«Философия» пәнінен глоссарий Құран


Ноосфера, ақыл-парасат сферасы



бет5/5
Дата27.04.2020
өлшемі17,89 Kb.
#64819
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 апта глосарий абай олендери

Ноосфера, ақыл-парасат сферасы - биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең.Бұл ұғымды 20ғ. 20ж. француз философы Э. Леруа енгізді. Араға ондаған жыл салып, Н. Теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің бір кезде іс жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы- Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процесімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз- өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н- ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша, ол дегеніңіз- планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарын қамти отырып саналы түзілуі, ал Шарденнің пікірінше, Н.- нің бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып, жоғары бағалады.

Трансцендентальдық (лат.тілінде - аттап кетушілік, межеден асып кетушілік) Канттың тәжірибеден алынбаса да тәжірибеге ықпал жасайтын о баста есте бар нәрсені белгілейтін философиялық ұғым; трансцендентальдықтың түрлеріне кеңістік пен уақыт, себептілік, қажеттілік сияқты басқа да категориялар жатады.



Абай өлеңі

Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

"Бар" демес сендей бір

Адамның баласы

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын

Әдептен озбайын

Өзі де білмей ме



Көп сөйлеп созбайын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет