Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Орыс тілінен енген сөздердің қолданысын зерделеңіз



бет26/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
47. Орыс тілінен енген сөздердің қолданысын зерделеңіз.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тілінде қолданылған орыс тілінен енген, орыс тілі арқылы келген интернационалдық лексиканың мағыналық шеңбері, тематикасы біршама кең. Ол сөздердің көбі саяси əлеуметтік өмірге,мəдениетке, оқу-ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым мен техникаға, т.б. байланысты атаулар еді. Самауыр (самовар), кереует (кровать), зәйімке (зимовка), шәйнек (чайник), болыс (волостной управитель), ояз (уезд), поштабай (почтальон), сот (суд), станса (станция), шәй (чай), божы (вожжи), ауылнай (аульный), мүк (мох), картоп (картофель), жандарал (генерал)
48. Үнді дауыссыз дыбыстар және олардың фонетикалық ерекшеліктері туралы баяндаңыз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң. Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.
49. Сөздік құрамның толығу, даму жолдарын сипаттаңыз.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум.жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет