Глоссарий тарихи үрдіс теориясы



бет3/3
Дата12.12.2023
өлшемі17,57 Kb.
#196434
1   2   3
Байланысты:
шет елдер тарихнамасы глоссарий
Check Your English Vocabulary for Medicine 071367590X, ^Mсамооценка 2023 каз (копия) (копия), НЦНЭ (копия) (копия), Дн.docx, 1. Àäàì à çàñûíû å ëêåí ì øåñ³
Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің динамикасы мен өзараәрекеті деп қарастырды.Пассионарлық – бұл жекелеген тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін жоғары мақсатшлдығы. 

Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу жәнереттеуге бағытталды.Яғни теориядан бас тартты. 

Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп түсіну.Ол- барлық әлемдік діндерге тән. 

Революция-төңкеріс,өзгеріс.Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым өткір формасы.Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына өтуі болып табылады. 

Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы.Еңбек құралдарына машина, жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады.Жалпыға ортақ еңбек құралы жер болып табылады.Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы кіреді.Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді. 

Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі; маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді.2)Қоғамдық дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан кейінгі белгілі сатысы. 

Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер. 

Эпистемология- таным теориясы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет