Глоссарий абсентеизм



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1
5-АПТ в практике ОВП 5 курс 2022, социолог6, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Реферат Цитология, Добавить подзаголовок
Әлеуметтік саясат 
— қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік 
мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты ӛмір салтын орнатуға 
бағытталған саяси шешімдермен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың 
тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны кӛтеру, денсаулық сақтау, білімін кӛтеру, тұрғын 
үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады. 
Әмбебап партиялар 
— мүше санын емес, сайлаушылар санын кӛбейтуге тырысқан 
партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, 
этникалық, діни және т.б. ӛзгешеліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны 
соңғы жылдарда Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда. 
Бедел 
— саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы. Оның шиеленісті шешуге, дау-
дамайдың алдын алуға, елде тұрақтылық, татулықты орнатуға етер әсері зор келеді. Оның 
бәрі саяси қайраткердің адамдар мүддесін түсіне біліп, керегінде оны қорғай білуіне, 
парасаттылығына, адамгершілігіне, білімділігіне, адамдар тағдырына жауап бере білуіне, 
адалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады. 
Бейсаясаттық
—азаматтардың, халықтың бір бӛлігінің саясатқа, саяси ӛмірге самарқау, 
парықсыз, теріс кӛзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси ӛмірге қатысудан бас 
тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді. 
Бейтараптылық 
— 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) 
соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық 
кұқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік 
жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді. 
Билеуші партиялар
—қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты 
бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар. 
Билль 
— 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына 
ұсынылған заң жобасы; 2) жеке зандардың аты. Мысалы, құқықтар туралы билль. 
Билік 
— 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың 
(бедел, жігер, құқық, зорлықтың) кӛмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси 
билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік 
ӛкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет