Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)


Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин(1891-1938)



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі99,63 Kb.
#189451
1   2   3   4
Байланысты:
№1
№3
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин(1891-1938)



Тұңгыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазды. Солардын бірі «Жануарлар» 1922 жылы Ташкентте басылып шықты. Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин (1891 -1938) Қазақстан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде «Өсімдіктану» атты оқу құралын 1927-1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс жөне мал шаруашылығының маманы атанды.


Бұл оқулық 1927 жылы араб әрпімен Москвада, 1930 жылы латын әрпімен Қызылорда қаласында басылған. 1992 жылы қазіргі жазуымызға көшіріліп, “Рауан” баспасынан жарық көрді.
Осы соңғы басылымның алғы сөзін жазған биолог-ғалым Қабдірашид Қайым кітаптың ғалымдар мен мұғалімдердің іс жүзінде кең пайдаланып, жетекші құрал етуіне таптырмайтын қомақты еңбек екенін айта келіп, биология ғылымының докторлары Ғ.З.Бияшев пен А.Алманиязовтың пікірлеріне келтіреді. Онда “биолог-ғалым Ж.Күдериннің ”Өсімдіктану” кітабы қазірдің өзінде маңызын жоғалтқан жоқ. Ол әлі де болса қазақ арасына өсімдік өмірі жөнінде ғылыми білімді таратудың өте құнды құралы болып табылады ” делінген.
Қазақ тілінде жазылған тұңғыш өсімдіктану оқулығы екендігіне және жарық көргеніне қаншама уақыт өткендігіне қарамастан, бұл еңбектің бүгінгі күннің жоғарғы дәрежелі биолог ғалымдары тарапынан бұлайша бағалануы жалпы ғасыр басындағы қазақ зиялыларының кәсіби деңгейінің қаншалықты биік болғандығынан хабардар етумен бірге, олардың ішінде Ж.Күдериннің де орны бөлек тұлғалардың бірі екендігін көрсетеді.
Ғалымның биология ғылымын дамытуға қосқан үлесі мен оның еңбектерінің құнды жақтарын анықтау осы саласының мамандарының яғни, биолог-ғалымдардың еншісне тиетін жұмыс. Біз оқулық авторының қаламынан туған терминдері туралы қысқаша ғана сөз етеміз.
Ж.Күдериннің 1927 жылы жарық көрген “Өсімдіктану” оқулығында 300-ге жуық қазақ тілінде жасалған терминдер мен көптеген қазақша өсімдік атаулары кездеседі.
Бұл оқулықтағы терминдердің барлығы дерлік сөз болып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының термин шығармашылығында ұстаған жылы принциптеріне сәйкес жасалғанғандығының көрінісі. Мысалы, аналық, аталық, тұқымдық, түйіршік, тостағанша, сабақша, қалбырша, қабықша, қалташа, қайықша сияқты терминдер морфологиялық тәсілмен, аналықтың мойны, аналықтың аузы, ағаштың сүйегі, бұтақты тамыр жолы, жапырақтың тақтасы, тұқым жапырақшасы, ұялы тозаң, тұқымқап, қылшабуын, гүлжапырақ тәрізді терминдер аналитикалық тәсіл арқылы, ал буын, тарамыс, түйір, тұғыр, түк, тап, тыс, тегеурін, желек, жік, шаң, шырын, сақина, құндақ, өзек, сұрып, оба сынды терминдер жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі арқылы, яғни, терминдену тәсілімен жасалған.
Келтірілген мысалдардан байқап отырғанымыздай, өсімдіктану терминдерін жасауда ғалым қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін кеңінен пайдаланған. Бұл терминдердің көпшілігі қалыптасып, қазіргі өсімдіктану терминдерінің қатарынан орын алған.
Айталық, қазіргі кезде ғалым өз оқулығында алғаш қолданған аналақ, аталық, тозаң, сабақша, қабыршақ, қайықша, гүлжапырақ, қабықша, аналық аузы, аналық мойны сияқты терминдерді бүгінгі ғылыми әдебиеттер мен оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің барлығынан ұшыратуға болады. Бұл Ж.Күдериннің тек алғашқы оқулық авторы ғана емес, ғылым тілінің, өсімдіктану терминологиясының қалыптасуына үлкен үлес қосқан, осы істің басында тұрған қазақтың озық ойлы биолог-ғалымы екенін көрсетсе керек.
Жалпы Ж.Күдериннің оқулығында кездесетін терминдердің бестен біріне жуығы жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі арқылы жасалған. Өсімдіктану ұғымдарының деректілігіне (нақтылығына) байланысты болуы керек, жалпы әдеби тілдегі сөздер мағыналарының, метафоралану жолымен терминденуі көбінесе ұғымдардың сыртқы ұқсастықтарына (пішін,көлем, т.б.) негізделетіндігімен ерекшеленеді.
Күдерин Ж.М. «Қуғын сүргінде аман қалған еңбектері» Алматы «Демеу» баспасы 1995 жылы жарық көрді. 352 беттен құралған. Күдерин Ж.М. тұңғыш қазақ тілінде жарияланған, жазылған және құрастырып, аударылып жасаған бірнеше еңбегін бір кітап етіп топтастырылған. Бұл кітаптар 1937 жылдың нәубетіне тағы болған абзал азаматтық Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан нәтижелі үлесі ретінде кейінгі ұрпаққа ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған .
Қазақстанда биологиялық білім берудің міндеттерін шешуде алғаш рет еліміздің аймағының этнолингвистикалық және экологиялық географиялық жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын біріңғай биологиялық білім беру тұжырымдамасы (концепция) қажет болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет