Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет14/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan
ссылка Айналайын, 09.10 матем, 260538
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі майлы дақылдардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз?
2. Негізгі майлы дақылдардың өсіп жетілу кезеңдеріне сипаттама беріңіз?
3. Майлы дақылдардың классификациясының принципі қандай?
4. Майлы дақылдардың өкілдері мен олардың ерекшеліктері?
5. Майлы дақылдардың адам өміріндегі, табиғаттағы, өндірістегі алатын орны?


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары


1 тақырып Майлы дақылдардың морфологиясы
Мақсаты: Майлы дақылдардың құрылыс ерекшеліктерімен, өсіп жетілу
кезеңдерімен таныстыру
Жоспар:
1 Майлы дақылдардың шаруашылық маңызы. Күнбағыс.
Биологиялық ерекшеліктері.
2 Майлы зығыр. Қыша. Рапс. Арыш.
Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.
Жалпы түсінік
Майлы дақылдар әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жатады: астра тұқымдасына - күнбағыс, мақсары, қырыққабат тұқымдасына ақ және көкшіл қыша, рапс, арыш, қышабас, крамбе, яснотка тұқымдасына - көкнәр, ляллеманция, сүттіген тұқымдасына – майкөне, бұршақ тұқымдасына,- жер жаңғағы, күнжіт тұқымдасына – күнжіт. Солтүстік Қазақстанда өндірістік маңызы бар дақылдарға күнбағыс,майлы зығыр, жаздық рапс, көкшіл қыша және арыш жатады.
Әртүрлі ботаникалық тұқымдастардың өкілдері бола отырып (қырыққабат тұқымдасынан басқалары) майлы дақылдар вегетативтік және генеративтік органдардың құрылысы бойынша бір –бірінен қатты ажырасады.
Майлы дақылдардың тұқымдары (немесе жемістері) қолайлы жағдай туғанда (жылу, ылғал, оттегі) тұқым жарнақтарының жапырақтарынан егін көгін түзе өседі. Тұқым жарнақтарының жапырақтары ашылып, ассимиляция қызметін бастағаннан кейін олардың арасында орналасқан бүршіктен алғашқы нағыз жапырақтар пайда бола бастайды. Тұқым жарнақты жапырақтардың да, алғашқы нағыз жапырақтардың да пішіні, мөлшері (ені, ұзындығы) және түктілігі бойынша бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады.
Егін көгі шыққаннан кейін сабақтың қалыптасуы мен жапырақтардың түзілуі сабақтың төбесіндегі өсу нүктесінде болады. Майлы дақылдар сабақтың биіктігі, бұтақтылығы, көлденең қимасының пішіні мен түктілігі бойынша жақсы ажырасады.
Майлы дақылдар жапырақтарының құрылысы мен мөлшері, сабақта орналасуы (кезектесіп, қарама-қарсы), типі (жай сағақты, жай отырған), тақтасының пішіні мен ара тістілігі – ажыраталады. Капуста тұқымдас майлы дақылдары (рапс, қыша, қышабас, арыш) бір-бірінен айыру қиынырақ.
Шанақтану және гүлдену кезеңдері өсімдіктер дамуының маңызды сатылары болып табылады, бұл кезеңдерде гүл шоғыры мен гүлдер түзіледі. Майлы дақылдарда әртүрлі типтегі гүл шоғыры мен гүлдер болады, олар күлтеше жапырақшалардың пішіні, мөлшері мен түстері бойынша ажыратылады. Жер жаңғағы мен күнжіт гүл шоғырын түзбейді, тек қана жекелеген гүлдері жапырақтар қолтығында отырады.
Майлы дақылдарда тұқымдық материалға жемістері де (күнбағыс, мақсары, крамбе), нағыз тұқымдары да (қыша, рапс, арыш, зығыр, майкене, күнжіт, көкнәр, ляллеманция) пайдаланылады. Майлы дақылдардың жемістері мен тұқымдары бір-бірінен пішіні, мөлшері, бет сипаты мен түсі бойынша жеңіл ажыратылады. Капуста тұқымдас майлы дақылдар кейбір өзгешіліктерімен ерекшеленеді: олардың жемістері мен тұқымдарында көп ұқсастықтар болады.
Өздерінің жеке дамуында көптеген майлы дақылдар төмендегідей фенологиялық кезеңнен өтеді: тұқымның (жемістің) өнуі, көктеу (егін көгі), шанақтану, гүлдену, пісу.
Күнбағыс (подсолнечник) - Helianthus
Күнбағыс майлы және мал азығындық дақыл ретінде өсірілетін біржылдық мәдени өсімдік, ол вегетативтік органдарының қуатты өсуімен ерекшеленеді. Тамыры кіндікті, 2-3 м топырақ тереңдігіне бойлайды, бүйір тамырлары жақсы дамыған. Сабағы тік өседі, дөрекі қатты талшықтармен көмкерілген,борпылдақ паренхимамен толтырылған. Майлы сорттары бұтақты, биіктігі 2,5 м дейін жетеді. Жай жапырақтары сағақты, ірі, сопақ-жүрек пішінді, қатты талшықтармен жабылған. Төменгі жапырақтары (2-3 жұптары) қарама-қарсы орналасқан, айтарлықтай ұсақ, келесі жапырақтары кезектесіп келеді. өсімдіктің өсуіне қарай жапырақ тақтасы да ұлғаяды (10 сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет