Глоссарий абсентеизм


Дәуір  — қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы ӛзіндік ерекшеліктері бар  ұзақ кезеңі.  Деидеологизация



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1
5-АПТ в практике ОВП 5 курс 2022, социолог6, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Реферат Цитология, Добавить подзаголовок
Дәуір 
— қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы ӛзіндік ерекшеліктері бар 
ұзақ кезеңі. 
Деидеологизация 
идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық 
прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 
50—60 жылдарында Р. Арон, Д. Белл, Т. Парсонс сияқгы Батыстың ірі әлеу-
меттанушылары салды. 
Декларация 
— үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай 
болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме. 
Делегат 
— съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, 
ұжымның, партиянын мақсатын кӛздейтін ӛкілі. 
Делегирование 
— бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі. 
Демагогия 
— ӛз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді 
бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сӛз, 
шатпақ деген мағынаны білдіреді. 
Деморкация 
— екі елдің жерін анық бӛліп тұратын шекара. 
Демократия 
— халық билігін, зандылықты мойындап, азаматттардың тендігін, 
құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың 
сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау 
құқығы бәріне тең болуын, адамдардын экономикалық және саяси корғалуын, шешім 
қабылдағанда азшылықтың кӛпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі 
еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл 
— тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері ӛзгеріп, 
байып отырады. 
Демократиялық партиялар 
— басқаларға тӛзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір 
алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. 
Денонсация 
— келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. 
Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі. 
Деполитизация 
белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың 
ықпалынан шығаруға тырысушылық. 


Депортация 
— жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бӛлігін) еріксіз, күшпен жер 
аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар, Қырым татарлары, 
месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды. 
Деспотизм 
— 1) ӛкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың 
еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын 
мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет