Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі99,63 Kb.
#189451
1   2   3   4
Байланысты:
№1
№3
Мағиза Шаймарданова

Қазақстанда сол кезде осындай тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ Қазақ бөлімшесінің (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясы) ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғалым әдістемешілерінің бірі Мағиза Шаймарданова болды. Ғалымның анықтауы бойынша қазақ мектептеріндегі биологияны оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, биологияны оқытуда қайта құрудың негізгі бағыты еліміздің мектептерінде біріңғай әдістемелік жүйе жасауда басшылыққа алды.


М. Шаймарданованың жалпы білім беру саласындағы көп жылдық тәжірибесі, биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт ұлттық, этномәдени және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, биологиялық білімді халқымыздың өміріне барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны мен құрылымын аймақтың нақты жағдайына келтіру керек екенін атап көрсетуге мүмкіндік берді.
Өзінің авторлық тұғырнамасында М. Шаймарданова ұлттық қазақ мектептерінде биологиялық білім беру мазмұнында мына жағдайлар орын алу керектігін көрсетті:

  • Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі;

  • Республиканың өсімдіктер мен жануарлардың әдеттегі өкілдерінің тіршілік қалпының ерекшеліктері: қазіргі уақыттағы олардың саны, қорғау шаралары;

  • еліміздің мал шаруашылығымен шұғылданудағы тарихи жинақталған тәжірибелері (үй жануарларын өсіру, оларды күтіпбаптауға жағдай тудыру, жаңа тұқымдар шығару, үй жануарларын тиімді қоректендіру жөнінде), олардың ауруларының ерекшеліктері (ауыл шаруашылығы жануарларының ауру қоздырғыштары), олардың алдын алу мен емдеу шаралары;

  • жануарлар морфологиясынан практикалық тіректік білім (оның ішінде, сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері);

  • адам мен жануарлардың ауруларын емдеуде пайдаланылатын Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін білу, оларды жинау мерзімін, қорғауға қамқорлық, улы өсімдіктерді білу және сақтану шаралары;

  • Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайындағы адам және жануарлар физиологиясы ерекшеліктерін білу (ыстық және таулы климаттағы, желді және құрғақ ауа – райындағы физиология);

  • Дұрыс тамақтану ерекшеліктері, тамаққа жануар текті пайдалы тағамды пайдалану (сүтті, етті) т.б.

  • Гигиеналық білім: қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан біліктілік (тамақтану гигиенасы, денені таза ұстау) және денсаулықты нығайту жөніндегі білім (ұлттық спорт түрі: қазақша күрес, бәйге).

Сонымен, ғалым биология мазмұнында қазақ халқының алдыңғы салт – дәстүрі мен әдет ғұрыптарын ескеруді ұсынады. Мысалы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі ретінде табиғатта жабайы өсімдіктер мен жануарларға дұрыс қарай білу, жайылымдарға құнтты қарау. Тұғырнамада биологияны оқыту үрдісі кезінде алдымен этнолингвистикалық ерекшеліктерді: ғылыми көпшілік әдебиеттерде басымдылығына байланысты оқыту практикасында жабайы өсімдіктер мен жануарлардың атауының көптүрлілігін: тұрмыста олардың диалектілік атауларының; үй жануарларының атауларының: сиырлар, жылқылар, қой, ешкі, түйенің (сыртқы түрінен, мінезқұлығынан, жасынан, жынысынан және көбеюінен) т.б. атаулардың көптігін естен шығармау керек екеніне көңіл аударады. Автор бұдан басқа жабайы және үй жануарларын табиғатта және тұрмыста бақылай білу, олардың нәтижелерін фразеологизмдер, мақалдар, мәтелдер, ертегілер түрлерінде айту біліктіліктері пайдаланылуы керек деп атап көрсетеді. Сайып келгенде: биологияны өмірмен тығыз байланыстыру үшін, автордың пікірінше, жергілікті жердің ірі қара, қой, жылқы, түйе, ешкі, марал тұқымдарын және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын: тары, күріш, қант қызылшасы, жүгері, арпа, сұлы т.б. оқу қарастырылуы қажет.
Осы келтірілген тұғырнамалық тұжырымдардың талдауынан соң, ғалым М.Шаймарданова алғаш рет Республикамыздың климаттық–географиялық ерекшеліктеріне үйлестірілген, бейімделген биологияны оқыту әдістемесінің жүйесін жасауға талпыныс жасалған деп анықтауға болады.
Осы тұғырнама негізінде ғалым биологиялық білім берудің базалық деңгейін анықтап, қазақ мектептері үшін биологиядан оқу әдістемелік кешен жасалды. Ғалымның айтарлықтай әдістемелік үлесі болып, өзінің жобалаған ҚР биологиялық білім берудің жаңартылған инварианттық нобайы саналады.
Көпжылдық әдістемелік жұмыс тәжірибесі негізінде 1984 жылы ол зоология оқулығына суретті терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбегі бұрынғы СССРдің ірі ғалым әдістемешісі Р. Маш тарапынан, және Алматы облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институты мамандарынан жоғары баға алды.
Биология пәні бойынша орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы: РИК) 1998 Ж. К. Жүнісова, Қ. Жұмағұлова т.б. ғалымдардың қатысуымен жасалды.
ҚР Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты жасалғанда (Алматы 2002), Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының жалпы білім институтында пәндері бойынша орта жалпы білімнің жалпыға бірдей міндетті стандартын дайындау жөніндегі нұсқаларына сүйенді. «Биология» пәні бойынша орта жалпы білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (6 11 сыныптар) дайындалды, оған К. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, К.Ә. Жаңабердиева, Қ.Ә. Жұмағұлова, Л.Ү. Әбшенова сияқты ғалымдар мен әдістемешілер қатысты. Ол бойынша «Биология» оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейімен биологиялық білімнің мемлекеттік міндеті минимумына талаптар белгіленеді. Оқу пәні ретінде «Биологияның» негізгі мақсаттары мен міндеттері, зерттеу пәні, келешектегі пәннің мазмұнының дамуы және базистік оқу жоспарындағы оның орны, оқу жүктемесінің көлемі анықталды.
Соңғы жылдары Республикамызда мектеп оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылардың оқу – танымдық әрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдер тиімділігін арттыру мақсатында елеулі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстарға мына ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады: И.Н. Нұғманов, Ж.А.Қараев, М.Ж. Жадрина, Қ. Аймағанбетова, Р. Әлімқұлова, А.Е. Абылқасымова, Т.С. Сабыров, Г.Е. Алимухамбетова, З. Ибрагимова, Ғ.М. Құсайынов, А. Тамаев, Қ. Қайың, А.Е. Дайрабаева және т.б.
Биология ғылымының әр саласында еңбек еткен қазақстандық ғалымдарды көптеп атауға болады
1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж.Күдерин жазды, академик Н.В.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П. Голоскоков, М.С. Байтенов жазды.А. Бекенов, В.А. Грачев, М.И. Исмагилов, А.Ф. Ковшарь, А.А. Слудский, К. Ыскакова және басқа ғалымдар жануарлар әлемін зерттеді. Жануарлар бойынша «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» жарыққа шығуына негіз болды. Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктеменің, малдардың асыл тұқымдарын шығаруға зор көмегін тигізді. М.Ә.Айтхожин, Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп жүруіміз керек.
Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа эксперименттер мен демонстрациялау енгізу қажеттігі туды.
Сабақты өту әдісінің проблемаралын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезівде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тығыз байланыста болды. Жануарлар мен өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Экскурсиялар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері өңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жүмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды.
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дубинин, С.С.Четвериков және көптеген шетел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж.Хаксли, Э.Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В.И.Вренадскийдің «Биосфера» ілімі Н.В.Сукачевтің «Биогеоценоз» ілімдері мектеп биология пәндерін оқытуда гана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды. Н.М.Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю.И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмұнына, бағдарламаға енгізді.
А.Ы. Жандеркин, Б.М. Мусин, К. Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет