Х. С. Муханбеткалиев 200 ж



бет4/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,34 Mb.
#12973
1   2   3   4   5   6   7   8
4 дәріс тақырыбы: Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау.

  1. Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологияларына сипаттама.

  2. Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологияларына талдау жасау.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалько “Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

«ХХ1 ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдануында. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғаны белгілі. Кез келген мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХ1 ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне сенімді азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Мектепте жұмыс атқаратын, яғни балаларға жүрек жылуын беріп, оларды білім нәрімен сусындататын әрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет /22;22/.

Технология дегеніміз- қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаулардың жиынтығы. Технология – оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі.

Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдері, оның құрамды бөлігі ғана.

Жаңаша оқытудың негізгі мақсаты оқушыға деген сенімді бағыт беру, түзету енгізу. Жаңа технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн:

- қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру;

- әдістеме мен технологияның сабақтастығы.

Бастысы:


- оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді бірітіндеп азайту.

- мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.

Жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Алайда жаңа технологиялардың мына түлері біздің мектеп оқушыларына тиімді нәтиже береді:

- бағдарламалы оқыту;

- профильді және кәсіптік бағдар беру;

-тірек конспектісін қолдану;

диалогтік әдістеме;

- модульдік технология;

- семинар сынақ;

- өз бетімен білім алу;

- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.

Шығармашылық тапсырманы орындау.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңарту және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.

1-кезең – оқып үйрену.

2-кезең – меңгеру.

3-кезең - өмірге енгзу, тәжірбеде қолдану.

4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.

Б.Т.Лихачев “Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бір-ліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, үнемі өзгеріп отыратындығын айтады”.

М.В.Кларин “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және істеу реті”, деген анықтама ұсынды.

М.А.Чошановтың анықтамасы бойынша “Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі”. Ал В.М.Монахов “педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” деп көрсеткен. [22;3-7]
5 дәріс тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі технологиялар


  1. Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру негізіндегі технологиялар

  2. Педагогикалық қарым-қатынасты демократияландыру негізіндегі технологиялар

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу - тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде оқу - ағарту жүйесін қайта құру, мектеп рефомасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, оқушылардың білімді өз бетімен ізденуіне үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас әр баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тәрбиелеу талап етілуде.

Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мәселе көтеріліп, онда білім берудің «стандарттың» ұсыну басты нысанға алынды. Білім стандарты - әр бір шәкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарлама.

Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.

Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құныдылқ жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.

Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік бағалауы. (Бұл бақлауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады).



  1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары.

  2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары.

  3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б.

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).

  1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары.

  2. Жаңа тақырыпты өмір мен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтары): төмен, орта, жоғары.

  3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары.

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. [31;28-29]

Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.

Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.

Қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісне негізделген оқыту – интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлінуде. Оқыту үдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағыда қатысуы қажет: 1) ақпараттық (ақпараттың берілуі және сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-әрекетке өзара әсердің ұйымдастырылуы); 3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі).

Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.


  1. «Қарым-қатынас мәдениеті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курстарын ендіру.

  2. Оқу жағдаяттарын банша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.

Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік емес және сөздік тәсілдерін қарастырып көрелік.

Сөздік емес оқыту тәсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:

-визуальды;

-акустикалық және т.б.

Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:

-ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен «дұрыс» жауапқа алдын ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды айту);

-мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар оқушыларға сабақ барысында «дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;

-сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болды, келешекте қалай шешуге болады;

-сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс; оқу пікірсайысы; «Сократтық диалогтар»; ойындық жобалау; ми шабуылы; пікірталас; дөңгелек үстел. Енді осы әдістерді қолданудың әдістемесін қарастыралық.

Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.

1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, оқушылар оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға және өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі.

2-кезең. Жұппен жұмыс. Әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз: төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А,Б,В,Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-Г, В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты - 10 минут.

3-кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуге үйренеді.

4-кезең. Топтық шешімді қабылдау. Әрбір төрттік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені шешу әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі.

Жұмыстың бұл формасы, яғни, ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкін береді. Әсіресе, бұл өзгелерден қысылатын оқушыларға көмектесіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді. Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің де өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, оқушылар шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа фомасы «Мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны алдынғы әдістермен бірдей. Алайда бұл әдістің ерекшелігі мәселенің шешімін топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.

1-кезең. Шеңбер ішінде мәселе шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мәселе төрт адамнан тұратын кіші топтардың ішінде шешіледі. Әрбір қатысушы талқылаудың (15-20 минут) соңында сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек.

2-кезең. Адамдар арасында мәселені шешу. Бұл жағдайда да кезеңнің аты кейінгі әрекеттерді көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан «әріптік бірлік» қағидасы бойынша құралған топтар (А-А-А-А) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады.

3-кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты – 15-20 минут. Бұл өзара әрекетте әрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді.

Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде оқушылар тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше


6 дәріс тақырыбы: Оқушының әрекетін белсендендіру және интенсивтендіру технологиялары

  1. Педагогикалық инновация туралы түсінік

  2. Жаңа педагогикалық инновация түрлері

«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act»-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау.

Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын, оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.

«Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі болуына әсер етеді. Оқы процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым – қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге, балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады, әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.

Интерактивті оқыту жеке студенттермен жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мәселен, педагогика сабағында интерактивті әдістерді қолдану кезінде студенттерді топқа бөліп, оларды белсенді әрекет етуге, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйретуге болады. Екі студенттің сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың студенті болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі студенттің сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен қатыса алады. Мұны полилог деп атайды. Бұл өзге тілді үйренуді жеңілдетеді, оқу процесінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Сонымен қатар бұл әдіспен өткізілген сабақта мұғалім әр студентке жеке көңіл бөле алады. Себебі әрбір студенттің жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады. Мұнда әрбір студент өз жұмысының нәтежелі болуын көздейді. Сөйте тұра, олар жұп болып, топ болып жұмыс істейтіндіктен, біріккен әрекеттерінің жеткілікті болуын да мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат студенттер топтық әрекетте артта қалмау үшін тілді нашар білетін, я білімі төмен серіктесіне көмек береді. Осылайша интерактивті әдіс студенттерге мәселені бірігіп шешуді үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. Интерактивті әдіс барысында олар мәселені бірігіп шешіп қана қоймай, бірлесуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып үйренуге тырысады. Бұл оқытудың тәрбиемен бірлікте жүруіне алғы шарт қалыптастырады.

Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау.

Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.

Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық- педогогикалық консилиум» және т.б.

Мамандар интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез – құлық нормаларын төмендегіше бөлінеді:

- өзара біріккен іс- әрекетте «актерлер» мен «көрермендер» жоқ, барлығы қатысушылар;

- топтың әрбір мүшесінің сөздері тыңдауға тұрарлық;

- сөйлегенде нақты тақырып бойынша, түсінікті тілмен, артық ақпаратсыз сөйлеген дұрыс;

- егер ақпараттың кейбір жерлері түсініксіз болса, оны түсінуге бағытталған сұрақта қою керек («Мен дұрыс түсінсем?...»); тек содан кейін ғана қорытынды шығарылады;

- жеке тұлға емес, идея сыналады;

- өзара біріккен іс - әрекеттің мақсаты қандай да бір көзқарасты «жеңу» емес, мәселе бойынша түрлі пікірлерді біліп, жақсы шешім шығару т.б.;

«Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден қарастырылып келеді. Алайда кейбір әлеуметтанушы ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым- қатынас деп түсіндіріледі. Енді бір әлеуметтенушілер интеракцияны қарым-қатынастың бір түрі деп біледі.

Педагогикада «интерактивтілік» терминінің жиі қолданылғанына қарамастан, ол теория мен практиканың жеке пәні ретінде қарастырылған емес. Әдіскер ғалымдар бұл ұғымды жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:

- екі не одан да көп қатысушының біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық жүйе,

- ұжымдық (топтық) іс-әрекет,

- әрекет нәтижесіне ролдік жауапкершілік,

- басқа тұлғамен субъектілік байланыс,

- тұлға әрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және оларға ықпалы,

- әрекеттің тәрбиелік сипатының субъектінің іс- әрекетінде бейнеленуі,

- субъектілердің өзара қарым-қатынасы.


7 дәріс тақырыбы: Оқыту үрдісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар

  1. Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.

  2. Коммуникативті ойын және рефлексия.

Интерактивті технология әдістеріне мыналар жатады: 1) эвристикалық әңгіме, 2) пікірсайыс әдісі, 3) “миды шабуылдау” әдісі, 4) “дөңгелек үстел” әдіс, 5) “іскерлік ойын” әдісі және т.б.

Осы әдістерге тоқтала кетсек.

Эвристикалық әңгіме әдісі өз атауын Сократтық “эвристика” (грек сөзінен – табамын, іздеймін, ашамын) деген сөзінен алынған. Оның ежелгі грекиялық нұсқауында бұл әдіс сократтық әңгімелерге негізделе отырып, сол кездегі білім жүйесінің бір түрін көрсеткен. Ол жылдарда бұл сократтық әңгіме оқушылардың өзіндік ізденісін талап ететін жетекші тамаша сұрақтармен ерекшеленген.

Эвристикалық әңгіменің тақырыбының мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақты фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет. Интерактивті оқыту технологиясының бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушылары және жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі.

Эвристикалық әңгіме Сократ әңгімесінен бір жағынан бөлек болса, екінші жағынан тамаша озат құрылған сұрақтарға оқушының қызығуын арттыруымен, олардың ойлауын белсендірумен ұқсас келеді. Өзінің психологиялық табиғаты бойынша эвристикалық әңгіме – қойылған сауалға жауап іздеу немесе ұжымдық ойлау ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл әдістіпедагогика ғылымы проблемдік оқұытудағы проблемдік-іздеу әдісі мен эвристикалық әңгімені бір-біріне ұқсатады. Педагогика бұл екі әдіс арасында формальді-сандық шек қояды: егер эвристикалық әңгіме тақырыпты ашуда тек қана бір элементті есепке алса, ал проблемдік-іздену әдісіне – тұтас проблемалық жағдай сериясы арқау болады.

Ал қазір эвристикалық әңгімені проблемдік оқытудың қатарына қоймай қарастырайық. Бірақ бұл ойлағыштық әңгіме ұжымдық кеңеске айналып, аралық шешімнің әртүрлі нұсқауларымен алмасып, оқушылар өзара жұмыс істеп, өзара көмек көрсетіп, бір-бірінің ойлауын белсендетеді. Сондықтан да эвристикалық әңгімені интерактивті технология әдістерінің қатарына жатқызу өте мәнді.

Құрылға сұрақтар проблемдік оқытудың шарттарына эвристикалық әңгімені өрістету, күшейту үшін бағынады. Сонымен проблемдік жағдаймен туындайтын эвристикалық әңгіме мұғалімнің айрықша шеберлігін талап ететін интерактивті оқытудың бір әдісі болып табылады.

Бұл әңгіме түрі жүру барысында мына жүргізушілер тарапынан мына жағдайлар ескерілуі керек:



  • әңгіме тақырыбы қызықты, әрі проблемалық сипатта болуы;

  • оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене араласуы;

  • оған сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауы;

  • оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу;

  • өзара түсінушіліктің болуы;

  • олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру;

  • белсенді оқушыларды және оларды дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру;

  • кемшіліктері болса, әдеппен түзеу т.б.

Келесі кезекте пікірталас әдісі. Пікірталас – тұрмыстық сауалдармен қатар саясат, идеология теорияларының проблемаларының плюрализмдік пікірі құпия болмаушылық кезінен бастап, тек соңғы жылдарда интерактивті технология әдістері қатарына жатқызылатын болды.

Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында оқушылар мен студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зеттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.

Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымды жағынан өте күрделі болып келеді. Оқытудың басқа әдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікіралмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарай білуге үйретеді. Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.

Ол әдіс арнайы алдын-ала дайындалған оқу бағдарламасындағы теориялық сұрақтарды еркін әңгіме ету, эвристикалық әңгімеден туындап, “жағалауға шыққан” пікірталасқа айналады.

Ендеше бізде, пікірталас технология тұрғысынан қалай сипатталады деген сұрақ туындайды?

Біріншіден, пікірталас – пікір аласу кезінде туындайтын әртүрлі ойлардың арасында қызу күрес жүретін сөз-әрекеттік диалогтық формасы. Мұнда әңгімелесу кезіндегідей ой алмасу қарқынды түрде еес, әртүрлі темпте өтілуі мүмкін. Бұл әдістің басты ерекшелігі – пікірталасқа түсіп жатқан адамдардың ой-пікірлері қайдан алынғаны белгісіз емес, нақты және дәлелденген болып келеді.

Екіншіден, психологияда ой-пікірлердің тоғысып, олардан пікірталас жаңа бір нәрсе шығарып, кейін ол да тіптен, өзгеше, дара, айтысатындай ой туындайтыны қызықты. Бұл жердегі пікірталас пен ойлаудың арасындағы себеп-салдарлық өзара қатынасты Л.С.Выготский зерттеген.

Әдетте, ой қорытындысынан шешім шығарылып, сондықтан да ойдың алуандығы пікірталас туғызса, ал бұл жағдайда керісінше: пікірталас жаңа ой тудырып, ойлау процесін белсендетеді.

Иновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде пікір сайыс технологясы тиімді құралдардың бірі. Бұл бағдарлама Қазақстанға 1996 жылы “Сорос” қорының Карл Поппер форматы бойынша өткізген бастапқы семинарларының арқасында келген. Аталған бағдарламаның әдістемесі қазақстандық ұстаздардың тарапынан жай қабылданып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық жалғасын да тапты.

Бағдарламаны ілгері дамыту және оның ауқымын кеңейту мақсатында 1998 жылы “Ұлттық Пікір Сайыс Орталығы” Қоғамдық Қоры құрылған.

Бүгінде “Пікір сайыс” бағдарламасы оқытудың басқа иновациялық әдістемелерімен қатар қанатын кең жайып, Қазақстанның әрбір обылысын қамтыды.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып оқыту-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңда, білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Пікір сайыста оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қана қоймай, мұғалімман тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы емес жетекші позицияны ұстады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін шешімдеріде әр оқушыда сан түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Пікір сайыс шығармашылық тұлғаның дамуына үлесін қосқаннан басқа, бүкіл іс-әрекетті білімге негізделген тұлға тәрбиелейді.

Пікір сайыс оқыту мен тәрбие үрдісіне маңызды өзіндік рөл атқарады . “Цивилизацияның аса маңызды міндеті – адамды ойлай білуге үйрету” – деп Эдиссон атап көрсеткендей, пікір сайыс оқушылардың өздігінен қалыптасқан логикалық интуициясының тереңдей түсуіне, дәйекті және дәлелді ойлау мен пайымдау дағдыларын қалыптастыруға көмектееседі.

Бірін-бірі танып, ойындарда бір-бірімен сұхбаттасып , ал қалалық турнирлерге қатысқанда, бірлесіп дайындық өткізу барысында, сабақ арасында да, сабақтан тыс уақытта кітапханаға бару, ортақ мақсат оларды достастырады. Бос уақыттарында олар кездесіп, ой бөлісіп, бір-біріне қол ұшын береді.

Қорыта келе, пікір сайыс ұлттық ерекшелігімізге сай келетін бірден-бір жаңа педагогикалық технология, оны үш түрлі бағытта пайдалануға болады:



  1. Оқу үрдісінде.

  2. Тәрбие сағаттарында

  3. Сыныптан тыс уақытта, дебат клубында.

Пікір сайысты оқу үрдісінде қолданудың пайдасы өте жоғары,

өйткені:

- Пікір сайыс – философиялық, психологиялық, саяси лингвистикалық ғылым.


  • Ол жаңа оқыту, дамыту технологиясы.

Интелектуалдық тұрғыда нені талап етеді?

  • жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктер;

  • қызығушылық, ынта;

  • білім қоры;

  • оқушы - өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбенқарайды;

  • ойлануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дәлелдеуге үйренеді;

  • ашық, әсерлі, нақты сөйлейді;

  • логикалы, жүйелі ойлауға, ой қорытындысын жасай алады;

  • достық, ұстамдық, пікір сыйлау, құрметпен қарауға дағдыланады;

  • шешендік дағдысы жетіледі;

  • белсенділік, инициатившілдік дамиды.

“Пікірталас бәсекесі – үйренуге, үйретуге тұрарлық өнер. Өйткені, оқушының өз бетімен ізденіп, білім алуын және шығармашылық белсенділігін арттыруын көздейді. Саяси сауатты, еркін көзқарасы бар, демократиялы қарым - қатынасқа қалыптасқан қоғамдағы тұлға өсіп жетіледі.Сондықтан да пікірталастың интерактивті оқыту технолгияларының ішіндегі ең тиімдісі деп танылуы бекер емес”. [3;27]

“Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық Диалогты негізге ала отырып жасалынған.

1983 жылы ірі жарнамалық компания иегері Алекс Ф.Осборн өзінің фирмасында кейін қызметкерлерімен “миға шабул” деп атап кеткен әдісті тәжірибеленген. Миға шабуыл кезінде кез-келген идеялар тыңдалына беріп айтылған ойда ешкімге, сынап, келеке еткізілмеген. Айтылған пікірлердің барлығы қағазға жазылып, келесі жиналыста талқыланған.

Фирма жетекшілерін миға шабуылдың жемесі керемет идеялардың көптеп пайда болуы бірден таңырқатқан. Әдістің сәттілігі соншалық, ол 50 жылдарда барлық Американдық корпорациялардың басты қаруы бола бастаған.

Тікелей “миға шабуылдау” ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.

Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.

Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.

“Дөңгелек үстел” әдісі саясат және ғылым жағынан педагогикалық келген әдіс. Әдетте, “дөңгелек үстел” саясат пен ғылымның әртүрлі саласының өкілдерімен белгілі бір проблеманы талқылап, шешу үшін ұйымдастырылады. Бұл әдісте пікіралмасу белгілі бір пікірлердің сәйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол болашақ жұмыстануда жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін атқарады, содан келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады.

“Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.[4;20]

Қысқаша айтсам, психолгияны оқытуда “дөңгелек үстел” әдісі әртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды шартты ескерсе және оны мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық проблемаларды шешуде әртүрлі аспектілі позиция мен көзқарасты сараманда жүзеге асырылады. Егер мұндай қажеттілік болып, я, болмаса және ол барлық жағынан саналы түрде қаралмаса, онда "дөңгелек үстел" әдісі әдеттегі, әрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп, консенсус туындатпайтын жай ғана жиын болып есептеледі.

“Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді.

Ресей психологтары: “”Ойын – бұл шартты жағдайларда ғылым және мәдениет заттарымен әлеуметтік бекітілген әдістерде қоғамдық тәжірбиені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы”,-дейді.

Іскерлік ойын әдісі ең алғашында білім беру жүйесінде емес, тәжірибелік басқару саласында алыптасқан. Бүгін де іскерлік ойын әдісі тәжірибенің әртүрлі аймақтарында: зеттеу жұмыстарында, жобалық өңдеу процесінде, шынайы өндірістік жағдаяттарда ұжымдық шешім шығаруда, сонымен қатар әскери салада қолданылады. Айта кетсек, іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған, ұрыстың шарты мен әрекеттерін суреттейтін әскери ойындардың жағдаяттардан тұратын әскерлерді ұрысқа дайындау мақсатымен құрылған ерте заманна келе жатқан “әскери ойындар” екен.

Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы оқушылардың бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет