Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Дауыссыздардың тіркесі, сөз (буын) соңындағы қос дауыссыз, қайталама дыбыстар туралы айтыңыз



бет29/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
54.Дауыссыздардың тіркесі, сөз (буын) соңындағы қос дауыссыз, қайталама дыбыстар туралы айтыңыз.
Дыбыстар үндестігі бойынш а қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек ұяңдар, үндіден соң негізінен ұяңдар, үнділер ғана тұра алады. Сөздің құрамындағы дауыссыздар дауыстылардың ыңғайына қарай бірыңғай не жуан, не жіңішке болып үндесіп айтылады.Қазіргі тілімізде табиғи дыбыс тіркестерімен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жалпы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер бар Сөйте тұра, кірме сөздердің түбірінде қолданылуы, ұяңнан соң ұяң дауыссыз келеді дейтін заң ға сиып тұр. Дәл осындай ұяңдар тіркесі ғб екі-ақ сөзде ұшырайды: бағбан (бақ-бан), қағба. Байырғы сөздерде мұндай тіркес жоқ. Бұл да дыбыстық заңға қайшы келмейді. Ал бағлан сөзіндегі ғл олай емес.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесін үш тұрғыда (позицияда) қарастыру керек болады:1) түбір (морфема) деңгейінде,2) түбір мен қосымша жігінде (жапсарында),3) сөз бен сөздің аралығында (бунақ ішінде).Қос дауыссыз дыбыстар сөздің әртүрлі бөліктерінде (мысалы, префиксте және түбірде) көршілес екі бірдей дауыссыз дыбыс болса, алынады: астында + ұстап тұру, өшіру + сүйреу, жарыс + құрастыружәне т.б.
ДЫБЫС ҚАЙТАЛАМАбіркелкі, не үндес дыбыстарды бірнеше рет қайталау арқылы сөздердің бір-бірімен үйлесімділігін арттыру тәсілі. Әсіресе өлеңде жиі қолданылады. Өлеңдегі ұйқастың өзі де біркелкі, не ұқсас дыбыстарды қайталау негізінде пайда болатын сөз үйлестігінің бір түрі деуге болады. Ал Д. қ. сан қилы болып келеді. Өлең ұйқасы секілді тармақтардың алдында ғана емес, кез келген жерде кездесе береді, және қатарынан бірнеше сөздерді қамтуы мүмкін. Мыс., «Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын жарысад. Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтін бір елеспен Жарысып жарға барысад…» Мағжанның»Толқын»атты өлеңінен келтірілген осы екі шумақтан дыбыс қайталау тәсілінің басты сипат-өзгешелігін айқын байқауға болады. Д. қ. кейде сөзді қайталау арқылы да жасалады.
55..Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты түрлері және олардың негізгі ерекшеліктері туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Сөйлеу я жазу үстінде сөз қалай болса солай қолданылмайды. Адам қашанда өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халықтық лексикадан іріктеп, талғап-таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздерімен жүйеленіп, бірбеткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқты қарапайым заттық-логиккалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін бояулы-мәнерлі сөздердің стильдік қызметі де бір-бірінен ерекше. Осыдан барып сөздердің функционалдық-стильдік қызметіне байланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді қолданудың қалыптасқан үйреншікті орны, үлгісі болады. Әр сөз өзінің дағдылы орнында тап басып қолдануды талап етеді.Тілдегі функционалдық стильдер іштей сараланып, әлденешеге бөлінгенімен, тіпті де бір-бірінен алшақ жатқан, кереғар дүние емес, олар өзара байланысты, аражігі жылжымалы. Стильдің бір түрінен басқа стильдерге тән сөз қолданыстарды кездестіруге болады. Функционалдық-стильдік салалардың негізінде жалпы халықтық лексика жатыр. Мәселе сол жалпыхалықтық лексиканың қалай, қандай мақсатта қолдануына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет