Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы, дифтонг, дифтонгоид дыбыстар туралы айтыңыз



бет28/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
52.Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы, дифтонг, дифтонгоид дыбыстар туралы айтыңыз.
Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.[ • Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.• Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады.
53.Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер мен олардың түрлерін зерделеңіз.
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет