«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет2/13
Дата10.11.2019
өлшемі364,26 Kb.
#51493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
хал ау ад прак 2018
хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , Хал-2017 Сил

Қорқыт ата кітабы.


Қорқыт туралы жазба дерек IXX ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген.

"Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі.

Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар.

Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі.

Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Ақ қайыңның безінен

Қағып алған қобызым.

Әзегінен қара емен

Ойып алған қобызым.

Қыл құйрығын тұлпардың

Ішек қылған қобызым.

Таутекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:




«Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар»




, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?



  1. Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.

  2. Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.

  3. Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.

Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер.

Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі.

Асан қайғы


Толық мақаласы: Асан қайғы Сәбитұлы

Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.

Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.

Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.

Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды:



'Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың', — деп сөгеді.



Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығыннығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.

Ақындар шығармашылығы


Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).

XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.

Қазтуған Сүйінішұлы


Толық мақаласы: Қазтуған Сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.

Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.

Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:

Алаң, алан, алаң жұрт

Аққала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған

Батыс болып туған жұрт.

Кіндігімді кескен жүрт...

Қайран да менің Еділім!

Қайран да менің Еділім!

Сыпыра жырау


Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырауөзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.

Шалкиіз жырау


Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.

Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.

Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа:

Айырдан туған жампоз бар,—

Жүгін нарға салғысыз.

Арғымақтан туған будан бар,—

Күнінде көрінім жерді алғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,—

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,—

Күндердің күні болғанда

Бір аяқ асқа алғысыз.



Студенттің орындайтын тапсырмалары

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Ақ жол. – А., 1991

2.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

3.Гусев В. Е. Эстетика фольклора. – Л., 1967

4.Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – М.,1976

5.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

6.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

7.Смирнова М. С. Казахская народная поэзия. – А., 1967

8.Садырбаев С. Фольклор және естетика. – А., 1976

9.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

10.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалар. 6-т – А., 1964

11.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

12.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

Қосымша әдебиеттер:

13.Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

14.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

15.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

16.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

17.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976




6.семинар: Қазіргі дәуір фольклоры

Жоспар:

1.Кеңес дәуірінде пайда болған ауыз әдебиеті үлгілері

2. Репрессия құрбандарының шығарған қасыретті толғаныстары

3. Фашистік Германияға қарсы соғыс кезеңіндегі фольклор

Сабақтың мазмұны

1.Кеңес дәуірінде пайда болған ауыз әдебиеті үлгілері

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.



Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.

Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.

Кеңес фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.

Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады.

Кеңес өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді - деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, «совет фольклоры» деген фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар, әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық, отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.

Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат. Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген тарау беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.; советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.

Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен салыстыру арқылы анықталады.



Оқырман назарын мына жағдайларға да аударуды жөн санаймыз. Бұл еңбекте жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу жұмысын арнау керек. Кітаптың мақсаты - ұлттық фольклорымыздың даму жолдарын көрсету, оның жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін айқындау. Әрине, бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық болатыны күмәнсіз, өйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дәл осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде қарастырылса, ол нақ сол кезеңде туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы бұрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып отырған шаққа дөп келеді. Айталық, «Қазақ хандығы тұсындағы фольклор» құрамында қаралатын кейбір жанрлар тап сол заманда тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол сияқты «Жаңа дәуірдің» де біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып, көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы жанрлардың өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір ескертетін нәрсе: еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі мүмкін. Оның себебі үлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың ішкі шағын жанрлық түрлері жеке тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан жанрын сөз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын түрлері «діни дастандар», «хикаялық дастандар», «ғашықтық дастандар» деп бөліне, жеке қарастырылады. Басқа да үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және үлкен жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат - фольклордың сөз өнеріне айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды.

Соңғы зерттеулерге келсек, Қазақ әдебиеті тарихына арналғкан 10 томдықтың 1 томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым оған түсіністікпен қарап, ризашылығын білдіреді делінген.

Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар мен 1 томның құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар жататынын мен ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов («Кіріспе», «Қазақ фольклоры: статусы мен теориялық негіздері», «Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы сипаты», «Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты», «Жаңа дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты», «Миф», «Хикая», «Этиологиялық ертегі», «Қиял-ғажайып ертегі», «Хайуанаттар туралы ертегі», «Батырлық ертегі», «Ғашықтық жыр», «Аңыз», «Әпсана», «Хикаят», «Новеллалық ертегі», «Сатиралық ертегі», «Тарихи жыр: жалпы сипаты», «Кенесары туралы тарихи шығармалар», «Лиро-эпикалық (балладалық) жыр», ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай («Көне эпос», «Батырлық жыр: жалпы сипаты»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев («Көне эпос»); ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова («Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Абылқасымов («Арбау», «Бәдік», «Бақсы сарыны»); филология ғылымдарының докторы, профессор К.Матыжан («Үйлену ғұрып фольклоры», «Балалар фольклоры», «Жаңылтпаш»); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім («Егіншілік жөніндегі фольклор», «Жұмбақ», «ХХ ғасырдағы фольклор» тарауына «Мақал-мәтел»); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева («Дастан: жалпы сипаты», «Хикаялық дастан», «Діни дастан», «Ғашықтық дастан»); филология ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы («Қыз бен жігіт айтысы», «1916 жылғы көтеріліс туралы фольклор»); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қара өлең», «Тарихи өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек («Күй аңызы», «Қара өлең»); филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай («Түркі қағанаты кезіндегі фольклор», «Тарихи аңыз»); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Тоқтабай («Наурыз мейрамы мен фольклоры», «Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері»); филология ғылымдарының кандидаты Д.Шалабеков («Жұмысшылар фольклоры»); филология ғылымдарының кандидаты С.Сәкенов («Тарихи жыр»); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова («Тарихи өлең»); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев («Егіншілік жөніндегі фольклор»); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова («Жарапазан», «Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор», «Алтын Орда тұсындағы фольклор», «Алпамыс батыр», «Айтыс: жалпы сипаты», «Мысал айтыс», «Шешендік сөз»); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева («Әңгіме»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Жақан («Жерлеу ғұрпының фольклоры», «Қобыланды батыр», «Лирикалық өлең», «Өлең»); фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы («Терімшілік пен аңшылыққа қатысты фольклор», «Мал шаруашылығына байланысты фольклор», «Арбау», «Жалбарыну», «Алғыс (бата)», «Қарғыс», «Ант», «Едіге», «Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан»). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қ
2. Репрессия құрбандарының шығарған қасыретті толғаныстары

2.ХХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихында ойып тұрып орын алған ерекше кезеңнің бірі. Себебі бұл кезеңдегі жазушы, қаламгерлердің жанрлық тұрғыдан, идеялық тақырыптық жағынан алып қарағанда туындылары сапалы, шоқтығы биік болды. Бұл кезеңдегі әдебиет майталмандары халықты надандықтан жирентіп, өнер, білімге, кәсіпке үйретуді мақсат тұтқан, жаңаша ойлайтын жаңа толқын болды. Олар А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин және тағы да басқа көптеген оқыған, көзі ашық азаматтар. Бұл қаламгерлер еліміздің қоғамдық жағдайға араласып отырды. Қазақ халқына жасалып отырған қыспақты көріп, тұтастай жүйеге қарсы шықты. Осындай белсенділігі мен білімдарлығынан, халқына деген махаббатынан тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғын-сүргінге ұшырады, ешбір кінәсіз жалалы деп танылды, түрмелерге қамалды, атылды.

Алаш қайраткерлері болашақ қамын ойлап өздері қуғында жүрсе де алаш елі үшін азаттық жолындағы күрескен азаматтар. Олар – репрессия құрбандары.

Алаш арыстарын бүгінгі таңда тарихи тұрғыдан да, әдеби тұрғыдан да зерттеп жүрген ғалымдар көп. Олар жоғарыда көрсетілген ақындардың шығармашылығын, әдебиетке қосқан үлестерін, тарих бетіндегі әдеби шындық пен тарихи шындықтың ақ-қарасын ажыратуға атсалысып жүрген ғалымдар. Олар Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебай, Т.Кәкішев, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали т.б. Бұл ғалымдардың алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеп, жинастырудағы еңбегі орасан зор болды және алаштықтардың эстетикалық-философиялық идеясын, көзқарасын, азаматтық принципін, сыншылдығын нақты пайымдарымен көрсетіп берді. Алыптар шығармашылығының деңгейі еуропалық алдыңғы қатарды әдебиет өкілдерімен тең, тіпті олармен үндес екенін айқындады [1,7].

М.Жұмабаев зұлмат жылдары қуғын сүргінге ұшыраған алашшыл ақындардың бірі. Ақын жырлары мұң мен нәзіктікке, махаббат пен әсемдікке, сыршылдыққа құмар. «Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да» деп жырлаған Мағжан поэзиясының ерекшелігі - бірде табиғатпен, қоршаған ортадағы жанды, жансызға тіл бітіріп, сырласса, енді бірде көз алдыңа түсі қанық көркем пейзаж үлгісін әкелетін ғажап суреткерлігінде. Сәуле мен көлеңке, уақыт пен кеңістік сияқты қарама қайшылықты сәтті қолдану нәтижесінде әдемі, айшықты өлеңдер туғызған ақын.

Ақынның сөздерді, сөз тіркестерін ойнатып, құлпыртып қолдануы, соның нәтижесінде өлеңдерімен «сұлу сарай соққанын» Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстанның ақындары да мойындап, әділ бағасын берген. Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсынов еңбектерінде де Мағжан поэзиясының көркемдік қырлары мен ақындық шеберлікке қатысты құнды пікірлер айтылған.

Мағжан шығармашылығын зерттеген Ш. Елеукенов ««Сен сұлу» өлеңі дүние жүзі поэзиясынан оқшау тұрған жоқ. «Сен сұлу» өлеңінен сонау Пушкин, Абайлардан тарайтын, биік адамгершілігімен баурайтын қымбат, асыл сезімді жолдардың жалғасын танимыз...Мағжан махаббат лирикасында ұстазынан алшақ кетпегені былай тұрсын, қайта Абай салған құнарлы арнаны кеңіте түсті» деген бағасын береді. Мағжан шығармашылығын тікелей Абай шығармашылығын жалғастырушы деп таниды [2,37].

Мағжанның өлеңдерінде басқа ақындар шығармашылығында кездеспейтін салыстырулар, әдемі тіркестер көп. Сезімді, махаббатты, сүйіспеншілікті жырлауда ақын бағындырған биік тым асқақ. Ақын шығармашылығы турасында М.Базарбаев «Тұтасымен алғанда, Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны дүние. Мұндай абстракциялық ой-толғамдарды Мағжаннан бұрынғы поэзиядан көру қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, сонан да терең эстетикалық ләззат табасың» деп баға берген [3,45].

Мағжан Жұмабаев қазіргі таңда алашшыл, түркішіл ақын деп қарастырылады. Алашшыл ақындардың мұрасын зерттеу, жариялау бүгінгі күнде толықтай жүзеге асты дей алмаймыз. Себебі әлі де тарихтың ашылмаған беттері көп. Ақындар шығармашылығы жайында зерттеуге, зерделеуге тиісті жайттар жетерлік.

3. Фашистік Германияға қарсы соғыс кезеңіндегі фольклор

Соғыс кезіндегі ақындар шығармашылығы

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,Ғ.Орманов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Сайн, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекқожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров қолына қару алып, майданға аттанды. Бұларға майдан газеттерінің бетінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды.Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нартай Бекежанов , т.б. отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, халықтың Отан алдындағы борышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Ел басына түскен ауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған үгіттік өлеңдер күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланды, радиодан оқылды. Сонымен қатар, жаудың басып алған жерлердегі қатыгездік мінезіе әшкерелеуді нақты, факт, детальдар арқылы суреттеуге ұмтылған саяси өткір лирика түрлері пайда болды. Ғ.Орманов жау қылығын қара күйік қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен («Жау ізі») таныса, Қ.Аманжолов гитлер дирижерлік жасаған өлім музыкасын («Мазасыз музыка») естігендей болады. Ә.Тәжібаев «Қос қарлығаш», Т.Жароков «Жапанда жалғыз қарағай» өлеңдерінде қарлығаштың ұясын бұзып, табиғатты оқ астына қалдырған зұлым жауға жеккөрушілігін білдіреді.

Соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанып, ел тілегін арқалаған солдаты, оның сезім күйін суреттеу қазақ ақындарының негізгі тақырыбына айналды.Бейбіт еңбекті үзіп, отан қорғауға аттанған солдат – көп өлеңдердің қаһарманы.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлеңдер негізінде екі түрліде жазылды. Бірі – жалпы жауынгерге тән сипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса,екіншісі нақты бір аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады. Бұлардың қайсысында болса да, жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады. Майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін мадақтауға арналған алғашқы өлеңдердің бірін «Гвардеец бауырларға» деген атпен С.Мұқанов жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауда ерекше көзге түсіп, панфиловшы – гвардияшы атағына ие болған қазақ жауынгерлерін құттықтады. Сол жауынгерлердің сыры, ойы, сезімі Ә.Тәжібаевтың «Майданнан хат» , «Жас қазақ», Ғ.Ормановтың «Блиндаждағы әңгіме», «Қаһармандар кескіні», Қ.Аманжоловтың «Елге хат», Д.Әбілевтің «Шылым» өлеңдерінде жаңаша бейнеленді. Бұларда солдаттың ерлігі елге жазған хат арқылы да, блиндаждағы әңгіме үстінде де суреттеледі.

Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б.Момышұлына, М.Ғабдуллинге, М.Мамыраевқа, Ә.Молдағұловаға, М.Мәметоваға, Т.Тоқтаровқа, т.б. арналған өлеңдер негізінен олардың ерлік жолының нақты фактісіне құралады. А.Тоқмағамбетовтің «Алтайдың ақиығы», «Мерген қыз», Ғ.Ормановтың «Полковник», «Мәлік», Ә.Тәжібаевтың «Сырласу», «Баласы», «Анасы», Қ.Аманжоловтың «Мартбек», Д.Әбіловтің «Қазақ қызы», Қ.Әбдіқадыровтың «Қазақ батыры Нұркен Әбдіров» сияқты өлеңдері осындай жағдайда туған. Бұл өлеңдерде ақындар тарихи адамдар ерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип есебінде даралауға тырысты. Бұл тұрғыда Ғ.Ормановтың сәтті ізденістері болғанын атау орынды. Оның қаһармандары ертегінің батырларындай әсірелеу жолымен емес, нақты адамдық жылылықпен жасалды. Балғын денелі, қыз мінезді, кішіпейіл Мәліктің сыпатынан ол елін, Отанын шексіз сүйген, үлкен жүректі, жауына кекті азаматты таниды. Ғали Бауыржан Момышұлының кескінінен де осы кекшілдікті, намысқойлықты көреді. Батырдың өскен ортасы мен достары, жары жайлы жылы ойларын, соларды қорғау жолындағы саналы күресін Ә.Тәжібаев тілге тиек етіпті. Оның Төлеген Тоқтаров туралы өлеңдері адамдық жылы сезімдерге толы.

Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеу, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың шығармашылығы ерекше бағаланды. Соғыс тақырыбы, әскери өмір суреттері Ә.Сәрсенбаевтың (1905-1995), Қ.Аманжоловтың (1911- 1955), Ж.Саинның (1912- 1961), Д.Әбіловтың (1907) ақындық талантын жаңа биікке көтерді.

Соғыс кезінде Украинада өзінің жауынгерлік жолын партизандар қатарында өткізген Ж.Саинның жырлары қазақ әдебиетіне бірінші рет партизандар тақырыбын алып келді. Ақын партизандық күрестің ерекшеліктерін , жау қолында қалған елі мен жерінің , бала-шағасының кегін қуып жүрген халық күрескерлерінің бейнесін жасады. Бір ұрыста жараланып, жолдастарына ере алмай қалған Жұмағали Луганск облысының Краменск ауданына қарасты Пшеничный хуторының тұрғыны Е.М.Маслованың қолында қалады.Жаралы партизанды іздеп фашистер бірнеше рет тінту жүргізеді. Бірақ ержүрек қыз ақынды жау қолына бермей, күтіп, жазып, қатарға қосады.

Майдан газеттерінің бетінде алғашқы өлеңдерімен көрінген С.Мәуленовтің «Нева жақтан жел еседі тамаша», «Танкистер», Ж.Молдағалиевтің «Батыр туралы баллада», «Сағындым Жайық», С.Сейітовтің «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірінің шындығын танытады.

Жауынгердің жан сезімін, елге, жерге деген сағынышын бейнелеу талабы махаббат пен адал достық күйлерін суреттейтін лириканы байытты. Ә.Тәжібаевтың «Жамал», Ғ.Ормановтың «Орамал», А.Тоқмағамбетовтің «Сүйген жарға», М.Хакімжанованың «Азбай күткен жар алтын», Қ.Бекқожиннің «Сағынып мен күттім» өлеңдерінде майдандағы солдатты рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббат күші танылады.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында жырланған өмірдің бір саласы – тылдағы еңбек тақырыбы. Тыл еңбегі арқасында Қазақстан соғысқа керек көмір, мыс, жез, мұнай өндірді, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындады. Әйелдер майданға кеткен ерлердің орнына станокқа тұрды, тракторға отырды, жылқы бақты. Осылардың еңбегін жырлау, тыл еңбеккерлерін ерлікке үндеу поэзияның басты міндетіне кірді. А.Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер» өлеңі осындай жағдайда туды.

Халықтың патриоттық рухын, Отан сүйгіштік сезімін танытуда туған ел, отан тақырыбына жазылған өлеңдер де едәуір пайдалы қызмет атқарды. Әсіресе, шағын лирика көлемінде ел тұғырының мықтылығын, жауға берілмес күшті қуатын Ғ.Орманов тапқырлықпен жырлады. Оның «Қарағай», «Емен» өлеңдерінде жапырағын жау оғы жұлған қарағай мен емен тамырының тереңге кеткені, оны еш дауыл құлата алмайтыны бейнелі суретке түсті. «Гүл» атты лирикасында жау өртеп кеткен күл ішіне шыққан жалғыз тал гүлді жаңғырған өмірге балайды.

Отан соғысының ерлік оқиғалары эпикалық поэзияға көп материал берді. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Қ.Бекқожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбіловтің «Майданбек», М.Хакімжанованың «Мәншүк», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», І.Есенберлиннің «Сұлтан» поэмалары соғыс майданы шындығын нақты деректер шеңберінде жырлауға құрылған поэмалар.

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің идеялық-көркемдік қуатымен ерекше бағаға ие болды. Қасым онда Абдолланың өлер алдындағы ерлігін танытар бір эпизодты суреттеу арқылы жаңа заман батырының бейнесін, отты тұлғасын көрсете білді. Өр сезімді ақын :

Құдірет күші – жер жаһанның

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ашу-кегі

Орна менің кеудеме кеп,

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл, жүрек!-

деп қайтыс болады. Қасым кейіпкерінің ерлік ісін лирико-романтикалық сарында жырлайды. Ғ.Мүсірепов мұны «Майданнан соққан жаңа леп» (Соц. Қаз. 1944,6.06) деп бағалады.

Жазба әдебиетпен қатар халық поэзиясы да соғыс кезі шындығын жырлаған шабытты толғаулар туғызды. Қарт ақын Жамбыл «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті» өлеңдерінде жаудан кек алуға шақырды. Оның «Ленинградтық өренім», «Майданға хат», «Балама хат», «Жүз жасаған жүректен» өлеңдері отан қорғаушыларға дем берді.

Жалпы алғанда, соғыс тақырыбын жырлау қазақ поэзиясын едәуір байытты



Студенттің орындайтын тапсырмалары

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Ақ жол. – А., 1991

2.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

3.Гусев В. Е. Эстетика фольклора. – Л., 1967

4.Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – М.,1976

5.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

6.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

7.Смирнова М. С. Казахская народная поэзия. – А., 1967

8.Садырбаев С. Фольклор және естетика. – А., 1976

9.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

10.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалар. 6-т – А., 1964

11.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

12.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

Қосымша әдебиеттер:

13.Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

14.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

15.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

16.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

17.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976

18.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

19. Қасқабасов С. Жаназық (зерттеулер). – А., 2002

20.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – А.,1987

21.Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974

22. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырл. типологиясы. – А., 1983

23. Адамбаев Б. Халық даналығы. – А., 2004

24. Қондыбаев С.А. Қазақ мифологиясына кіріспе. – А., 1999

25. Тарақты А. Күй шежіре. – А., 1992

26. Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – А., 2007

7.тақырып: Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай-күйі

Жоспар:

1.Дәстүрлілік пен даралық. Айтыс, т.б

2.Қазіргі халық ақындарының шығармашылығы

3. Жыршылық-жыраулық дәстүр

Сабақтың мазмұны

  1. Дәстүрлілік пен даралық. Айтыс, т.б

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері


Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.


Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері


Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:

Дау айтып күні бұрын көрсетпелік, Майданда озса жүйрікке есептелік. Орта жүз түгел білген Ырысжанмын Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, –

деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:

Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ, Алты арысқа білінген екен менмін, –

деп, асқақ жауап қатады.

Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.

Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.

Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ "сиыршылау" деп атайды. Шынайы ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, әрі қарай сөз таластырмайды. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.

Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі – онда "Халық театрының анық, дәл ұрығы бар" (М.Әуезов), айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды.

Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде тәрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.


Айтыстың көркемдік ерекшелігі


Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.

Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –

деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді, Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді...

Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді:

Қонжиып мінер Құла жорға барса, Келе алмас ол шірігің қорғаласа, Ол бізді шын масқара қылар сонда, Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.



Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет