Х. С. Муханбеткалиев 200 ж



бет5/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,34 Mb.
#12973
1   2   3   4   5   6   7   8
8 дәріс тақырыбы: Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар

  1. Кәсіби даярлықты компьютерлеудің екі жақты сипаты.

  2. Компьютер қазіргі оқу үрдісінде.

  3. Оқытудың мультимедиялық-технологиясын қолданып интерактивті дәріс өткізу әдістемесі.

Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. Әсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ және жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды және оларға әртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді әдіске жатпайды. Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны әрі қарай орындауға сигнал рөлін атқарады. В.Оконь бойынша Скиннердің түсінігінде сызықты бағдарлама келесілермен сипатталады:

  • дидактикалық материал қадамдар деп аталатын азғантай мөлшерлеп бөлінеді, оны оқушылар қадам сайын қадамдап оп-оңай меңгереді;

  • бағдарламаның жеке шеңберінде орын алатын сұрақтар мен ақтаңдақтар өте қиын болмауы тиіс, себебі оқушылардың жұмысқа қызығушылығы жоғалады;

  • оқушылар сұраққа жауапты өздері береді және ақтаңдақтарды толтырады, ол үшін олар қажетті ақпаратты қолданады;

  • оқыту барысында оқушылар олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екені жөнінде хабардар етеді;

  • барлық оқушылар кезекпен бағдарламаның барлық шеңберінен өтеді, алайда оның әрбіреуі оны өзіне ыңғайлы жылдамдықпен меңгереді;

  • жауап алуда жеңілдіктер беретін бағдарламаның бас жағында көп берілетін нұсқаулар біртіндеп шектелінеді;

  • ақпаратты механикалық есте сақтау болмас үшін бір ой бағдарламаның бірнеше шеңберінде әртүрлі варианттарда қайталанады.

Тармақталған бағдарламалау (Н.Кроудер) сызықтық бағдарламалаудан қадам таңдаудағы көптілігімен ерекшеленеді. Ол іс-әрекеттің қатесіздігіне ғана емес, мұғалімнін қате туғызатын себепті анықтауына бағытталған. Осыған сәйкес, тармақталған бағдарламалау оқушылардан ой еңбегін талап етеді, шын мәнінде ол «ойлау прцесін басқару» болып табылады(В.Оконь). Тармақталған бағдарлама сызықтыққа қарағанда толығырақ, ол адамды үйретудің ерекшеліктерін ескереді(мотивацияны, мағыналылық, жылжу жылдамдығының әсері). Бағдарламаланған оқыту 60-шы жылдардың аяғында 70-ші жылдардың басында Л.Н.Ланданың еңбектерінде жаңа дамуын бастады, ол бұл процесті алгоритмдеуді ұсынды. Л.Н. Ланда бойынша, алгоритм оңай болғандығынан жақсы түсініліп, барлық оқушылар орындайтын кәдімгі жай әрекеттерінің кезектілігі жөніндегі ереже. Алгоритм- бұл осы әрекеттертуралы, олардың қайсысы және қалай жасау керегі туралы нұсқаулар жүйесі.

Бағдарламалану келесі талаптарға жауап беретіндей оқытудың теориясына негізделуі керек:

А) немен басқару керектігін көрсету, сонымен қатар қатысушылардың әртүрлі қызмет түрлерін меңгеру жолының үрдісі қалай өтетінін көрсету. Соның ішінде танымдық қызмет.

Б) ақпарат мазмұнын анықтау үшін басқару боьектісін көрсету.

В) меңгеру кезеңдерін көрсету.

Сонымен, бағдарламаланған оқытудың дамуы үшін танымдық қызметті қалыптастыратын оқыту теориясы қажет. Бағдарламалаған оқытудың қызметі- мақсатқа жету үшін қажетті амалдарды таңдау және осы қызметтің орындау процесін ұйымдастыру. Бағдарламаланған оқытудың негізгі әдістемелік амалдары:



  1. іс-әрекеттің бағыттылқ негізінің схемасы- қатысушы меңгерген әрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік береді.

  2. оқу тапсырмасы- әртүрлі бейнелік ситуацияларды модельдейді. Оқу тапсырмаларын заттық, логикалық, және психологиялық деп бөлуге болады.

Білім беру процесінде басқарудың, бағдарламалаудың басымдылығы ой-еңбегі әрекеттерін сатылап қалыптастырудың психологиялық теориясына негізделген оқытудың бағытында аса толығырақ және теоретикалық негізделген. П.Я. Гальперин «психикалық процестің пайда болу құпиясын ашу» міндетін қойып, яғни материалдық, заттық идеалды, психикалыққа қалай өзгеретінің құпиясын ашу үшін осы қайта өзгерудің тұтас схемасын әзірледі. Н.Ф.Талызинамен бірлесіп, бұл теория оқыту процесінде іс жүзінде жүзеге асырылды. Оған теоретикалық постулаттар көзі болып отандық психологияда Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев зерттеген келесі ережелер болды:

  • әрбір ішкі психикалық-айналған, интериоризацияланған сырттай; психикалық функция алдымен интерпсихикалық, соңынан интрапсихикалық болады;

  • психикалық, ішкі әрекеттің сыртқы, пәндік әрекет сияқты құрылымы бар;

психика мен әрекеттің мәні бірлік, ол сәйкес келушілік: психикалық әрекет барысында қалыптасады, әрекет психикалықпен реттеледі.

9 дәріс тақырыбы: Оқушының білім деңгейін жетілдіру технологиялары



  1. Жобалау әдісі.

  2. Жобалау типтері. Оларды құрылымдау.

Әлуеметтік табиғи ортамен жанама өзара әрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда алынатын білім мен біліктердің қолданылуы жобалау әдісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқытудың бұл әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап әлемнің көп елдерінде сәтті қолданыла бастады .Ресейде бұл әдісті алғаш қолдануға әрекет жасаған С. Т. Шатскийдің клубы болды.Жобалау әдісі –ұғылықты толық нәтижемен айақталуы керек балалар анықтаған немесе педагог ұсынған мәселені деталъдық өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жеткізу әдісі. Ол нәтижені ақиқат тәжірибелік іс әрекетте көруге ұғынуға болады.

Мәселені шешу бір жағынан оқытудың турлі әдіс,тәсілдердің бірлігін қолдануды,екінші жағынан білім,біліктерді интеграциялау,ғылымның түрлісалаларынан білімді қолдануды талап етеді.Жобалау әдісі бойынша жұмысқандайда бір мәселенің болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу әрекеті жоспарлау болжамның болуы,ролъдің бөлінуін қарастырады.Жобаның тематикасы оқу процесін дифференциялау процессі,сол сұраққа қатысты жеке оқушының білімін тереңдету мақсатында оқу бағдарламасын ың қандайда бір теориялықсұрағына қатысты болуы мүмкін.Дегенмен көп жағдайда жобаның тақырыбы практикалық өмір үшін өзекті,шығармашылық ойлау,зерттеу жәнепрактикалық дағдыларды талап ететін сұраққа қатысты болады.Осылайша білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау әдістерінің маңызды мақсаттарының бірі оқуменпрактиканың толыққанды байланыстылығы классиканың дидактикалық принципін жузеге асыру,

Жобалау әдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданнылуы мүмкін.

- Білім,білік дағдылардын практикалықмәнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі.

-Өз бетінше индивидуалъды және топтық іс-әрекет әдістерін меңгеруі.

-Танымдық және шығармашылық қабілетті дамыту.

-балалардың кәсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру.

Жобалар алуан түрлі,олардыңжіктемесі түрлі негізде болады.Жобада басымдылық танытқан міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбалы.

Әдістемелік жобалар-ақпаратты жинау және талдау,мәселені анықтау және қою,міндет қою.Бұл жағдайда ақпарат әдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен қатар қажет қай әдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды.

Жобаға қатысушылар осы міндеттерді шешу бойынша іс-әрекеттердің бағдарламасын өздері жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-әректтің заттықнәтижесін балалар жинаған,доклат,стенд,электрондық презентация түрінде ұсынған ақпараттар құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық және қолданбалы жобалар-педагог ұсынған немесе алдыңғы ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу.

Зерттеушілік жобаларды орындау барыснда балалар ақпаратты жинау және талдау әдістерінқандайда бір ғылым саласында қолданылатын экспериментті жүргізу әдістерін меңгереді.Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқушылардың зерттеушілік жобалары нәтижесі ғылымжәне практикалық мәнге ие мәселелерге қатысты өткізіледі.

Балаллардың шығармашылық және қолданбалы жобалары өнер немесе техника саласында нақты өнім жасауға бағытталған.

Өнер саласындағы балалардың шығармашылығын жобалары қоғамдық бағытта,өйткені шығармашылық өнімі белгілі бір көрермендер үшін жасалады.Шығармашылық қолданбалы шаралар коммерциялық сипатта яғни жасалған өнімді басынан бастап сатуға бағытталуы мүмкін.Мұндай жоба тек оқу-тәрбие міндеттерін ғана емес,балаларға білім беру мәселесінің эканомикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Балалар жобалары пәндік аймақта менозапәндік жне пән болуы мүмкін.Индивидуалды жобалардың орындалуындада оқу тобының ішінде қатынас болалды.Біріншіден әрбір индивидуалъды яғни жеке жоба ортақ мәселенің алтерънатифті шешімдерінің бірі болып табылады.Екіншіден жобаны орындау барысында стихиялық түрдегі кооперация болуы мүмкін.Жобаның орындалуының кез-келген кезінде ұжымдық талқылау жүреді.Өйткені олардың негізінде бір алгаритм жатыр.Жобалар педагог жағынан басқару сипатына қарай өзгешеленеді.

Сонымен қатар жүзеге асыру ұзақтығына қарайда өзгешеленеді.Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Балаларға қосымша білім беретін мекеме тәжірибелерінде жобалау әдісін қолдануға келесі талаптар қойылады. Бірінші талап – зерттеушілік және шығармашылық жоспарда мәселенің болуы.

Мәселенің шешілуінің объективті мәнділігі елеулі болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде балалар үшін оның субъективті мәні болуы керек.

Екінші талап – күтілетін нәтижелердің практикалық және теориялық мәнділігі болып табылады.

Үшінші талап – балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкінділігі.

Бұл балаларда қажет білімін және біліктердің болуымен, физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік жағдайының сақталуымен ақпарат көздерінің қол жетерліктей болуы, материал, құрылғылардың болуымен байланысты.

Төртінші талап – аралық нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұнды бөлігінің кезеңдерге құрылымдануы. Жобамен жұмыс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.

Біріншісі – ізденіс. Оның негізгі қызметі- жобаның мақсаты мен міндетін анықтау. Бұл кезеңде ізденіс пен мәселені қалыптсатыру жүзеге асады. Мәселені педагог меңгерілетін тақырып шеңберінде береді. Ал бала ақпаратты алдын- ала жинақтау және талдау барысында ұсынады. Ол үшін балалар келесі сұрақтар қатарына жауап беруі керек. Мен не істегім келеді? Неге мен мұны істегім келеді? Менің жұмысымның нәтижесі не болады? Осы сұрақтарға жауап бере отырып бала мәселенің субъективті мәнін ұсынады, алда тұрған іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін нақтылайды.Бұл көлемді және нақты түрде жобаның тақырыбын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты анықталғаннан кейін ол міндеттерде, аралық мақсаттарда нақтыланады. Олардың орындалуы түпкі мақсатқа жетуге жеткізеді.

Екінші кезең – келешек жұмысты жоспарлау. Бұл кезеңде балаларға келесідей сұрақтар қойылады. Ұсынылған тақырыптардың шешімі қандай? Олардың әр біреуін қанша уақытта шешу керек? Әр міндетті шешу кімге жүктеледі? Жұмыстың әр кезеңін орындау үшін қандай материалдар мен құрылғылар қолданылады? Әр кезеңге кімнің көмегі керек және оны қалай алуға болады? Әр кезеңнің нәтижелері мен түсінікті нәтиже қалай ұсынылады? Жоспарлау кезеңі анықталғаннан кейін келешек жұмыстың жобасы жасалады. Онда мақсаты мен орындалу кезеңдерінің барлығы сипатталады. Зерттеушілік жобалауды әдетте жасөспірімдік жастағы балалар орындайды. Бұл жерде жүргізілетін зерттеудің жоба жоспарының орындалуы орынды. Мұнда болжам, қолданлатын әдіс, бақылау және эксперимент жүргізу графигі, аралық және түпкі нәтиженің ұсынылу формасы көрсетіледі.

Жоспарлау кезеңінде жобаның түпкі нәтижесіне қойылатын талаптар жасалады. Ол қалай жасалуы керек, қандай критериялармен бағаланады Бұл талаптарды педагогтың өзі өңдеуі немесе ұжымдық талқылау кезеңінде өңделуі мүмкін. Индивидуальді немесе топтық жобаларды тәжірибелік жүзеге асырмас бұрын оларды аудитория алдында қорғағаны жөн. Қорғау процедурасы кірістіреді:


  • жобаны жасаушы адамның қысқаша жоба жөнінде сипаттама беруі;

  • жарияланған жұмыстың орындалуы мен нәтижесіне жауапты адамдарға заттық символдар беру;

  • үшінші кезең – практикалық (техникалық) – жобаның кезеңдік орындалуы, аралық нәтижелердің бағалануы, жұмыс барысын талдау, қажет түзетулер енгізу.

Ол педагогпен жеке кеңес сериясы немесе дөңгелек стол түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Балалармен жоба әдісін пайдаланудың өз ерекшелігі бар. Кіші мектеп жасындағылардың жобалық іс- әрекетін ұйымдастыру әдісін Т.В.Цветков өңдеді. Ол жоба әдісі мен ұзақ сюжетті – рольдік ойынның синтезі ретінде көрінеді.

Жасөспірімдер үшін жобаның іс- әрекетті ұйымдастырылудағы маңызды кезең- жарысу т.б. Балаларға қосымша білім беретін меемелерде «Идея және іс биржасы» әдісі қолданылады. Ізденіс кезеңі мүмкін жобалар жөнінде идеяларды жинақтау идеялар тематикасы, іс - әрекет түріне қарай топтастырылады, олардың «құны» - өзектілігі және орындалу қиындығы анықталады.
10 дәріс тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы


  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

  2. Технологиясының мақсаты, функциялары.

  3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиясы.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетінсіз алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу-

ағартудың, оның ішінде білімді адамның беделі өсіп келеді. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Кейбір технологияларда бұл құралдар бастыидеялар және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Соның бірі – сын тұлғысынан ойлау тенологиясы.

Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке қабілет деңгейлерін дамытуда осы аталған бағдарламаның маңызыы ерекше екендігін сабақтарда қолданыс тапқаннан байқауға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының психо-педагогикалық негізі ретінде Л.С.Выготскийдің, Ж. Пиаже және Д.Дьюи иееялары алынған. Бұл технологияның авторы Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - өте күрделі ойлау процесі , бұл процес мәліметтің қабылдауынан басталады және шешім қабылдаумен аяқталады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – педагогикалық технологияның бірі. Бұл технология оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауын және барлық ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.

Технологияның мақсаты – оқушылардың сын тұрғыссынан ойлау қабілетін дамыту, оқу процесіне енгізу, қызығушылығын ояту. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы адамдар арасында сыйластыққа және қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Әлемге деген әртүрлі көзкөзқарастарын түсінуге көмектеседі. Кез келген мазмұнға сыни көзқараспен қарап, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің еліміздегі Дж. Соростың “Сорос Қазақстан” ашық қоғам институты қоры арқылы бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибесіне ене бастады.

“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасы бойынша ол:

Шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;

үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Келесі оқыту жағдайлары сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді: сын тұрғысынан ойлау тәжірибесінде мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі, оқушылардың ойлануына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіру. Оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені уақтылы шешуге үйрету. Сабақта қолданылатын әдістер сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді, солардың бірнешеуінің жүргізу әдістемесін назарларыңызға ұсынамын:

1. Топтастыру – оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымынан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болу да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

2. Кубизм әдісі – оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. “кубизм” стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар 1-ші бетін суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі, 2-бетін салыстырыңыз: неге ұқсас?, айырмашылықтары болса неде? 3-бетін – зертте: қандай?, қалай?, неден жасалған? Шығу тегі, тарихы. 4-беті – пайда болған ойлар: ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді? Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар? 5-бетін қолданыңыз: онымен не істеуге болады? Қалай қолодану керек? 6-бетін талқылаңыз: қолданыңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.

Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды, не оны мадақтайды.



  1. суреттеңіз

  2. салыстырыңыз

  3. байланыстырыңыз

  4. саралаңыз

  5. қолданыңыз

  6. талқылаңыз

  1. Суреттеңіз – ойыңызша тақырыпқа жақын келіп, түсінігіңізді

суреттеңіз.

  1. Салыстырыңыз – неге ұқсас, айырмашылығы бар ма?

  2. Нені ойлаттырады, ойыңызға нені келтіреді. Ұқсас заттар ма,

әлде бөлек заттар ма? Ойыңызбен шолып өтіп. Осы мәселеге байланысты қандай мәселе бар, біліңіз ?

  1. Саралаңыз – қалай жасалғанын айтыңыз, өзіңіз жасаңыз.

  2. Қолданыңыз – онымен не істеуге болатынын айтыңыз.

  3. Талқылаңыз - өз ойыңызда тұрыңыз, өзіңіздің дәлеліңізді

немесе пікіріңізді айтыңыз.

Бұл әдісті ой толғауда қолдану тиімді.



Венн диаграммасы

Бір-біріне айқасқан шеңбердің екі жағына салыстырылуғаберілетін объектілердің ортақ сипаттамалары беріледі. Ал, айқасқан жеріне екеуіне ортақ сипат тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясы.



5. Симатикалық карта. Ол алған білімді жинақтауға, көрсетуге, салыстыруға, өзінің білгеін көрсетуге арналған таблица түрінде болады. Қатып қалған график жоқ. Өз пәніне, тақырыбына байланысты толтыруға болады.

6. Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың ой толғанысы үшін пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле тұру керектігін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады, жазуға уақыт береді. Аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерн таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымға оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға өған сын көзбен қарап, ойын түсіндіруге үйретеді. Бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.
11 дәріс тақырыбы: Дамыта оқыту.

  1. Дамыта оқыту мдеясының тарихы

  2. Дамыта оқытудың ерекшеліктері, негізгі функциялары мен белгілері.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

ХVІІ ғасырдағы Я.А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И.Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру үсіне басшылық» (Руководство в образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған.

«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.

Осылай бола тұрғанымен, «дамыта оқыту» деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі, «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.

Алайда дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге ала жүреді» деген Л.С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психикалық функциясын зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі ілгері эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты Л.С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі – назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасына жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі-бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.

Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпал тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістен кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар қолданылып келеді.

Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгетуші субъект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «Мен» деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі ролдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Ал, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі азая түседі. Өйткені, дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу мұғалімнің айтқандарын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.

Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:



  1. Үлгіні көрсету.

  2. Түсіндіру.

  3. Бағалау, бақылау.

Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту және т.б.

Дәстүрлі оқытуда оқу процессіне қатысушылардың «басқарушылар мен оындаушылар» түріндегі ролдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні – оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді. Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне ерекше тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады:



  • оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

  • әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

  • мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көреткіштері;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынаста.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы, «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың? Немесе 4 және 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады?» түріндегі сұрақтар.Көрнекілік және т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін байқауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе, оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
12 дәріс тақырыбы: Ақпараттық оқыту технологиясы


    1. Компьютер – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы Витагенді оқытудың теориялық негіздері

    2. Мәліметтер қоры

Бүгінгі күні оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуінде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты борлып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық-техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірбиеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз.

Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекомуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.

Алдымен жаңа ақпараттық технологияға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақрпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпаратық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.

Оқытудың жаңа ақпаратты технология аса қажетті технологиялық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкееледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:


  • “тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

  • негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы ретінде қолдану);

  • монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;

  • “ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;

  • білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;

  • зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.

Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:

  • оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

  • компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;

  • оқытудың диалог түрінде болуы;

  • басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

  • оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект

субъект, объект-субъект ;

  • жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;

  • оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.

Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.

Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.

Компьютер оқушыда өз іс-әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.

Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мәліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі дамыта алады.

Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді.

Мәліметтер қоры дегеніміз – компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік , графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асады.


  1. Иерархиялық мәліметтер қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері болып табылдаы.

  2. Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бір атрибуттар меншіктеледі (автор, түйінді сөз, аймақ, ақпарат түрі, т.б.) және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асады.

  3. Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді (кейде үш өлшемді) матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп атайды.

Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының

құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады.


13 дәріс тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы

  1. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері

  2. Модульді құру ережелері

  3. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны

Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

1.3. Модульдік оқыту технологиясы және ерекшеліктері

Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселеледі шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. [10;18-21

Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:


  • ақпарат материалының мақсаттылығы;

  • жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;

  • модуль элементтерінің жеке даралығы;

  • ақпараттық және әдістемелік материалын оңтайлы берілуі.

Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.

Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л. Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:



  1. Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).

  2. Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).

  3. Ізденпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).

  4. Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу). [8;95-101]

Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.

Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфрантация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.

Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.

Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек.

Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.



  1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

  2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.

  3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.

  4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары.

  5. Диалогтік бөлімді құру принциптері.

  6. Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.

  7. Шығармашылық және технология.

  8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.

  9. Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.

  10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  11. Ойын арқылы оқыту және ойындар.

  12. Дискуссиялық формалар.

  13. Ойын арқылы оқыту технологиясы.

  14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.

  15. Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модульіндегі нұсқаулары.

  16. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.

  17. Оқу модулінің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр.

Оның мазмұны:

  1. Оқыту мақсатын жалпы анықтау.

  2. Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу.

  3. Оқушылардың білімділік дәрежесін алдын-ала бағалау.

  4. Оқыту процедураларының жиынтығы (бұл кезеңде “кері байланыс” негізінде оқыту коррекциясы орын алады).

  5. Нәтижені бағалау.

Осындай құрылымына қарай оқу процесі “модульдік” сипатқа ие болады. “Модуль” – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы баланы оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін “диалогтік” қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. [9]

Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, “диалогтік” бөлімге 9 сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдылы меңгеруден бастап “білімді көшіру” немесе пайдалануға” дейнігі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделілге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын “түсіну”, деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді.

Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады:


  1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту модулімен таныстыру.

  3. Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема, график, кестелер т.б. түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында беруі).

  4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін “диалогтік” негізінде әрбір оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру.

  5. Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту.

  6. Тарау, блок бойынша тест алу.

  7. Тарау бойынша “релейный” зачет алу (немесе диктант, бақылау, т.б.). Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен білім тексеру.[25;28-29]

14 дәріс тақырыбы: Оқыту үрдісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар



  1. Ойындар жөнінде теориялар мен түрлері

  2. Ойындық педагогикалық технологиялар

Мұғалімнің үнемі ізденіп, өз шеберлігін жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіруі қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктері мұғалімнен сабақ кезінде оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру жолында ерекше жағдай туғызу қажеттігін талап етеді. Сабақта оқушылар тек жаңа материалды оқып, есте сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы тәжірибесінен үйреніп, әлемдік зерттеу ақпараттарымен танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге үйренсе ұстаз еңбегінің зая кетпегені деп білемін. Әр ұстаз өз сабағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пәніңді жақсы білгенің жеткіліксіз, ұстаз жақсы әңгімешіл болуы қажет.

Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабылдауын қызықты да, тартымды ететін, олардың шығармашылық ізденісін шындай түсетін, оқу үрдісінен бірден-бір тиімді тәсілі - ойын технологиясы болып табылады.

Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоционалды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады. Ойын – шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элькониннің айтқаны ойға оралады: “ойын - баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйренеді”. [24;225-228]

Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: өткізілу орнын, уақытын, қатысушыларды айқындаудан басталады. Бұл үшін тақырыптық күнтізбе жоспар құру кезеңінде әр түрлі сабақтарда ойындарды қолданудың перспективалары айқындалады.

Сабақ жоспарларын қарастыру кезеңінде ойынның ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады. Бұл процеске оқушылар да тартылады.

Ойынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді, өйткені қызығушылық-шарттылық жағдаят туғызу арқасында әрекет ойын өзгешелігіне айналады. Сондықтан керекті шарттарды не арқылы туатынын ескере отырып, ойындарды топтарға бөлуге болады.

Қазіргі кезең әр мұғалімнің алдына оқушының қыбілеті мен мүмкіндігін ескере отырып, осы заманғы алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдануды талап етеді. Мұғалім өз тәжірибесінде жалпы топқа ғана білім беру емес, әр баланың санасын ажеткізу үшін еңбектенеді.

Ойын технологиясы арқылы оқытудың әр деңгейлігіне және оқу үрдісінің негізгі міндеті жаңа материалды оқып үйренудің барынша тиімді нәтижесіне қол жеткізуге болады.

15 дәріс тақырыбы Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.


  1. Негізгі тұжырымдық ойлар

  2. Баланы қолдау технологиясы.

«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.

«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үрдісінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered" («тұлға орталықты») және "pupil - centered" («оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді [29, 30].

Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әр қайсысын тұлғалық бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Қазіргі педагогикалық сөздікке жүгінсек, «тұлға» - 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкерілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам [31].

«Тұлға» ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдарында зерттелуде. Ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау негізінде анықтағанымыз: тұлғалық бағдарлы білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін Е.В. Бондаревская [32-38] терең зерттеген. Оның айтуынша, тұлғалық бағдарлы білім берудің сапасы мәдениетке сәйкестік ұстанымымен анықталады. Ұстанымның мәні – тұлғаны дамытушы және жетілдіруші орта ретіндегі мәдениет пен білім арасындағы, сонымен қатар баланың тәрбиесі мен дамуы арасындағы қарым-қатынастарды анықтау. Яғни, білім беру мазмұнының мәдениет орталығы – бірегей жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және аймақтық мәдени құндылықтар. Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзіжүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндірумен қалыптасады.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын И.С. Якиманская толық зерттеген [39-41]. Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектті тәжірибесіне сүйенуі керек. Субъектті тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс - әрекеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде мұғалім беретін тәжірибесі және оқушының субъектті тәжірибе мәдениеттілік сипатқа иеленеді, өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі.

И.С.Якиманскаяның тұжырымдамасында тұлғалық бағдарлы педагогикасының білім берудегі мақсаты – баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің тағы бір шарты педагогикалық технологияға қатысты. Оның идеясы: түсіндіруден – түсінуге, монологтан – диалогқа, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан - өзін-өзі басқаруға көшу. Педагогтың негізгі міндеті – қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиялары диалогтық тұжырымдамаларда беріледі. Онда диалогтың жалпылама идеясы адам санасының негізі ретінде қарастырылады. Диалогтық қарым-қатынас әмбебап құбылыс деуге болады, өйткені ол адамдық сөз және барлық қатынасты бойлай өтеді және адамзат өміріне байланысты жалпы мән мен мағынаның бәрін қамтиды. .



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет