргізіледі.

2) Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Егер қылмыстық істі тергеуші өзі қозғаса, және тергеуді өзінің іс жүргізуіне қабылдаса, іс қозғау, іс жүргізу туралы бірыңғай ортақ қаулы жасалады. Осы қаулылардың көшірмелерін 24 сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді.

Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзімі ұзартылуы мүмкін:

- істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – үш айға дейін ұзартуы мүмкін;

- іс аса күрделі болса, облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор (олардың орынбасарлары) – алты айға дейін ұзартуы мүмкін.

- алдын ала тергеу мерзімін одан әрі (әріқарай) ұзарту тек айрықша жағдайда, істің күрделілігіне байланысты болуы мүмкін. Оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

3-тапсырма. Мына сөз тіркестерін кеңейтіңіз.

                                                                         басталды

                                                                         қозғалды

   Алдын ала тергеу                                        жүріп жатыр

                                                                         жалғасты

                                                                         аяқталды



Үлгі: Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған соң басталады.

4-тапсырма. Тиісті қосымшаларды анықтаңыз, сұрақ қойыңыз.

1. Егер тергеуші қылмыс[] іс[] өз[] қозғаса, немесе тергеу[] өзі[] іс жүргізу[] қабылдаса, бірыңғай қаулы жасалады.

2. Тергеу мерзімі[] ұзарту іс[] күрделілігі[] байланысты.

3. Алдын ала тергеу қылмыс[] іс қозғау туралы қаулы шық[]  соң жүргізіле[] .

Үлгі: қылмыс+ты, нені?

6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.

1) жібереді, сағаттан, қаулылардың, жиырма төрт, прокурорға, көшірмелерін, кешіктірмей, осы.

2) алдын ала, екі ай, тиіс, мерзімнен аяқталуға, тергеу, қозғалған, кешіктірілмей, қылмыстық, бастап, іс, күннен.

3) алдын ала, Прокуроры, тергеу, Бас, Республикасының, мерзімін, айрықша, Қазақстан, жағдайда, ұзартады, тек.

7-тапсырма. Сұхбатқа сұрақ қойып, кеңейтіңіз.

- ?

- Қаулы шыққан соң ғана жүргізіледі.

- ?

- Тергеуші істі қозғаса, өзінің іс жүргізуіне қабылдаса.

- ?

- Қаулылардың көшірмелерін.

- ?

- 24 сағаттан кешіктірмей.

- ?

- Екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс.

8-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді айқындап тұрған есімшелерді анықтаңыз.

Үлгі: тапсырылған іс, анықталған орын...

9-тапсырма. Жақшаны ашып, сөздерді аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.

1. Алдын ала тергеу (где совершено преступление) ауданда (производится).

2. (По уголовным делам) алдын ала тергеу (со дня возбуждения уголовного дела) екі ай мерзімнен (не позднее) аяқталуға тиіс.

3. Алдын ала тергеудің (дальнейшее продление срока) тек (в исключительных случаях), істің (сложности) байланысты болуы (возможно).

10-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

А. ұзарту                                         1. проводится

Ә. толық                                         2. приравненный к ним

Б. бірыңғай қаулы                         3. обвинительное заключение

В. кешіктірмей                              4. срок следствия

Г. жүргізіледі                                5. полный

Д. тергеу мерзімі                          6. исключительный случай

Е. айрықша жағдай                      7. продлить

Ж. күрделі                                     8. не позднее, без задержки

З. оған теңестірілген                    9. единое постановление

И. айыптау қорытындысы          10. сложный

11-тапсырма. 1) Сөйлемдерді аударыңыз. 2) Сөйлемдердегі ойды негізге ала отырып, сұхбат құрыңыз.

1. Тергеуші мамандығының бір қыры – қылмыскерлердің өзге де заң бұзушылыққа баруына тосқауыл болу.

2. Тергеуші тергеу жұмысын шұғыл түрде жүргізбесе, қылмыскерді ұстау қиынға соғады.

3. Тергеуші бір-екі күн кешіксе, қылмыскер ізін суытады.

4. Ел тыныштығын бұзушыларға бұғау салу – жауапкершілігі мол іс.

5. Тергеу барысында қылмыстық топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 235-бабы бойынша қылмыс жасады деген айығып тағылып отыр.

6. Олар Қылмыстық топ құрған және оған басшылық жасаған.

Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды.  1. Мына пікірді қалай түсінесіз, баяндап беріңіз.

Қылмыскер кейде жазадан құтылса да, үрейден құтылмайды”



(Сенека, рим философы).

2. Мына пікірді ситуацияға айналдырып, сұхбат құрыңыз.

Көп қашсаң да, бір тұтыласың”. (“тұтылу” – ұсталу, қолға түсу мағынасын білдіреді).



Үлгі:

    а)  - Осы нақыл сөзді сіз қалай түсінесіз?



- Меніңше, қылмыскер әйтеуір бір қолға түседі.

- ?

- ?

    ә)  - Ауыр қылмыс жасаған қылмыскер бірнеше жыл ұстатпай жүр екен.



- Әйтеуір бір жазасын алады ғой.

- ?

- ?

   б)  - Былтыр БАҚ-та бір қылмыстық оқиға туралы жарияланып еді, сол оқиға биыл ашылыпты.



- Иә, қылмыскер қайда қашса да, әйтеуір бір тұтылады.

- ?

- ?
Айыпталушыдан жауап алу
Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізеді.

Жауап алу басталар алдында тергеуші айыпталушыға оның айғақ беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін хабарлайды. Айыпталушы айғақ беруден бас тартқан жағдайда жауап алу хаттамасында бұл туралы белгі қойылады.

Бір іс бойынша шақырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады, бұл орайда тергеуші олар өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады.

Осы Кодекстің 71-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті болады.

Жауап алудың басында тергеуші оған тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, ол тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындайтынын не өз кінәсін теріске шығаратынын анықтайды. Егер айыпталушы жауап бермесе, онда ол өзінің кінәлі екенін мойындамады деп есептеледі.

Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін, оған тергеуші тағылған айып пен іс үшін маңызы болуы мүмкін басқа жағдайлар бойынша айғақтар беруді ұсынады.

Қалған жағдайда айыпталушыдан жауап алу осы Кодекстің 213-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

                                       (ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, 217-бап)


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.

3-тапсырма. Есімшенің қызметін еске түсіріңіз.

Есімше                                       1. етістік (қимыл-әрекетті білдіреді)

(-ған,-қан,-кен                           2. сын есім (зат, құбылысты айқындайды)

-ар,-ер,-р                                    3. зат есім (қимыл-әрекет иесін білдіреді)

-атын,-етін,-йтін)                   4. үстеу (мезгіл мәндес тұлғада қолданылады)

                                                    1. оқиға туралы естіген (қайткен?)

естіген                                         2. естіген адам біледі (қандай адам?)

                                                     3. естігеннен сұрау керек (кімнен?)

                                                     4. естіген соң, естігеннен кейін (қашан?)

4-тапсырма. Есімшелерге сұрақ қойыңыз, қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіз.

1. Шақырылған айыпталушылардан жеке-жеке жауап алынады.

2. Тағылған айыптың мәнісін түсіндірді.

3. Көзқарасын анықтағаннан кейін тергеуші айғақ беруді ұсынды.

4. Ол айғақ беруден бас тартқан жағдайда хаттамаға белгі қойылады.

Үлгі: Жауап берген сезікті қол қойды. Қандай сезікті? (анықтауыш)

5-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

білген соң айту, келгеннен бері хабарсыз, ойланғаннан кейін орындау.

6-тапсырма. Есте сақтаңыз. Сіздің пікіріңіз қандай?

“Өз тілін, мәдениетін білмеген, қадірлемеген адамды толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М.Әуезов).

7-тапсырма. Мына ойға қатысты ситуация құрыңыз.

“Аузына келгенді сөйлеу – наданның ісі,

аузына түскенді жеу – хайуанның ісі”.    (Науаи, шығыс ақыны).

аузына келгенді –

аузына түскенді –

8-тапсырма.Сөйлемді әрі қарай толықтырыңыз, күрделендіріңіз.

1. Айыпталушыдан жауап алу үшін көп уақыт кеткенімен, ... .

2. Айыпталушыдан жауап алу үшін түрлі әдіс-тәсіл қолданылғанымен, ... .

3. Айыпталушыдан жауап алу үшін ... .

4. Айыпталушыдан жауап алу үшін ... .

Үлгі:  Айыпталушыдан жауап алу үшін ... , болған оқиғаны толық білу керек. Куә, сезікті адамдардың пікірін салыстыру керек.

9-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз, етістіктің өткен шақ формасын қойыңыз.

1. Айыпталушыны оқиға болған жерде ...

2. Айыпталушы өз құқығын ...

3. Айыпталушы жалған жауабы үшін ...

4. Айыпталушы тергеушінің сұрағына...

Үлгі: Айыпталушының ісі сотта қаралды.

10-тапсырма. Мына мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұхбат құрыңыз:

1. Жәбірленуші  – Тергеуші

2. Айыпкер  – Тергеуші

1964 жылы туылған К. есімді азамат пәтерінен жалпы құны 77 мың теңге (“Панасоник” бейнекамерасы, “Нокиа” ұялы телефоны) болатын заттарының жоғалып кеткендігі туралы хабарлайды. Тексеру барысында бұл заттар 1978 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын Ф. Есімді азаматтан тәркіленді. Күдікті пәтерлерге кілт үйлестіру арқылы ұрлық жасауды кәсіп еткен екен.

Үлгі:

Жәбірленуші: - Менің пәтерімнен бағалы заттар жоғалды.



Тергеуші:        - Қашан жоғалды? Қандай заттар?

Жәбірленуші: - Кеше жұмыстан келгенде, “Панасоник” бейнекамерасы мен ұялы телефонымды таба алмадым.

Тергеуші:        - Кімнен күдіктенесіз?

Жәбірленуші: -

Тергеуші:        -

11-тапсырма. Сұхбаттағы сөйлемдерді ретімен жүйелі орналастырыңыз.

- Әрине, қылмыскерлерге жан-жақтан тосқауыл керек.

- Бағалы заттар, көп мөлшерде ақша және бейнетаспа ұрланыпты.

- Жәбірленушінің көршісі қырағы адам екен, соның көмегі тиді.

- 121-пәтерге “тәжірибелі”, әккі ұрылар түскен екен.

- Көп заттар қолды болған ба?

- Қылмыскерлер тез ұсталыпты. Куә бар ма?

- Жалғыз полиция органы не істейді? Осылай көмектесу керек.

- Ізі суымай қылмыс ашылды.

12-тапсырма. Сұхбаттағы сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

- ?


- Иә, бұл іс тергеуге жіберілді.

- ?


- Куәдан, жәбірленушіден, айыпкерден жеке-жеке жауап алды.

- ?


- Әрине, айыпкер кінәсін мойындады.

- ?


- Сот процесі прокурордың шешіміне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстары
1-тапсырма. Мына мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңыз (Айыпталушы – Тергеуші).

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов аудандық ішкі істер бөліміне Галина есімді әйел кінәсін мойындап келген. Оның айтуынша, өзімен бірге тұратын ер адамды балаларына ішіп келіп тиіскендігі үшін балтамен шауып өлтірген. (“Сақшы” газетінен, 2004 ж.).

2-тапсырма. Сөйлемді аударыңыз. Асты сызылған сөздерді басқа мәндес синоним сөзбен ауыстырыңыз.

Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме. (В.А.Сухомлинский, педагог).

3-тапсырма. а) 16-тапсырмадағы бұйрық райдың ІІ-жағын, ІІІ жаққа алмастырыңыз. ә) сөйлемдегі етістіктерді етістіктің жедел өткен шақ формасына өзгертіңіз.

Үлгі: а) білме – білмесін,   ә) білмеді

4-тапсырма. Хаттама үлгісімен танысып, оны толтырыңыз.
АЙЫПКЕРДЕН ЖАУАП АЛУ ХАТТАМАСЫ

Жауап алу орны__________________________________________________

                                                                     (қала, ауыл)

Жауап алу “_” ___________2005 ж. ______сағат______минутта басталды.

                “__”___________2005 ж. _______сағат______минутта аяқталды.  

_______________________________________________________________

                           (тергеу бөлімінің (басқармасының) аты)

_______________________________________________________________

                            (қызметі, офицерлік атағы, аты-жөні)

Қазақстан Республикасы ҚІЖҚ-нің 206-219 баптарының талаптарына сәйкес, төмендегі аты аталған адамнан айыпкер ретінде жауап алдым.

Аты-жөні_______________________________________________________

Туған жылы___________________Туған жері_________________________

_______________________________________________________________

Мекен-жайы_____________________________________________________

_______________________________________________________________

Партияда барлығы__________________Ұлты_________________________

Білімі__________________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі____________________________________________

Жанұя мүшелері_________________________________________________

Үкімет сыйлықтары______________________________________________

Әскерге міндеттілігі______________________________________________

                                       Қолы___________________________                               



Жауап алуды жүргізудің жалпы ережелері
1. Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.

2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойылады.

3. Жауап алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.

4. Еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Жетектеуші сұрақтар қоюға тыйым салынады.

5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтау қиын өзге мәліметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам өзінің өтініші бойынша немесе оның келісімімен хаттамаға қоса тіркелуі мүмкін құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы.

6. Жауап алу барысында тергеуші жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсете алады, ал еркін баяндау аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдарындағы айғақтарды жария ете алады, дыбыс және бейнежазбаларды немесе кино түсіру материалдарын тыңдатып, көрсете алады.

7. Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.

8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.

9. Тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берілген айғақтарды нақтылау немесе толықтыру қажеттілігі пайда болған жағдайда қайтадан (қосымша) жауап алу жүргізілуі мүмкін.

                                      (ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 213-бап).



1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Әрбір бөлікке тақырып қойыңыз.

3-тапсырма. Сөздік-минимум даярлаңыз.

Куә мен жәбірленушіден жауап алу

Бір іс бойынша шақырылған куәлардан, жәбірленушілерден, басқа куәлардан және жәбірленушілерден бөлек жауап алынады. Тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады.

Жауап алу алдында тергеуші куәнің, жәбірленушінің айыпталушыға немесе сезіктіге қандай қатысы бар екенін анықтайды, оларға іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді. Бұл ретте тергеуші куәгерге, жәбірленушіге өзінің, ерінің (зайыбының), жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын, сондай-ақ, діни қызметшіге – тәубе үстінде оған ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті. Бұл құқықты пайдаланбаған куә, жәбірленуші көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі.

Басқа жағдайда куә мен жәбірленушіден жауап алу осы Кодекстің 213-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

                                      (ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 214-бап).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

2-тапсырма. Екінші абзацтың әрбір сөзіне нақты сұрақ қойыңыз, қайталап жауап беріңіз.

Үлгі: ненің зардабынан? – қылмыстың зардабынан.



3-тапсырма. Мәтіннен таныс сөздерді белгілеңіз.

4-тапсырма. Сәйкес қосымшаларын анықтаңыз.

1. Айыпталушы (-дың, -ның) жауаб (-сы, -ы) шындық (-ға, -қа) сәйкеспейді.

2. Жәбірленуші соққыға жығыл(-ған, -қан), әрі ауыр дене жарақат (-ны, -ын) алған.

3. Куә мен жәбірленуші (-дің, -нің) жауаптар (-ы, -сы) бір-бірі (-ге, -не) ұқсайды.

4. Бұл оқиға (-на, -ға) байланысты тергеу жұмыстар (-сы, -ы) жүргізіліп жатыр.

5. Кеше болған қылмыс (-ға, -қа) қатысы бар бірнеше сезікті (-ден, -мен) жауап алынды.



5-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз. Рольге бөліп оқыңыздар.

- Сәлеметсіз бе, сіз тергеуші Асқаровсыз ба?

- Иә, қандай мәселемен келдіңіз?

- Мен бір оқиғаның куәсі болдым. Сол туралы баяндайын деп едім.

- Қандай оқиға? Қашан болған? Айта беріңіз. (әуелі өзіңізді таныстырыңыз).

- ?


- ?

6-тапсырма. Аударыңыз. Есімшеге көңіл аударыңыз.

1. Допрос обвиняемого проводится по правилам статьи 213 Уголовно-процессуального Кодекса РК.

2. Обвиняемые, вызванные по одному и тому же делу допрашивается порознь.

3. Допрос обвиняемого следователь обязан провести не позднее двадцати четырех часов после предъявления обвинения.



7-тапсырма. Сөйлемдегі ойды аяқтаңыз.

1. Жалған куәлік қылмыстарды тез ашуға кедергі болады, өйткені ...

2. Куәгердің жауабы анық болмады, себебі ... .

3. Куәгер болған оқиғаны толық көріпті, сондықтан ... .

Үлгі: Жалған айғақ берген куә жауапқа тартылады, өйткені істің тез ашылуына бөгет болады.

8-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз.

1. (Перед допросом) тергеуші куәнің, жәбірленушінің (к обвиняемому) немесе (подозреваемому) қандай (отношение) бар екенін анықтайды.

2. Бұл (правом) пайдаланбаған куә (ложное показание) бергені үшін қылмыстық (ответственности) туралы (предупреждается).

9-тапсырма. Сіз көлік-жол оқиғасының куәсі болдыңыз. Сол туралы баяндап беріңіз.
1-тапсырма. Ойды ой қозғайды. Мына ойды қалай түсінесіз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

“Жану мен жарық шашу қолыңнан келмесе, тым болмаса көлегейлеме” (Л.Толстой, орыс жазушысы).

(көлегейлеме, бүркеме – не прикрывай, не препятствуй).

2-тапсырма. Хаттама үлгісімен танысып, оны толтырыңыз.
КУӘДЕН (ЖӘБІРЛЕНУШІДЕН) ЖАУАП АЛУ ХАТТАМАСЫ

_____________________                               “___” ____________200__ж.

  (жауап алынған жер)

                  Жауап алу ________сағат __________ минутта басталып

                                                     сағат __________ минутта аяқталды.

_______________________________________________________________

                                 (тергеу бөлімінің (басқармасының) аты)

_______________________________________________________________

                                 (қызметі, офицерлік атағы, аты-жөні)

ҚР ҚІЖК-нің 212-214, 218 баптарының талаптарына сәйкес, төменде аты аталған куә (жәбірленуші) ретінде жауап алдым.

Аты-жөні__________________________________________________________

Туған жылы, айы_______________Туған жері________________________

_______________________________________________________________

Ұлты____________Партияда барлығы__________Білімі________________

Отбасы жағдайы_________________________________________________

Төлқұжат және басқа құжаттары туралы_____________________________

Мекен-жайы____________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі_____________________________________________

Жауап беруден бас тартсам Қазақстан Республикасы ҚК-нің 353-бабы бойынша және біле тұра өтірік жауап берсем Қазақстан Республикасының 352-бабы бойынша қылмысты жауапкершілігім маған ескертілді _________

                                                                                                   

                      Қолы__________________________

Жауапты_____________________тілінде беремін, тілмаш қажет етпеймін.

                                Қолы__________________________

Куәнің (жәбірленушінің) жауабы:__________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет