Философия негізіндегі тәрбие


Мектепке дейінгі мекеменің білім беру үдерісінде баланың дамуын педагогикалық қолдау және сүйемелдеу



бет6/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
2 аралық бақылау
Баяндама география, Бекжан Сұраныс, Біздің өлке әлеуметтік желілерде, ответы 8, ответы 8, -1911428537, 2015 zharatyilyis, 8 doc, ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ Каз.doc, 6-synyp-test-1, ОЖСБ 4-А сынып-1, циклограмма 19-20, Рухани жаңғыру мәлімет, эссе, құттықтаулар
6. Мектепке дейінгі мекеменің білім беру үдерісінде баланың дамуын педагогикалық қолдау және сүйемелдеу.

Бала негізгі тәрбиені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс.

Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата — ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.Отбасы—өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім – тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасы талап етіледі. Бұл қарым – қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым- қатынас» деген түсініктермен анықталады. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды   жетілген   ұрпақты тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата – аналарды мектепке педагогикалық үрдіске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс – әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым – қатынас барлық нысыандары мен түрлерінің негізгі мақсаты – балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата – аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін екі бағыт бойынша жоспарладық.

1. Дәстүр:

а) ол ата – аналармен болатын балабақша және топ аралық жиналыстар.

2. Дәстүрден тыс:

а) педагогикалық – психологиялық сауаттылыққа жетілдіру; ә) ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне қатысу; б) әжелер клубы; в) ашық есік күні; г) конференциялар; ғ) дөңгелек үстел; д) әлеуметтік дамытушы орта; е) спортты отбасы.

Педагогикалық - психологиялық сауаттылықтарын жетілдіру.

Мақсаты: бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыру.

Отбасының тұрмыстық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата- ана өнегесі зерттеледі.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заманауи талаптарға сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Міне, осыдан кейін ата – аналарға арналған лекциялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – аналарды педагогикалық оқулықтар, әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.

Ата – аналардың балабақшадағы балалардың өміріне мейлінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Әжелер клубы» бар.

Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата – аналар декорация жасауға, артрибуттар жасауға жәрдем береді.

Бұл кейбір жас ата – аналармен өтілетін жұмыс түрі. Мұнда ата – аналарға тәрбие мен оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсету, оқиға туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Мәселен, төмендегідей тақырыптар алуға болады.

1. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту»

2. «Теледидар баларды тәрбиелеуде дос па, әлде қаспа?»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет