Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет26/34
Дата23.05.2017
өлшемі9,11 Mb.
#16675
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

Бағдарламаның қысқаша курсы: Электр өрісі. Электр өрісі кернеулігі. Зарядтардың электростатикалық индукциясы. Полеризация. Біртекті диэлектриктегі электр өрісі. Потенциал. Электр өрісінің энергиясы. Потенциал. Өрісі кернеулігі мен потенциалдар айырмасыынң байланысы. Сыйымдылық. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тоғы. Тоқтың пайда болу шарты. Ток күші. Ток тығыздығы. Ток тізбегіндегі потенциалдар таралуы. Металдардағы электр тоғы. Электрондық өткізгіштік. Ом заңы. Температураға байланысты кедергінің өзгерісі. Жоғарғы өткізгіштік. Жылу өткізгіштік және электр өткізгіштік арасындағы байланыс. Термоэлектрондық эмиссия. Потенциалдар контктік айырмасы. Термоэлектрлі құбылыстар. Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері. Таза және қоспалы жартылай өткізгіштер, р-п өтулер. Газдардағы және вакуумдағы электр тоғы. Электролиттердегі электр тоғы. Жартылай өткізгішті триод, транзисторлар. Электрондардың электр және магнит өрісіндегі қозғалысы


Ұсынылатын әдебиет:

1. Грановский В.л: Электрический ток в газах, “Наука”, 1971

2. Леб Л. Основные процессы электрических разрядов в газах, Гостехиздат, 1950

3. Пенинг Ф.М. Электрические разряды в газах, ИЛ, 1960

4. Энгель А. Ионизованные газы Физматгиз, 1959

5. Френсис Г. Ионизационные явления в газах, Атомиздат, 1964

6. Герасимов Т.Ф. Электрический ток в газах и вакуума Л., Учпедгиз, 1957

7. Папалекси Н.Д. Курс физики Т 2, Гостехиздат, 1950



Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физикалық құралдар және олардың өлшеу шектері

Пәннің коды: CV2201

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алмагамбетова А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Курстың мақсаты: Болашақ физика пәнінің мұғалімдерінің өлшеу приборларымен жұмыс жасау икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады.

Пререквизиттер: Жалпы физика курсы

Постреквизиттер: Электродинамика, Электротехника, Ядро физикасы және элементар бөлшектер. Студент курсты оқу барысында физикалық құралдардың құрылысымен, жұмыс жасау принципімен, олардың түрлерімен танысады. Приборлардың өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерімен, дәлдік сыныптарымен танысып, практикалық мақсаттар үшін алған білімін жүзеге асырады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Физикалық шамаларды өлшеу дәлдігі. Механикалық шамаларды өлшеу. Молекулалық шамаларды өлшеу. Электр және магнит шамаларды өлшеу. Оптикалық шамаларды өлшеу. Атомдық және ядролық өлшемдер. Электродинамикалық жүйедегі аспаптар. Электростатикалық жүйедегі аспаптар. Электромагниттік жүйедегі аспаптар. Магнитоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Феррадинамикалық жүйедегі аспаптар. Индукциялық жүйедегі аспаптар. Вибрациялақ жүйедегі аспаптар. Термоэлектрлік жүйедегі аспаптар. Ұлғаю өлшемдері.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абдуллаев ж. Жалпы физика курсы. Алматы, "Ана тілі", 1991.

2.Гершензон Е.М.,Малов Н.Н. Курс общей физики. Электродинамика. М., "Просвещение", 1990.

3.Детлаф А.А.,Яворский Б.М., Курс физики. М., "Высшая школа",1988. Г Калашников С.Г. 4.Электричество. М., "Наука",1989.

5.Савельев И.В. Жалпы физика курсы . Алматы ,"Мектеп"1988.

6.Телеснин Р.В.,Яковлев В.Ф. Курс физики. Электричество. М.,1989.

7.Тобаяқов Ж. Электр және магнетизм. Алматы, "Мектеп".1999.

8.Фриш С.Э., Тимофеева А.В. Жалпы физика курсы. Алматы., "Мектеп", 1999.

9.Королев Ф.С. Курс физики. Оптика, атомная и ядерная физика. М., "Просвещение",1978.

10.Тлеубергенова Г.А., т.б. Жалпы физика курсының практикумы. Алматы., "Мектеп",1987.

11.Лабораторный практикум по физике; Учебное пособие.- м.; Высшая школа,1982.

12.Практикум по общей физике под редакцией В.Ф.Ноздрева. Издательство "Просвещение", М,1986.



Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілікгі қауіпсіздігі негіздері

Пәннің коды: OKN1103

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жиенбаева Л.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: ««Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау»» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту

Курсты оқытудың негізгі мақсаты: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту. Төтенше жағдай кезінде өзара және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Азаматтық қорғаныстың оқулықтарымен таныстыру және өндірістік нысандардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу тұрақтылығын, құтқару мен кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды ұйымдастыруын оқытып-үйрету. Сонымен қатар Төтенше жағдай кезінде халықтың іс-әрекеті мен психологиялық дайындығы туралы тақырыптарды қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.

Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

2.

Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов - М.: Высшая школа, 2002г.

3.

Атаманюк В.Г., Гражданская оборона: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа , 1986 г.

4.

Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва ВШ, 2001.

5


Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.

6

Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Әбікенов Ж

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану., т.б. қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста оқытылады.

Курстың мақсаты: Қоғамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік салалар, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік топ, тап, әлеуметтік дамудың түрлері мен бағыттарын білуі керек;жеке тұлғалардың әлеуметтік статусын, әлеуметтік мобильділік ұғымын;әлеуметтік тәртіптті, әлеуметтік шиеленістің шешілу жолдарын, басқарудың тиімді жақтарын; социологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін жетік меңгеріп, түсінулері керек.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда.

Әлеуметтану пәні де Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқытылатын әлеуметтік гуманитарлық пәндер қатарына қосылады.

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002

4. Арон Р. “Этапы развития социологической мысли” М,1992

5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004

6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. “Социология” М,2005

7.Р.Әбсаттаров., М.Дәкенов “Әлеуметтану” алматы, Ғылым, 2003

8.М.Әженов., М.Садырова “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” Алматы, Қазақ университеті, 2002

9.“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 , 4-том

10. .“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 ,3-том

11. .“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 , 5-том

12.Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ

Алматы: Ғылым,1995

13.Абай “Қара сөздері” . Алматы, 1993

14.Тажин .М., Аяған.Б. Социология негіздері. Алматы,1992



15.Сорокин. П. Человек. Цивилизация.Общество. М.,1992

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ETN2107

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Шайхисламова Г.

Курстың мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Постреквизиттер: Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді;Студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды;өндірістің негізгі факторларын;рынок қызметтерімен инфрақұрылымын;әлеуметтік экономикалық жағдайларды талдау;қазірігі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998,

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999,

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993,

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: FiL2111

Пәннің типі: Жалпы, міндетті пән.

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Оспанов Б.

Пререквизиттер: Мәдениеттану, адам және қоғам.

Постреквизиттер: Саясаттану, әлеуметтану

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдыққа, өзін-өзі сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

2. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

4. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

5. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

6. Кішібеков Д. Философия.–А., 2005

7.Шаймухамбетова Г.Б. Арабоязычная философия средневековья и классическая философия. – М., 1979.

8. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. – А.,

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Оптика

Пәннің коды: Opt 2207

Пәннің типі: Базалық, міндетті пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші - аға оқытушы Аманбаева М.

Курстың мақсаты: Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын осы теориялық курстың жалғасы болып табылатын салыстырмалықтың арнайы теориясы мен электродинамиканы, кванттық механиканы және ядролық физика т.б. теориялық физика бөлімдерін оқу барысында қолдана алады.

Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент жалпы физика курсының механика, электр бөлімдерін,молекулярлық физика және термодинамика, оптика, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияны жақсы меңгеруі қажет.

Курстың мазмұны: Оптика жалпы негізгі ұғымдарға: кеңістік пен уақыт туралы түсініктерге, салыстырмалық принципіне, себептілік принципіне, сақталу заңдарына және олардың кеңістіктік – уақыттың симметриялық қасиеттерімен байланысына, вариация принциптеріне көңіл бөлінеді. Аналитикалық механиканың негіздері атом және атом ядросы физикасының жалпы ұғымдарын және әдістерін оқытудың маңызды элементі болып табылады. Сондықтан осы бөлімнің соңы динамиканың ең маңызды принциптері мен есептеріне арналады.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Б.С.Арысханов. Физика. - Алматы,1997ж.

2.В.С.Волькенштейн. Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: Мектеп,1974.

3.Е.М.Гершензон, Н.Н.Малов. Курс общей физики. Механика - М., Просвещение,1987.

4.А.А.Детлаф, Б.М.Яворский. Курс физики. - М.,Высшая школа,1986.

5.А.Н. Матвеев Учебное пособие.-М.;Высшая школа,1989

6.И.В.Савельев. Курс физики - М., Наука, 1987. Т.1

7.Д.В.Сивухин. Общий курс физики - М., Наука, 1987,Т.1

8. С.П.Стрелков..Механика - М., Наука, 1975.

9.С.Э.Фриш, А.В.Тиморева. Жалпы физика курсы. – Алматы, 1977.

10.Жоғары математика. Қысқаша курс. /Айдос Е.- Алматы, 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Классикалық механика

Пәннің коды: KM 2209

Пәннің типі: Базалық, міндетті пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Сейсенов Б. - философия ғылымдарының докторы, профессор.

Пререквизиттері:Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент жалпы физика курсының механика, электр бөлімдерін, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияны жақсы меңгеруі қажет.

Курстың мақсаты: Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын осы теориялық курстың жалғасы болып табылатын салыстырмалықтың арнайы теориясы мен электродинамиканы, кванттық механиканы және т.б. теориялық физика бөлімдерін оқу барысында қолдана алады.

Курстың мазмұны: Классикалық механикада жалпы негізгі ұғымдарға: кеңістік пен уақыт туралы түсініктерге, салыстырмалық принципіне, себептілік принципіне, сақталу заңдарына және олардың кеңістіктік – уақыттың симметриялық қасиеттерімен байланысына, вариация принциптеріне көңіл бөлінеді. Аналитикалық механиканың негіздері классикалық механиканың жалпы ұғымдарын және әдістерін оқытудың маңызды элементі болып табылады. Сондықтан осы бөлімнің соңы динамиканың ең маңызды принциптері мен есептеріне арналады.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет

1. Жирнов Н.И. Классическая механика. –М.: Просвещение, 1980.-303с.

2. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике.-М.: Наука, 1972.-448с.

Қосымша әдебиет

1. Айзерман М.А. Классическая механика.-М.: Наука, 1980.

2. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Краткий курс теоретической физики. Механика. Электродинамика. – М.: Наука, 1969, 1972.-272с.

3. Ольховский И.И. Курс теоретической механики для физиков. –М.: Изд-во МГУ, 1978.-575с.

4. Голдстейн Г. Классическая механика.-М.: Наука, 1975.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Этнопедагогика

Пәннің коды: Etn2203

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Бекмұрзаева Р.А., Омарбекова Г.О.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: Педагогика, Мәдениеттану, Қазақстан тарихы, Педагогика тарихы, Тәрбие теориясы

Курсты оқытудың негізгі мақсаты:. Cтуденттерді халықтық педагогиканың негізгі идеялары және тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен қолдана алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-методологические проблемы: Автореф. дис. … канд. пед. наук. – М., 1988.

2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.

3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Гылым, 1998.

4. Этническая педагогика /Под ред. В.А. Пятина и др. – Астрахань, 1995.

5. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. – Алматы, 1999.



6. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы, 1994.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мектеп гигиенасы және жас ерекшелік физиологиясы

Пәннің коды: VFShG2206

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Берденкулова А.Ж., Избасарова Ж. Ж

Пререквизиттер: Анатомия, экология, психология.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс студенттерге педагогикалық практика кезінде мектепте педпрактикалық жұмыстарды дербес орындау үшін қажетті мәліметтер береді. Балалардың өсіп дамуы тоқтаусыз жүріп жатқанымен олардың қарқыны өсу кезінде біркелкі емес. Сондықтан баланың организмі ересек адамнан өзгешеленгенмен, өзінің түрлі өсу кезеңдеріне сәйкес ерекшеліктері болады Олар сан жағынан да сапа жағынан да байқалады. Осыған орай баланың мінез-құлқы, ой өрісі мен дүниетанымы байқалады. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін әр педагог мектептегі балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін терең білуі қажет. Сонымен қатар, жоғарғы жүйке әрекетінің, сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктері және сыртқы ортамен мектеп ғимаратына арналған гигиеналық талаптар қамтылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Дүйсембин Қ. Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003ж.

  2. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы Алматы, 1196ж.

  3. Матюшонок М.Т., Турик г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы Мектеп. 1986ж.

  4. Петришина О.Л., Попова Е.Т. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Алматы, 1984ж.

  5. Хрипкова А.Т., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология. Москва. 1999ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қатты дене механикасы

Пәннің коды: CV2203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Раимбаева Ж.С. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Пререквизиттер: Механика.

Постреквизиттер: Классикалық, кванттық механика. Қатты дене физикасын оқып үйрену барысында студент әр түрлі денелердің физикалық қасиеттерін, олардың негізгі сипаттамаларымен, параметрлерімен таныса отырып, практикада осы денелерді қолданып әртүрлі құрылғылар жасау, өндірістік мақсаттар үшін пайдалану, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жайында мәліметтер алады.

Курстың мақсаты: Қатты дене механикасын оқып үйрену барысында студент әр түрлі денелердің физикалық қасиеттерін, олардың негізгі сипаттамалары мен параметрлері туралы білім игеріледі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қатты дене қозғалысы. Қозғалыс мөлшерінің моменті. Айналған қатты дененің кинетикалық энергиясы. Дененің жазық қозғалысы. Кейбір денелердің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Жазық қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. Еркін осьтер. Инерцияның бас осі. Қатты дене динамикасының заңдарын қолдану. Гироскоп. Гироскопиялық күштер. Еркін гироскоптың қозғалысы.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Б.С.Арысханов. Физика. - Алматы,1997ж.

  2. В.С.Волькенштейн. Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: Мектеп,1974.

  3. Е.М.Гершензон, Н.Н.Малов. Курс общей физики. Механика - М., Просвещение,1987.

  4. А.А.Детлаф, Б.М.Яворский. Курс физики. - М.,ВШ, 1986.

  5. Н.Қойшыбаев, А.Шарықбаев. Физика оқу құралы. – Алматы, 2001.Т.1.

  6. А.Н.Матвеев. Механика и теория относительности. – М., 1976.

  7. И.В.Савельев. Курс физики - М., Наука, 2005. Т.1

  8. Д.В.Сивухин. Общий курс физики - М., Наука, 1987,Т.1

  9. С.П.Стрелков. Механика - М., Наука, 1975.

  10. С.Э.Фриш, А.В.Тиморева. Жалпы физика курсы. – Алматы, 1977.

  11. С.Э.Хайкин. Физические основы механики. - М., Наука, 1976

  12. Жоғары математика. Қысқаша курс. /Айдос Е.- Алматы, 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Астрофизика негіздері

Пәннің коды: CV2203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ешимова Ұ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.

Пререквизиттер:Механика

Постреквизиттер: Астрономия, физиканы оқыту әдістемесі.

Курстың мақсаты: Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы және дамуы жөнінде физика пәнімен байланыстырып, жалпы түсініктер қалыптастыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дәріс сабақ: Әлемнің құрылымысының көзқкрастарының дамуы.Күн жүйесінің кинематикасы. Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау. Қазіргі көзқарас бойынша Күндік Жүйенің құрылуы. Рәуліктік паралакс. Тұтылудың жиілігінің шарттары. Аспан механикасының негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Астрофизика және радиоастрономияның құралдары мен әдістері. Күн жүйесінің физикасы. Жұлдыздар физикасы. Біздің галактика. Телекскоптар және оның қолданылуы. Жарық көзінің негізгі мінездемелері Аспан денелерін зерттеудің атмосферадан тыс әдістері.

Семинарлық сабақ: Аспан сфрасы және астрономиялық координата жүйесі. Аспан сферасы элементтерін оқу. Жасақталған көзбен аспанды қарау. Телескоп арқылы Айды, планетаны, екілік және айнымалы жұлдыздық, шоқжұлдыздарды тұмандықтарды, құсжолы, қарау. Телескоп арқылы Айды, Күнді, планетаны, екілік және айнымалы жұлдыздық, шоқжұлдыздарды тұмандықтарды, құсжолы, қарау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс жасау. Уақыт және оның өлшем бірлігі. Бүкіләлемдік тартылыс заңы және екідене есебі. Рефракторлар. Айналық-линзалық телескоптар.Осы телескоптарда сәулелердің өтуі. Спектральді анализдің негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. Курс общей астрономии. – М.: Наука, 1983

  2. Астрономия / Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин И.А., Чаругин В.М. – М.: Просвещение, 1983

  3. Дагаев М.М. Книга для чтения по астрономии. –М.: Просвещение, 1980.

  4. Куликов К.А. Курс сферической астрономии.-М.: Наука, 1979.

  5. Марленский А.Д. Основы космонавтики. Факультативный курс. – М.: Просвещение, 1985.

  6. Зигель Ф.Ю. Звездная азбука.- М.: Просвещение, 1980

  7. Навашин М.С., Телескоп астронома-любителя. – М.: Наука, 1979

  8. Белов К.П., Бочкарев Н.Г. Магнетизм на Земле и в космосе. – М.: Наука, 1983.

  9. Гуревич Л.Э., Чернин А.Д. Происхождение галактик и звезд. – М.: Наука, 1983

10.Симоненко А.Н. Метеориты – осколки астероидов – М.: Наука, 1979.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Реал газдардағы фазалық алмасулар

Пәннің коды: CV2204

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Абдикаримов Б. - физика-математика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор

Пререквизиттер: Механика, Молекулалық физика

Постреквизиттер: Термодинамика және статистикалық физика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында реал газдарда жүретін физикалық процестермен толық танысып, олардағы фазалық алмасуларды зерттеп, реал газдардың қасиетін идеал газдардың қасиетімен физикалық заңдылықтар, формулалар негізінде салыстырып білімін толықтырады. Алған білімін іргелі физикалық зерттеулерде, дипломдық жұмыстар орындауда пайдалана алады.

Курстың мақсаты: реал газдардың ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу, сұйық-бу фазалық алмасу теориясын оқыту, реал газдардың тәжірибелік нәтижелерімен теориялық жолмен алынған мәліметтерін фазалық нүктесінде саралау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Реал газдардың идеал газдардан айырмашылығы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.Сындық шамалар және оларды анықтау жолдары. Тәжірибе негізінде алынған изотермалар мен Ван-дер-Ваальс изотермаларын салыстыру.Бу-сұйық фазалық алмасуы. Опалесценция құбылысы. Флуктуация. Бірінші текті фазалық алмасудың шекарасы. Екі фазалы және метастабильді күйлер.Реал газдардың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Газдарды сұйылту және төменгі температураны алу. Реал газдардағы фазалық алмасу. Газдың тығыздығы мен молекулалық салмағын анықтау. Газдың тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылығына қатынасын анықтау. Ауаның тұтқырлық коэффициентін анықтау. Ауаның жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау. Больцман тұрақтысын анықтау. Ауаның ылғалдылығын және Ассман психрометрінің тұрақтысын анықтау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Л.Д.Ландау, А.И.Ахиезер,Е.М.Лифщиц . Курс общей физики. Механика и молекулярная физика. – М., 1965. 384 с.

2. Е.М.Гершензон, Н.Н.Малов. Курс общей физики. Молекулярная физика. – М.,1982.

3. А.А.Детлаф, Б.М.Яворский. Курс физики – М., ВШ, 1989.

4. Е.А. Штраус. Физические основы механики, термодинамики и молекулярной физики. –«Суд пром гиз. 1961. -484 с.

5. Д.В.Сивухин. Общий курс физики - М., Наука, 1987.

6.И.В. Савелев. Курс физики. Т.1, Механика и молекулярная физика - М., 1989. 380 с.

7.Б.Ж. Әбдікәрімов. Молекулалық физика. - Қызылорда, 2003. 162 б.



Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сұйықтар физикасы

Пәннің коды: CV2204

Пәннің типі: Базалық, таңдау пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алмагамбетова А.- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Пререквизиттер: Механика, молекулалық физика.

Постреквизиттер: Термодинамика және статистикалық физика, Атомдық және ядролық физика. Студент пәнді игеру барысында сұйықтардың физикалық қасиеттерін толық зерттеп, зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен танысады. Сонымен қатар сұйықтардың қасиеттерін қатты денелермен, газдармен, плазмалық денелермен салыстыра отырып, физикалық талдаулар жасайды. Бұл студенттің физик маман ретінде қалыптасуындағы теориялық білімін тереңдетеді.

Курстың мақсаты: Сұйықтардың құрылысы мен физикалық сипаттамаларын теориялық және практикалық тұрғыда зерттеу. Сұйықтардағы фазалық алмасу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Заттардың агрегат күйлері. Сұйықтар физикасы жайлы негізгі түсінік. Сұйықтар құрылымы. Молекулааралық өзара әсерлер. Өзара әсер энергиялары. Жылулық қозғалыс әсерінен сұйықтарда жүретін процесстер. Байланыстардың құрылу және ыдырау реакциялары. Коллективтік және коллективтік емес реакциялар. Сұйықтарда жүретін элементар реакциялар. Реакциялардың характеристикалық уақыттары. Сұйықтарды эксперимент түрінде зерттеудің диэлектрлік радиоспектроскопия әдісі. Сұйықтарды зерттеудің акустикалық спектроскопия әдісі. Сұйықтарды зерттеудің Релейлік спектроскопия әдісі. Пикосекундық спектроскопия әдісі. Магниттік спектроскопия. Инфрақызыл спектроскопия. Сұйықтарды нейтрондар шашырауы арқылы зерттеу әдісі. Сұйықтарды зерттеудің Рентген сәулелерінің дифракциясы әдісі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Л.Д.Ландау, А.И.Ахиезер, .М.Лифщиц. Курс общей физики. Механика и молекулярная физика. – М., 1965. 384 с.

2. Е.М.Гершензон, Н.Н.Малов. Курс общей физики. Молекулярная физика. – М.,1982.

3. А.А.Детлаф, Б.М.Яворский. Курс физики – М., ВШ, 1989.

4. Е.А. Штраус. Физические основы механики, термодинамики и молекулярной физики. –«Суд пром гиз. 1961. -484 с.

5. Д.В.Сивухин. Общий курс физики - М., Наука, 1987.

6.И.В. Савелев. Курс физики. Т.1, Механика и молекулярная физика - М., 1989. 380 с.

7.Б.Ж. Әбдікәрімов. Молекулалық физика. - Қызылорда, 2003. 162 б.

8.И.И. Новиков Фазовые переходы и критические точки между твердотельными фазами. – М. Наука. 2008. 161 с.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Атом және атом ядросы физикасы

Пәннің коды: FAAYa 3208

Пәннің типі: Базалық, міндетті пәні

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Аманбаева М.- аға оқытушы.

Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент жалпы физика курсының механика, электр бөлімдерін,молекулярлық физика және термодинамика, оптика, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияны жақсы меңгеруі қажет.

Курстың мақсаты: Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын осы теориялық курстың жалғасы болып табылатын электродинамика және арнайы салыстырмалық теория мен электродинамиканы, кванттық механиканы және ядролық физика және заттардың электрондық теориясы, теориялық физика бөлімдерін оқу барысында қолдана алады.

Курстың мазмұны:

«Атом және атом ядросы физикасы» пәні бойынша белгіленген бағдарлама «Физика» мамандығында оқитын студенттерге берілетін білім көлемін анықтайды.

Лекция мазмұны тек қана теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар практикалық мазмұны бойынша есептермен, сызбалармен, таблицалық материалдармен қамтылған. Лекцияның бұлай жабдықталуы студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.

Практикалық сабақтар мазмұны лекцияда көрсетілген мысалдар мен теоремаларды басшылыққа ала отырып есептер шығарудағы кәсіби біліктілікке дағдыландырады.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Арысханов Б.С. Физика. - Алматы,1997ж.

  2. Ахметов.А.Қ. Физика Алматы 2000. Н.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикасының баспа кабинеті

  3. Волькенштейн В.С. . Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: Мектеп,1974.

  4. Гершензон Е.М. ,.Малов Н.Н. . Курс общей физики. Оптика и ядерная физика М., Просвещение,1987.

  5. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. - М.,Высшая школа,1986

  6. Евгарафова Н.Н.,Касан. Н.Н. “Руководство к лаборатоным работам по физике”. М.“Высшая школа”, 1970 ж.

  7. Жанабергенов К.Ж.,“Кванттық механика” Алматы, “Рауан”, 1998 ж.

  8. ЖанабергеновК.Ж..,“Электроника негіздері”.А.Алматы.“Рауан”,1997 ж.

  9. Жұманов К.Б. Атомдық физика негіздері;Оқұ құралы. Алматы;Қазақ университеті.

10.Кадыров Н. Ядролық физика негіздері.Алматы: Қазақ университеті.2000ж

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Электродинамика және АСТ

Пәннің коды: ESTO 3210

Пәннің типі: Базалық, міндетті пәні

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Калиев Б. – техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.

Пререквизиттері: Курс бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент жалпы физика курсының электр және магнетизм тарауларын толық меңгеруі қажет.

Курстың мақсаты: Курсты толық меңгерген студент курс материалдарын физиканың басқа тарауларын оқығанда және практикада қолдана алады.

Курстың мазмұны:

«Элеткродинамика» курсы теориялық физиканың үлкен тарауы, «Физика» мамандығында білім алып жатырған студенттердің білім көлемін анықтайды.

Лекция мазмұны теориялық материалдармен қамтылған.

Практикалық сабақтар мазмұны лекцияда көрсетілген материалдарды басшылыққа ала отырып, студенттердің өзбетінше жұмыс істеуіне жағдай туғызады.



Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1.Д.И.Пеннер, В.А.Угаров. Электродинамика и специальная теория относительности. –М., 1980.

2.И.Е.Тамм. Основы теории электричества. –М., 1976.

3.А.И.Алексеев. Сборник задач по электродинамике. М., 1970.



Қосымша әдебиеттер

1.В.К.Власов. Макроскопическая электродинамика. М., 1971.

2.М.Борн. Эйнштейновская теория относительности. М., 1964.

3.С.В.Измаилов. Курс электродинамики. М., 1962.

4.В.А.Угаров. Специальная теория относительности. М., 1977.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физиканы оқытудың әдістемесі

Пәннің коды: MPF 3301

Пәннің типі: Базалық, міндетті пәні

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Сейсенов Б. – философия ғылымдарының докторы, профессор.

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері: Пәннің оқытылуы студенттердің төменгі курстардағы педагогика, психология, жалпы және теориялық физика курстарынан алған біліміне сүйенеді. Сонымен қатар, студенттердің арнайы курстары мен таңдау компоненттерден алған білімі ескеріледі. Алған білімдері педагогикалық практика өту кезінде пайдаланылады

Оқу пәнінің қысқаша сипаттамасы:Физиканы оқыту әдістемесі пәні жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті теориялық білімдердің, дағдылар мен шеберліктің көлемін, сол сияқты орта мектептегі физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтайды.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері – Алматы, 2006.

2. Бугаев А.И.Методика преподавания физики в средней школе;Теорет.основы.М.: Просвещение, 1981-288с.

3. Жаңабергенов К.Ж., Құдайқұлов М. Физиканы оқыту әдістемесі – Алматы; Рауан, 1998

4. Қалығұлов А.Ж. Физиканы оқыту методикасы (жалпы мәселелер) Алматы: Рауан. 1992-208б.

5. Методика преподавания физики в 7-8 классах средней школе / Под.ред. А.В.Усовой; -М.: Просвещение, 1990-319с.

6. Методика преподавания физики в 8-10 классах средней школе /Под ред. В.П.Орехова и А.В. Усовой; -М.: Просвещение, 1980.

7. Методика преподавания физики в средней школе:/Под ред.С.Е.Каменецкого.–М.:Просвещение,1987-336с.

8. Методика преподавания физики в 8-10 классах средней школе / Под ред. А.В.Усовой; -М.:Просвещение 1980.

9. Научные основы школьного курса физики / Под ред. С.Я.Шамаша, Э.Е.Эвенчик – М.: Педагогика, 1985-240с.



10. Основы методики преподавания физики в средней школе / Под ред. В.Г.Разумовского – М.: Просвещение 1984.

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет