Глоссарий тарихи үрдіс теориясы



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі17,57 Kb.
#196434
1   2   3
Байланысты:
шет елдер тарихнамасы глоссарий
Check Your English Vocabulary for Medicine 071367590X, ^Mсамооценка 2023 каз (копия) (копия), НЦНЭ (копия) (копия), Дн.docx, 1. Àäàì à çàñûíû å ëêåí ì øåñ³
Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси,қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы. 

Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі.Бұл терминді Ф.М.Вольтер,1765ж.өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде енгізді.Алайда,философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай бастады.Тарих фил-ң бірнеше типтері бар.1)Онтологиялық немесе субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды.2) Сыни,рефлективтік немесе аналитикалық т.ф. 

Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы.олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау.Бұл принцип тарихи құблстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді. 

«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған ғылыми бағыт.Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні: тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті ,яғни қоғамның барлық жақтарын суреттеуді кіргізді.Пәнаралылыққа үлкен мән берілді. 

Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары.Дет.барлық құбылыстардың жалпыға ортақ,заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы ілім.Индет.себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады. 

Каузалдық- себептілік.Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория. 

Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық.экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиытығы.Оған: философиялық материализм мен диалектика,қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады. 

Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық, ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап,мәдени дәстүр бірлігін бекітетін әлеуметтік-психологилық күйі. 

Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет