Фото үшін орын Қазақстан Республикасы


«100 жаңа тұлға» жобасына қатысу үшін



бет2/11
Дата02.07.2018
өлшемі2,84 Mb.
#45603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


«100 жаңа тұлға» жобасына қатысу үшін


үміткерге сауалнама





Аты-жөні




Саболинова Айгуль Аликовна

(жеке куәлік құжаты бойынша толтырылады)



Жұмыс орны және лауазымы, қызметі




Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

(жұмыс орнын, қызметін және құрылымдық бқлімшесін, лауазымының нақты атауын көрсету)






жынысы

әйел



Туған жері мен жылы

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, 1982 жыл






Ұлты

қазақ



Білімі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универститеті

(оқу орнының атауы,

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, 2007 жыл

бітірген жылы, мамандығы)






Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнаулы атағы

жоқ









Қандай мемлекеттік сыймен мараппатталды, мерзімі

жоқ






Марапаттың басқа да түрлері

Биылғы 2016-2017 оқу жылында байқауларға қатысып жүлделі орындарды иелендім. Облыстық, аудандық семинарларға қатысып өз іс-тәжірибеммен бөлістім.

2017 жылы сәуір айында аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017» Бас жүлде

2017 жылы мамыр айында облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017», ІІ орын

2017 жылы "Педагогтермен ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі" тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысып сертификатталды. №5887



Мекен-жайы, байланыс телефоны

Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Тоқаев көшесі №28 «А»






Қызмет саласы:

2005 жылы Жасталап ауылында Құлжабай атындағы мектепте лобарант қызметінен бастадым. 2006 жыл Қаратал ауданы Ж. Молдағалиев мектебіне қарасты Қожбан шағын комплектілі мектебінде педагог-психолог қызметін атқардым.

2009 жылдан бері Үштөбе қаласында Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келемін.








Табыс тарихы (туындаған мәселелерді шешу жолдары, мақсаттары, шешу механизмі, жеке қол жеткізген табыстары, ел дамуына қосқан үлесі туралы қысқаша сипаттама)




Мен Айгүл Аликқызы келешекке білім атты гүлдің қызғалдағын үзіп алып таратсам деген арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап алдым. Сондықтан ұстаздық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте істеген аз уақыттың ішінде өзіндік педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты. Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына апаратын жол- білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы, басшы болары сөзсіз. Бұл орайда ұстазға артқан сенім өте зор. Осы еңбек жолында 2017 жыл «Ғажайып математика» атты қолданбалы курс авторлық бағдарламасын құрастырдым. Бұл бағдарламаның мақсаты:

Логикалық тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыта отырып, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын еркін дәлелдеуге, ізденімпаздыққа үйрету.



Міндеттері:

1. Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады.

2. Көздеген мақсатқа жету үшін өз бетінше іздену әрекеттері қалыптасады.

3. Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйренеді.Яғни, ақпаратты сауатты қолдана білуін қалыптастыру.

4. Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.

5. Өз пікірін айту және дәлелдеу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

6. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

7. Қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ерік-жігерлерін дамыту.



Күтілетін нәтиже

-баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады;

-математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді;

-оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарлама мазмұнында оқушылардың математикалық сауаттылығын, білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар топтамасынан тұрады. Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажет. Танымдық тапсырмалар қазіргі заманғы жаңаша оқыту тәсілдері арқылы берілді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен жеткілікті көлем мен жүйелілік пен мақсаттылық болуы керек. Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті бұл тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау. Олар оқушыны ойлана білуге баулып, оның логикалық ойын дамытып, пәнді оқып-үйрену барысында алған білімін кеңейте түсуге тиімді. Оқушының білім деңгейі, іскерлік дағдыларына сәйкес сұрақтар мен тапсырмалар арқылы берілген. Сонымен бірге, тапсырмалардың пәнді терең меңгертуге үлкен көмегі бар. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Берілген құралды бастауыш сынып мұғалімдеріне қолданбалы курс ретінде математика пәнінен 4 сыныпқа пайдалануға болады.







Кандидатура және мінездеме




Саболинова Айгуль Аликовна




( «100 жаңа тұлға» байқауына үсынылатын тұлғаның АТЖ көрсетіледі)

Ұжым қызметкерлерінің жалпы жиналысында (конференцияда) қарастырылды және бекітілді







(ұйым, орган , қоғамдық бірлестік атауы,


талқылау мерзімі)

14. Фото және басқа да мәліметтерді растайтын құжаттар тізімі




Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет