География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе


Физикалық география курстарында экалогиялық



бет10/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

2.2. Физикалық география курстарында экалогиялық
білім және тәрбие беру методикасы.

" Казакстанның физикалық географиясы" пәні бойынша "Пайдалы қазбалар" тақырыбын экологиямен байланыстырып өткізуге болады. Оқушыны өз өлкесінің табиғат жағдайымен таныстыру оның туған жеріне деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына, патриоттық тәрбие алуына мүмкіндік береді. Табиғат байлықтарын ысырапқорлықпен пайдалану айналадағы ортаның жай-күйіне, тірі және өлі табиғат элементтері арасында қалыптасқан табиғи тепе-теңдік күйіне ықпалын тигізеді.


Орталық Казақстанда жабық және ашық әдіспен кең өңдіру ісі кең етек алып келеді. Кеніштердің шаң-тозаң болып шығаратын кездері екіге бөлінеді: оқтын-оқтын шаң-тозаң болып шығаратын кездер және шаң-тозаң болып шығаратын көздер. Тау-кен кәсіпорындарының ауаны ластауының тағы бір көзі шаң-тозаңның аса ұсақ минерал бөлшектерінің аэрозоль түрінде қалқып атмосфераға шығуы. Ауаның ластануына қарсы күрес жүргізген кезде биологиялық әдістерге газдарды жұту және шаң-тозаңдарды тұтып қалу үшін мүмкіндігінше ағаш, тал, өсімдіктер егуге ерекше назар аударған жөн. Атап айтқанда, Жезказған, Балқаш өндіріс орындарында өнеркәсіптік қалдық суларды тазарту үшін тазартқыш қондырғылар іске қосылды.
Материктер мен мұхиттар географиясы пәні бойынша «Әлем Халықтары Қазақстанда» тақырыбында өткен мәслихат сабақтың мақсаты — ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын бүкіл әлем халықтары танып отырған кезде, «жас географтар мәслихатын» өткізіп, жерімізді, елімізді келген қонактарға таныстыру және олардың отандарымен танысу.
Сабақта, глобус, Мемлекеттік ту, «Казақстан — 2030» — Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Дүниежүзілік саясикарта, Қазақстанның физикалық картасы, Жарты шарлар картасы, Зоогеографиялық карта, «Солтүстік Америка» , «Оңтүстік Америка», «Австралия», «Африка», «Евразия», «Антарктида»
материктеріне арналған альбом, «Гидросфера», «Литосфера», «Атмосфера» сөзтуымдары, геовикториналар қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет