Философия негізіндегі тәрбие


Субъект-мектепке дейінгі мекемеде білім беру үдерісін құрастырудың негізі ретінде субъектілік өзара іс-қимыл



бет5/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
2 аралық бақылау
Баяндама география, Бекжан Сұраныс, Біздің өлке әлеуметтік желілерде, ответы 8, ответы 8, -1911428537, 2015 zharatyilyis, 8 doc, ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ Каз.doc, 6-synyp-test-1, ОЖСБ 4-А сынып-1, циклограмма 19-20, Рухани жаңғыру мәлімет, эссе, құттықтаулар
5. Субъект-мектепке дейінгі мекемеде білім беру үдерісін құрастырудың негізі ретінде субъектілік өзара іс-қимыл.

«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады. Л.И. Божовичтің көзқарасы тұрғысынан, субъект – өзін-өзі жасайтын адам. М.М. Бахтин субъект – саналы белсенділікпен, бағытты мақсаттылығымен және шығармашылығымен сипатталатын тұлға деп көрсетеді. «Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұнын салыстыра келе, В.А. Лекторский: «Объект субъект еместердің бәрін білдіреді» деп түсіндіреді. Субъект және объект - философиялық категория, олардың пайда болуы адамтану мәселелерін ашу теорияларымен байланысты. Адам - өте күрделі жүйе, ол өзінің бойына биологиялық, интеллектуалдық және рухани бастауларды сіңірген. Адам – бірнеше сатылы күрделілігі бар біртұтас жүйе. Ол қоғамда тұратын, оның заңдарымен өмір сүретін, бірақ мәдениеттен жасалған, мәдениетті жасаушы және мәдениетке тәуелді биосоциомәдениетті жан.

Бала-субъектінің қалыптасуы оны тәрбиелеу мен оқыту процесінде үлкендердің іс-әрекеті баланы ерте жастан бастап субъектілік сапалары мен қасиеттерін дамытуға бағыттаған жағдайда ғана жүзеге асады. Керісінше, баланың еркіндігін, белсенділігі мен ұмтылысын басу ынтасыз немесе ашуланшақ және негативті адам болып шығуы мүмкін. Баланың ынтасын үнемі шектеп отыру оның дамуын тежейді. Оның дамуы ұзаққа созылады, үлкен психикалық және физикадық күш жұмсауды қажет етеді, бала кінәмшіл болып, жас ерекшелік дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан біздің міндетіміз – баланы әрекет, таным және қарым-қатынас субъектісі етіп қалыптастыруда үлкендердің мүмкіндіктерін анықтау және түсіну. Ересектер дегеніміз - кәсіби және мақсатты түрде кіші жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпал ететін балаға жақын отбасындағы адамдар, мектепке дейінгі мекемелердегі мамандар.

Бұл мүмкіндіктер қандай? Педагогикада кулинариядағы сияқты бір рецепт болуы мүмкін емес. Біз балалармен жұмыс жасаймыз, олардың әрқайсысы өзінше әртүрлі. Олардың барлығы әртүрлі психологиялық, педагогикалық, материалдық және тағы да басқа даму жағдайында болады. Олармен отбасында және мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін адамдар да бірдей емес. Дегенмен, жалпы барлығына бірдей қолданылатын ұсыныстар бар, оларды жүзеге асыру оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге көмек болады.

Балалардың айналасындағы үлкендер балаға өзара әрекеттестік ісінде тең құқылы қатысушы ретінде қараулары тиіс. Ең бастысы сол, балаға өзіндік жеке тұлға ретінде оның белсенділігін басып тастайтындай көзқарас болдырмауды (мысалы, үйді, ұжыммен тұратын бөлмені таза ұстауда) түсіну қажет. Сонда бірігіп істеген іс нәтижелі болады. Мектепке дейінгі жастағы баланың өмір сүру объектісі ретіндегі қалыптасуына оң әсер ететін ең негізгі фактор, М.И. Лисинаның пікірінше, үлкендермен араласу, конструктивті қарым-қатынас жасау.

Баланың өмір сүру субъектісі болып қалыптасуында мектеп жасына дейінгі балаға үлкендердің көзқарасы маңызды. Бүгінде тәрбиелеу практикасында мұндай көзқарастардың бірқатары қарастырылады.

Баланың жетістіктеріне назар аудармаушылық байқалады, олар үлкендерге аса маңызды емес сияқты болып көрінеді. Соның салдарынан қолдау таппағандықтан, оң бағалауды күтпестен өзіне назар аударту үшін теріс әрекеттер жасай бастайды.

Балалардың жағымсыз істеріне, білмегендіктеріне «үлкендер қатал» талаптар қояды да, жағымды жақтары аталмайды, сол күйінде қабылданады. Мұндай жағдайда балалар өздерінің кемшіліктері үшін үнемі теріс баға алады, басқа балалармен салыстыру объектісіне айналады. Соның салдарынан балалар өздерін жете бағаламайды (тіпті төмен бағалайды). Теріс баға баланың ынтасын, белсенділігін төмендетіп, кемшіліктері үшін қорқумен шектеледі. Ересектердің субъект-субъективтік көзқарасы балаға өзіндік, шығармашыл әрекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті әзірге тұрақты емес, қалыптасып болмаған болса да болмаса даөзіндік мақсаты мен талаптары бар адам ретінде қарауды көздейді, бірақ ары қарай дамытуды шектемей керек екендігін ескерген жөн. Баланың әрекетін, қылықтарын оң бағалау оны дамытудың, белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз. Үлкендердің мадақтауы – өсіп келе жатқан тұлғаның өзіндік санасын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі. Оң бағалау белсенділікті арттырады, теріс бағалау – мектепке дейінгі жаста ынтасының артуына, өздігінен әрекет жасауға ұмтылдырады. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға ескерту жасауды, теріс бағалауды пайдаланғанда, бала емес, оның теріс қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман емессің, бірақ сен жаман қылық көрсеттің, ол дұрыс емес, себебі…» деп айту керек. Баланың іс-әрекеті мен оның нәтижесін бағалағанда алдымен жағымды жақтарын, содан кейін жағымсыз жақтарын айтып, оның мүмкіндігіне сенімділікпен аяқтау қажет

Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың субъектік қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруды баланы өзара әрекеттестіктің тең құқылы қатысушысы ретінде қабылдап, оның мүддесі мен сұраныстарын ескере отырып, әрекеті мен қылықтарын объективті түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек. Бұл жол үлкендерден шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан адамға және оның ұдайы жетілуіне деген қамқорлық пен сыйластықты талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет