Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


В.В.Радлов – қазақ фольклорын зерттеуші



бет18/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org
8 сын тест қаз тарихы, Д ниеж зі тарихы 8сынып Та ырыпты тесті Англия, medicinadagy latyn tili, РА презент, Правила волейбола, фольклор 1-6 сұрақ
24. В.В.Радловқазақ фольклорын зерттеуші
Василий Васильевич Радлов— Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі.

В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналғанды . Оның 1-кітабы – алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы – қазақ; 4-кітабы – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.


Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері", бата сөз, жоқтау, бақсы , «Ертегілер», «Батырлар жыры» болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған.
Сонымен бірге В.В.Радлов ауыз әдебиетінен батырлар жырын жинаумен де айналысып, ел аузында сақталуына үлкен үлес қосқан.

25. Жаңылтпаш жанрының үлгілерін талдау
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн 1862 жылы жазылған Әбубәкір Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Қазақ әдебиетінде жаңылтпаш жанрының ғылыми маңызына алғаш рет назар аударып, зерттеген адам – Сәкен Сейфуллин едi. Ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты зерттеуiнде былай деп жазады: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын кiтапта зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, күлкi де туғызады.
Мәселен:
«Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?», - деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, «Ақ таяқ па? Қара таяқ па?», болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi. Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған.
Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.
Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың толымдысы, толымсызы болады.Толымсыз шумақтар жаңылтпашта және ауыз әдебиетінің кейбір ұсақ жанрларында ғана кездеседі. Қос тармақты жаңылтпаш шумақтарының кәсібі толымды болып келеді.Жаңылтпаштың тармақ саны мен тармақтағы буын саны неғұрлым шағын болса, шумақ соғұрлым жинақы да ширақ естіледі.
Жаңылтпаш құрылысында қайталаулар еркекше орын алады. Олар үш түрлі болып келеді. Дыбыс қайталау, буын қайталау және сөз қайталау. Дыбыс қайталау мен буын қайталау, әдетте жаңылтпаштардың үндестігін арттырып, көркейту қызметін атқарады және көбінесе қайталаудың бұл екі түрі жарыса қатар жүреді.Жаңылтпаштар құрылысында сөз қайталаудың да мәні зор. Сөздер көбіне тармақтардың аяғында қайталайды және ойды жалғастыру, бір шумақта тұрған тармақтарды бір-бірімен байланыстыру қызметтерін атқарады.Жаңылтпаштың бала тiлiн жаттықтыруға байланысты қызметi – оның басты мiндетi. Бұл орайда, жаңылтпаштың тiлге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн.
Қорытындылай келе,Жаңылтпаштар өз ұлтын, өз мұрасын білуге үйретеді. Жаңылтпаштар баланың дүниетанымын, тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-әрекетке үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет