Фитопатологияда қолданылатын зерттеу әдістері Орындаган: Байгереев Ернар, Мұхамеұлы Азат


Өсімдік бактериоздарын анықтау әдістері



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130899
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!

Өсімдік бактериоздарын анықтау әдістері.


Бактериоз
күңгірт-жасыл келетін майлы дақтар түзіледі.
үстінде ақшыл, мөлдір немесе сарғылт, шық тәріздес тамшы экссудат бөлінеді
кепкенде қиыршықталған ұнтаққа айналады.

Зерттеу әдісі

Алдымен олардың морфологиялық қасиеттері, атап айтқанда пішіні, денесінде талшықтары бар-жоғы, олардың орналасу ерекшеліктері, белсенді қозғалуға қабілеттілігі, спора және капсула түзетіні немесе түзбейтіні анықталады.

Өсімдік микоплазмозы мен вироздарын анықтау тәсілдері. Микоплазмоздың анық байқалатын сырт белгісі - өсімдіктердің сарғылттану немесе сараптануы, бойының өспей ергежейленуі. Ауру қоздырғышын анықтау үшін кәдімгі микроскопты пайдалануға болады. Көкшіл толуидинмен алдын-ала боялған микрокесінділер 500-1000 есе үлкейтіліп, микроскоп арқылы қаралады. Аса көгілдір сәулені пайдалану арқылы да микоплазма бөлшектерін байқауға болады. Микоплазмаларды залалданған өсімдік жасушасынан немесе тасымалдаушы бунақденелілерден бөліп алу үшін, СМ- ИМВ-2 деп аталатын арнайы сұйық орта қолданылады.

Ауру қоздырғыштарының патотиптері мен нәсілдері

  • Ауру қоздырғыштарының патотиптері мен нәсілдері
  •  
  • Маманданған фитопатогендер немесе монофагтар өсімдіктің бір түрінде немесе туысында ғана паразитті тіршілік ете алады. Астық дақылдарының сабақ татының қоздырғышы Puccinia graminis саңырауқұлағына келсек, ол маманданған формаларға жіктеледі: sp. f. secalis – қарабидай мен арпаның, sp. f. tritici – тек қана бидайдың сабақ татын қоздырады. Осындай мамандану Erysiphe graminis саңырауқұлағында да байқалады. Мәдени және жабай астық тұқымдастардың көпшілігінде ақ ұнтақ ауруы кездескенмен, оның қоздырғышы өсімдіктердің түріне немесе туысына маманданған бірнеше формалардан тұрады.

Аурулардың таралуы мен дамуын анықтау
Мәдени дақылдарды зиянды ағзалардан қорғау шараларын жоспарлау және ұтымды мерзімде жүргізу үшін аурулардың таралуы мен даму ерекшеліктерін тұрақты бақылап отыру қажет. Бұл жұмысты атқарғанда алға қойылатын басты мақсат – аурулардан келетін шығын мөлшерін алдын-ала болжап, арнайы химиялық шаралар қолдану қажеттілігін және мерзімін анықтау. Таралу және зияндылығы жағынан өсімдік ауруларын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ жыл сайын дамитын, сондықтан да өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетпеу үшін профилактикалық немесе арнайы шараларды тұрақты жүргізіп отыру қажет аурулар жатады. Бұл топқа тұқым немесе отырғызылатын материалдар арқылы таралатын дәнді дақылдардың қаракүйелері мен тамыр шірігі, мақтаның гоммозы, майлы және көкөніс дақылдар мен картоптың кейбір аурулар.
Екінші топқа таралуы мен дамуы жыл сайын біраз өзгергенмен салыстырмалы зияндылығы тұрақты келетін аурулар жатады. Картоп пен қызанақтың макроспориозы мен альтернариозы, қиярдың және басқа да асқабақ тұқымдастардың ақ ұнтағы мен переноспорозы, алма мен алмұрттың таз қотыры, жүзімнің милдью және ақ ұнтағы, астық дақылдарының гельминтоспориозды теңбілденуі осы топқа жатады. Бұл ауруларға қарсы химиялық шаралар жүйесін жоспарлаған кезде фунгицидтердің қолданылатын мөлшерімен қатар жиілігі де есепке алынуы қажет.
Үшінші топқа таралу ареалы мен даму қарқындылығы жыл сайын айтарлықтай өзгеріп отыратын аурулар жатады. Олар дәнді дақылдардың тат және септориозы, картоп пен қызанақтың фитофторозы. Аталған ауруларға қарсы фунгицидтер қолданылатын егіс мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады. Осы себептенде бұл аурулардың әр түрлі аймақтарда таралу және даму екпінділігі мен зияндылығын алдын-ала болжап, осыған орай химиялық құралдар қолданылатын егіс көлемін нақты анықтап отыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Жалпы фитопатология, ҚОЙШЫБАЕВ М.,

ЖАНАРБЕКОВА А.Б., Алматы, 2011, 195-202б.б.

2. www.yandex.ru, wikipedia.kz;

3. www.google, bilimdiler.kz.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет