«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/13
Дата10.11.2019
өлшемі364,26 Kb.
#51493
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
хал ау ад прак 2018
хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , Хал-2017 Сил
Ф-024/030

«Сырдария» университеті


«Гуманитарлық білім» факультеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы




ПРАКТИКАЛЫҚ (ТАҚЫРЫП) САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ





Модульдің коды, атауы: KKS Қазақтың көркем сөзі

Пәннің коды, атауы: НАА 1220 «Халық ауыз әдебиеті»

Мамандық шифры, атауы: 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Курс 1, семестр 2


Практикалық (тақырып) сабақтарының сағат саны: 30



+++++++++++++++++++++++++

++++++++++++++++++++++




Жетісай, 2018




Практикалық (тақырып) сабақтарды өткізу жоспарын дайындаған(дар): ғылым магистрі, аға оқытушы Байболова А.Ж.





Практикалық (тақырып) сабақтарды өткізу жоспары «___»_______201_жылы факультет деканы бекіткен пәннің оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.



Кафедраның мәжілісінде талқыланған. Хаттама № __«___»_______201_ жыл

Кафедра меңгерушісі, PһD доктор: Нұрбек М.А.




«Фольклор типологиясы»  бойынша глоссарий  
                                                    (пəн атауы)  
Фольклор – қазақ ауыз əдебиеті. Халық шығармашылығының айрықша  
бір  саласы  –  ауызша  шығарылып,  ауызша  тараған  поэтикалық  көркем  сөз  
өнері.  
Фольклористика – фольклортану ғылымы.  
Аллегория  (грек.  allegoria)  –  тұспалдау,  дерексіз  ұғымды  немесе  ойды  
шартты түрде көркем бейне арқылы беру.  


Антитеза,  шендестіру  –  1.  керағар  ұғымдарды  бетпе-бет  қоятын  
айшықтаудың  бір  түрі.  2.  Қазіргі  əдебиеттанудағы  қарама-қарсылықты  
айқындау, көбінесе ашық антоним сөздер арқылы да беріледі.  
Аңыз – қазақ фольклорлық прозасының жанры.  
Градация  –  айшықтаудың  бір  түрі:  алдыңғы  сөзден  соңғы  сөзді,  
алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу.  
Жанр  -  əдеби  шығармалардың  жеке  түрлері,  көркем  əдебиеттің  
салалары.  
Жыр – қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі.  
Импровизация - өлең-жырды суырып салып айту өнері.  
Ирония – адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі  
мағынасы қарсы келіп, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.  
Магиялық  поэзия  –  əр  түрлі  құбылыстарға  табиғаттан  тыс  күштер  
арқылы  əсер  етуге  болады  дейтін  наным-сенімнен  туған  сиқырлау,  дуалау  
мақсатында айтылатын ғұрып өлеңдері.  
Миф  –  табиғаттың  тыс  жай  жəне  «таңғажайып»  құбылыстар  мен  
уақиғалар туралы аңыз-əңгімелер.  
Мифтік кейіпкер – мифтік дəуірде өмір сүріп, мифтік əлемдегі нəрсенің  
бəрін жасаушы, тіршілік атаулының бəрін дүниеге келтіруші күш.  
Новелла – қара сөзбен баяндалған көлемі шағын əдеби жанр.  
Образ  –  шындықты  танып-білуде  əдебиет  пен  өнерге  тəн  ерекше  
эстетикалық  категория.  Көркем  шығармада  сөзбен  сомдалған  кез  келген  
құбылысты (көбінесе əдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды.  
Синкретизм  –  кең  мағынасында,  мəдени  шығармашылық  түрлерінің,  
яғни  өнердегі  тек  пен  түр,  жанрлардың  жəне  олардың  жанрлық  түрлерінің  
бөлінбей, бірлікте болғанын білдіреді.  
Эпос  –  1.  əдебиеттің  тегі,  эпостың  құрамына  аңыз,  ертегі,  əңгіме,  
новелла, повесть, роман, эпикалық поэма, эпопея жанрлары, көркем очерктер  
кіреді.  2.  эпостың  екінші  мағынасы  –  ауыз  əдебиетіндегі  ел  қорғаған  
батырлардың  өмірін  генеологиялық  тұрғыдан,  эпикалық  сипатта  жан-жақты  
суреттейтін жанрлар тобы.  
  

1. тақырып: Фольклортану ғылымы, оның тарихы мен теориясы

Жоспар:

1. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік

2. Фольклордың зерттелу тарихы

3. Фольклордың жанрлары



Сабақтың мазмұны:

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.



Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.

Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.

Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.

Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады.

Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді - деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, «совет фольклоры» деген фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар, әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық, отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.

Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат. Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген тарау беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.; советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.

Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен салыстыру арқылы анықталады.

Оқырман назарын мына жағдайларға да аударуды жөн санаймыз. Бұл еңбекте жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу жұмысын арнау керек. Кітаптың мақсаты - ұлттық фольклорымыздың даму жолдарын көрсету, оның жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін айқындау. Әрине, бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық болатыны күмәнсіз, өйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дәл осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде қарастырылса, ол нақ сол кезеңде туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы бұрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып отырған шаққа дөп келеді. Айталық, «Қазақ хандығы тұсындағы фольклор» құрамында қаралатын кейбір жанрлар тап сол заманда тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дәуірдің» де біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып, көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы жанрлардың өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір ескертетін нәрсе: еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі мүмкін. Оның себебі үлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың ішкі шағын жанрлық түрлері жеке тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан жанрын сөз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын түрлері «діни дастандар», «хикаялық дастандар», «ғашықтық дастандар» деп бөліне, жеке қарастырылады. Басқа да үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және үлкен жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат - фольклордың сөз өнеріне айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды.

Соңғы зерттеулерге келсек, Қазақ әдебиеті тарихына арналғкан 10 томдықтың 1 томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым оған түсіністікпен қарап, ризашылығын білдіреді делінген.

Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар мен 1 томның құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар жататынын мен ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов («Кіріспе», «Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері», «Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы сипаты», «Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты», «Жаңа дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты», «Миф», «Хикая», «Этиологиялық ертегі», «Қиял-ғажайып ертегі», «Хайуанаттар туралы ертегі», «Батырлық ертегі», «Ғашықтық жыр», «Аңыз», «Әпсана», «Хикаят», «Новеллалық ертегі», «Сатиралық ертегі», «Тарихи жыр: жалпы сипаты», «Кенесары туралы тарихи шығармалар», «Лиро-эпикалық (балладалық) жыр», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай («Көне эпос», «Батырлық жыр: жалпы сипаты»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Көне эпос»); ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова («Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Абылқасымов («Арбау», «Бәдік», «Бақсы сарыны»); филология ғылымдарының докторы, профессор К.Матыжан («Үйлену ғұрып фольклоры», «Балалар фольклоры», «Жаңылтпаш»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім («Егіншілік жөніндегі фольклор», «Жұмбақ», «ХХ ғасырдағы фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева («Дастан: жалпы сипаты», «Хикаялық дастан», «Діни дастан», «Ғашықтық дастан»); филология ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы («Қыз бен жігіт айтысы», «1916 жылғы көтеріліс туралы фольклор»); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қара өлең», «Тарихи өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек («Күй аңызы», «Қара өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай («Түркі қағанаты кезіндегі фольклор», «Тарихи аңыз»); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Тоқтабай («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері»); филология ғылымдарының кандидаты Д.Шалабеков («Жұмысшылар фольклоры»); филология ғылымдарының кандидаты С.Сәкенов («Тарихи жыр»); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова («Тарихи өлең»); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев («Егіншілік жөніндегі фольклор»); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова («Жарапазан», «Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор», «Алтын Орда тұсындағы фольклор», «Алпамыс батыр», «Айтыс: жалпы сипаты», «Мысал айтыс», «Шешендік сөз»); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева («Әңгіме»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Жақан («Жерлеу ғұрпының фольклоры», «Қобыланды батыр», «Лирикалық өлең», «Өлең»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы («Терімшілік пен аңшылыққа қатысты фольклор», «Мал шаруашылығына байланысты фольклор», «Арбау», «Жалбарыну», «Алғыс (бата)», «Қарғыс», «Ант», «Едіге», «Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан»). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қатысқан.

Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп. аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл күйін, тұрмыс салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты – басты белгілері болады : а) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ; ә) дағдылы тіркесте, бір – біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі; б) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипаттары сақталынады.



Студенттің орындайтын тапсырмалары:

  1. Рулық қоғамдағы фольклор.

  2. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы.

  3. Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс тіршілік тәжрибесінің орнығуы.

  4. Ескі наным сенімдер мен түсініктер.

  5. Мифтік сана мен мифтер.

  6. Қазақ фольклорының көне жанрлары.

  7. Феодализм дәуіріндегі фольклор.

  8. Түркі қағанаты, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы.

  9. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысы.

  10. Эпостық жырлар мен ертегілердің қалыптасуымен дамуы.

  11. Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрестің фольклордағы көріністері.

  12. Ауыз әдебиетіндегі жаңа тақырыптар.

  13. Жұмысшы фольклоры.

  14. Қисса хикая, дастан жанрының кең таралуы.

  15. 1916 жыл оқиғаларына байланысты туған халықтық шығармалар.

  16. Қазіргі дәуір фольклоры.

  17. Фольклордағы өзгерістер, көне жанрлардың тағдыры.

  18. Кеңес дәуірінде пайда болған ауыз әдебиетінің үлгілерімен және оның мазмұны.

  19. Буржуазиялық және пролетарлық мәдениет ұғымы.


Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007

2.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000

3.Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011

4.Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013

5. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998



2.тақырып: Фольклор мен жазба әдебиет

Жоспар:

1.Ауыз әдебиетінің ұжымдық, шығармашылық сипаты

2.Фольклордағы көп нұсқалылық.

3. Фольклор мен жазба әдебиет: ерекшелігі, айырмашылығы, ұқсастығы.



Сабақтың мазмұны:

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: « Ауыз әдебиетін алатын болсақ , оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашанда болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болад ы». Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал, өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді.

Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайысысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтың сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткіндігіне байланысты деп. түсінуіміз керек.

Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп. ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап- айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты-халықтың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, олардың үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді.

Жазу, сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ халық өзінің тұрмыс тіршілігі қоғамдық өмірі шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші дүниетануға көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең жыр, ертегі әңгіме, мақал-мәтел , аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған кімнің шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп. атаймыз.

Ауыз әдебиеті фольклор деп. те аталады. Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы ауызша тудырған, көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті халықтың ерте замандардағы ой-сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Белинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер, А. Н. Афаньасев секілді ғалымдары талдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр-түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. айтады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: « Ауыз әдебиетін алатын болсақ , оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашанда болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады». Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал, өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді.

Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайысысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтың сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткіндігіне байланысты деп. түсінуіміз керек.

Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп. ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап- айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты-халықтың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, олардың үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді.

Жазу, сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ халық өзінің тұрмыс тіршілігі қоғамдық өмірі шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші дүниетануға көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең жыр, ертегі әңгіме, мақал-мәтел , аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған кімнің шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп. атаймыз.

Ауыз әдебиеті фольклор деп. те аталады. Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы ауызша тудырған, көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті халықтың ерте замандардағы ой-сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Белинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер, А. Н. Афаньасев секілді ғалымдары талдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр-түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. айтады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады.

Студенттің орындайтын тапсырмалары


  1. Ауыз әдебиетін кеңестік идеологияға бейімдеудің себеп салдары мен

  2. зардаптары.

  3. Төңкерістік дүниетаным әсерімен туған өлеңдер.

  4. Отан қорғау, тылда еңбек ету тақырыбы.

  5. Дәстүрлілік пен даралық.

  6. Қара өлеңнің сипаты.

  7. Фольклор мен көркем өнердің байланысы.

  8. Жыршылық –жыраулық дәстүрдің қайта жандануы.

  9. Патриоттық идеяның барлық жанрларға өзек болуы.

  10. Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай күйі.

  11. Қазіргі халық ақындарының шығармашылығы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ фольклористикасы. Әбілқасымова Қ, Тамаев А. Алматы 2007

  2. Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 1986

  3. Қазақ халық әдебиеті. Алматы, 2014

  4. Қазақ мақал мәтелдері. Алматы, 2001

  5. Қазақтың мақал –мәтелдері. Алматы, 2004

  6. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. М.Ғабдуллин 2000

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.Умарова, С.Шарабасов Астана «Фолиант» 2011

  8. Қазақ халық әдебиеті. Алматы «Қазақ университеті» 2013

  9. Қазақ әдебиеті бастаулары. Н.Келімбетов Алматы «Ана тілі» 1998



3.тақырып: Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі

Жоспар:

1.Әлемдік фольклор тану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер

2. Фольклорды тегіне қарай жіктеу принциптері

3.Жанрлық түрлердің бөліну жолдары



Сабақтың мазмұны:

1. Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл - күйін, тұрмыс - салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады :

а) фольклорлық үлгілер ауызша шағарылады, әрі ауызша тарайды;

ә) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ;

б) дағдылы тіркестер, бір - біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі;

в) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипатты сақталынады.

Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В.Томсон, ол 1846 жылы Лондонда шығатын “Атенеум” газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған : “халық поэзиясы”, “халық шығармашылығы”, “халық ауыз әдебиеті”, “халықтың сөз өнері”.

Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт - санасына, талғам - талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым - қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең - аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.



2. Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.

Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.



Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой - сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді.

3. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 - 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А.Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп аталды. Оны Рессейде А.Н.Пыпын, В.В. Стасов, А.Н. Веселовский т.б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса - ақ болғаны, оны олар бір - бірінен ауысып алған деп есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым - қатынас, сауда - саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.

Студенттің орындайтын тапсырмалары:

  1. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.

  2. Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.

  3. Тарихи поэтика.

  4. Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар

  5. Фольклордың идеялық-көркемдік ерекшеліктері

  6. Фольклордың тегіне қарай бөлу принцптері

  7. Ауыз әдебиетінің өмірлік негізі

  8. Тарихи поэтика

  9. Фольклорды зерттеудегі тарихилық принцпі

  10. фольклордың пайда болуы туралы принцптер.

  11. Фольклорды идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, қызметіне қарай жіктеу

  12. Фольклорлық шығармалардағы көркем формалардың даму, өзгеру ерекшеліктері

  13. Фольклорды зерттеудегі тарихилық принципі

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Ақ жол. – А., 1991

2.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

3.Гусев В. Е. Эстетика фольклора. – Л., 1967

4.Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – М.,1976

5.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

6.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

7.Смирнова М. С. Казахская народная поэзия. – А., 1967

8.Садырбаев С. Фольклор және естетика. – А., 1976

9.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

10.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалар. 6-т – А., 1964

11.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

12.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

Қосымша әдебиеттер:

13.Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

14.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

15.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

16.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

4. тақырып: Рулық қоғамдағы фольклор

Жоспар:

1. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы

2. Ескі наным-сенімдер мен түсініктер

3.Қазақ фольклорының көне жырлары



Сабақтың мазмұны:

1.Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман – мүддесін, әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның, “халық психологиясын”, “халықтың арман - мүддесін, тілегін” қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек.

Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап көрінісінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді.

Әдебиеттің таптық сипаты туралы классиктердің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. Өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.



2. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап - айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс - тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман - мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолдан халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама - қарсы қойып әңгімелейді.

3. Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық тәрбие беру ісінде, айырықша мәні болған еді. Ауыз әдебиеті жалпы әдебиет тарихынан да елеулі орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп әсер етті. Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын пайдалана білу т.б. жөнінде ауыз әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор.

Еңбекші халықтың көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиетін ғалымдар аса жоғары бағалаған. Олар ауыз әдебиет халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты. Олар ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың құралы, таптық сананы білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз әдебиеті болмайтындығын айтады.

Студенттің орындайтын тапсырмалары:

1. Рулық қоғамдағы фольклор.

2. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы

3. Ескі наным сенімдер мен түсініктер және олардың фолклорға әсері

4. Қазақ фольклорының көне жанрлары

5. Феодализм дәуіріндегі фольклор.

6. Түркі жаба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысы

7. Ауыз әдебиетіндегі жаңа тақырыптар.

8. Қазіргі дәуір фольклоры

9. Кеңес дәуіруіндегі ауыз әдебиетінің үлгілері және оның мазмұны

10. Тәуеллсіздік кезеңдегі фольклордың жай-күйі

Әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А: 1991

2.Байтұрсынов.А. Ақ жол. –А: 1991

3.Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М., 1940

4.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А: 1974.

5.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –А 1977.

6.Садырбаев С. Фольклор және эстетика. –А. 1976.

7.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // Шығармалар. 6-том. А. 1964.

8.Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. –А. 1960, 1964.

9.Қазақ фольклористикасының тарихы. –А. 1988.

10.Қазақ фольклорының тарихилығы. –А. 1993.

11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.

13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. –А., 1987.

14. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979.

15. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. –А., 1983.



5.семинар: Феодализм дәуіріндегі фольклор

Жоспар:

1.Феодалдық қоғамдағы фольклор

2.Түркі қағанаты, орта ғасырдағы ауыз әдебиеті үлгілері

3.Қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы



Сабақтың мазмұны

1.Феодалдық қоғамдағы фольклор

Феодалдық  қоғамға  жататын:  түрік  қағанаты,  орта  ғасыр,  қазақ  
хандығы,  ислам  тұсы  мен  оның  түркі  тектес  халықтардың  əдебиеті  мен  
мəдениетіне тигізген əсерінен туған мұраларына толық мəлімет беріледі.  

2.Түркі қағанаты, орта ғасырдағы ауыз әдебиеті үлгілері

ҮІІІ-ІХ ғасырларда Түркі қағанаты дәуірінде оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған ерлік эпостары - «Қорқыт ата кітабың мен «Оғызнамең дастаны сол замандағы қазақ ұлыстарының  өмір шындығын бейнелеумен ерекшеленеді. 
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің «Риторикаң, «Поэзия өнері туралың, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрікң («Түркі сөздерінің жинағың), Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігің, Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметің («Ақыл кітабың), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабың және т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты. 
XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын, мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың адресаты - арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың даралығының болуын, оның өзінің "менін" көрсетіп отыруын атау керек. 

3. Қазақ хандығы кезеңіндегі ауыз әдебиетінің дамуы

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:



  1. Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.

  2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).

  3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Қорқыт Ата


Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.

Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII—IX ғасырлардадүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.

Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет