Философия негізіндегі тәрбие


Инновациялық педагогикалық жүйелер және мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамыту технологиясы



бет16/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
2 аралық бақылау
Баяндама география, Бекжан Сұраныс, Біздің өлке әлеуметтік желілерде, ответы 8, ответы 8, -1911428537, 2015 zharatyilyis, 8 doc, ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ Каз.doc, 6-synyp-test-1, ОЖСБ 4-А сынып-1, циклограмма 19-20, Рухани жаңғыру мәлімет, эссе, құттықтаулар
16.Инновациялық педагогикалық жүйелер және мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамыту технологиясы.

Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін. Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік кешен мазмұны білім беру жүйесін жаңғыртудың ақпараттық-құқықтық негіздеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды 12- жылдық оқытуға көшуге дайындауға бағдарланған. Жетекші халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға білім берудің заманауи әдістерін ендіреді. Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) және т.б. бағдарламалар бойынша жұмыстар табысты жүруде. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру бағдарламаларымен қатар Монтессори технологиясы, Н. Зайцев, Ф. Фребель жүйесі бойынша Вальдорфский педагогикасы (Штайнер әдістемесі) бойынша оқу материалдары қолданылады. Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығышулық тудырады. Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді. Оларды 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тілге, математикаға, логикаға оқытуға арналған «E-Blocks» интерактивті бағдарламасымен қамтамасыз ету. Балалардың жан-жақты дамуына, тілдерге ерте оқытуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық мәдениетті оқытуға бағытталған оқыту кешендерін: - сөйлейтін қаламы бар «Даналық әліппесі»; - сөйлейтін қаламы бар «ZEREK»; - «Интерактивті дыбыстық картасы», сонымен қатар жетекші отандық және шетелдік инновациялық әдістер мен технологияларды одан әрі тереңірек зерттеуін, бейімделген технологияларды анықтау және апробациядан өткізу, білім беруді жаңғыртумен байланысты әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес болу мақсатында оларды ендіруді қажет етеді. Ата-аналар үшін «Балалар ойынының тілі», «Консультативтік орындары жағдайында ата-аналарға білім беру бағдарламасы», «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасы» және т.б. дайындалған, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін келешекте жетілдіру көзделеді. 29 Сонымен, ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.



Дамыта оқыту технологиясы негізінде бастауын И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т.б. еңбектерінде алатын теория жатыр. Негізгі мақсаты баланың дамуына бағдарланған және дамудың алдында жүретін оқыту идеясын ұсынған Л.С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқытудың технологиясы ғылыми негізделді. Оның болжамына сәйкес білім оқытудың ақырғы мақсаты емес, оқушылардың даму ортасы ғана болып табылады. Л. С. Выготский идеялары іс-әрекеттің психологиялық теория шеңберінде А. Н. Леонтьев, Я. Гальперинмен және т.б. дайындалып, негізделді. Даму туралы дәстүрлі ұғымды және оның оқытумен арақатынасын қайта қарастыру нәтижесінде бірінші орынға адам іс-әрекеті мен түрлерінің субъектісі ретінде баланың қалыптасуы қойылды. Дамыта оқытудың теориясы Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов және т. б. эксперименттік еңбектерінде жетілдіріле түсті. Олардың тұжырымдамаларында оқыту мен даму бір үдерістің диалектикалық өзара байланысты тараптардың жүйесі ретінде көрініс алды. Оқыту адамның психологиялық дамудың, тұлғаның барлық жиынтық қасиеттерін қалыптастырудың жылжытушы күші ретінде танылған. Қазіргі таңда дамыта оқыту тұжырымдамасы шеңберінде мақсаттық бағдарлары, мазмұны және әдістемесімен ерекшеленетін бірқатар технологиялар дайындалған. В. В. Давыдовтың пікірінше, дамыта оқыту ұғымы астарында түсіндірмелі-иллюстративті тәсілдің (тип) орнына келетін жаңа, белсенді әрекет тәсілі (тип) ұғынылады. Дамыта оқыту технологиясы баланы қоршаған ортамен өзара әрекет ететін дербес субъект рөлінде қарастырады. Бұл әрекет ету қызметтің барлық сатысын: мақсаттарды анықтауды, жоспарлау және ұйымдастыруды, мақсаттарды іске асыруын, қызметтің нәтижелерін талдауын қамтиды. Дамыта оқыту тұлғаның барлық біртұтас жиынтық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту бала дамуының жақын аймағында жүзеге асады. «Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек», - дейді Л. С. Выготский. Ол бала дамуында екі деңгейді атап көрсетті: 1) Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 2) Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру. Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз: - балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді; - шығармашылықтың туындауына ынта береді; - балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды (бағалау лексикасының сөз қорын ауыспалы мағынадағы сөздер, синоним мен антонимді байыту); - барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады; - лексика-грамматикалық құрылысын құрудағы саналылығын қалыптастырады; - ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларының икемділігін дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, келесідей дидактикалық қағидаттарды ескеру қажет: - таңдау еркіндігі қағидаты – балаға кез келген оқыту немесе басқару әрекетіне таңдау құқығы; - ашықтылық қағидаты – балаға ашық (шешімінің бірнеше жолы бар) тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беру керек. Шығармашылық тапсырмалар жағдайында шешімнің әртүрлі нұсқаларын жасауы керек; 10 - іс-әрекет қағидаты – кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық іс-әрекетке қосу қажет; - кері байланыс қағидаты – тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үдерісін тұрақты бақылай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмада алдыңғы шығармашылық тапсырманың элементтері болады; - мінсіздік қағидаты – шығармашылық тапсырмалар арнайы жабдықты қажет етпейді және кез келген сабақтың бөлігі болуы мүмкін, бұл өз кезегінде балалардың білімі мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ) Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады. Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың 14 қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет