Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)


Кәрім Мыңбаев (1906-1948)



бет4/4
Дата04.11.2023
өлшемі99,63 Kb.
#189451
1   2   3   4
Байланысты:
№1
№3
Кәрім Мыңбаев (1906-1948)

1906 жылы қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Алматы қаласында қайтыс болған. Қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылымдарының докторы (1944), Қазақстан Академиясының корреспондент мүшесі (1946).





Орта Азия мақта-ирригация институтын бітірген (1932). 1932 – 36 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтында және Алматы селекция станциясында ғылыми-педагогикалық жұмыстарда болды. 1936 – 42 жылы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертттеу институтында (Ленинград) аспирант, академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, сол институттың каучукты өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Мыңбаев көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың өнімділігін арттыру үшін оны тек суармалы жерлерде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарының тәлімі жерлерінде де егуге болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ Мыңбаев Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық-селекциялық жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым болып саналады.
Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.


Бағрам Мұсаұлы Мусин(1906-1978)

Бағрам Мұсаұлы Мусин Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданы (қазіргі Шал ақын ауданы), 3-ауылда дүниеге келген. Ғалым-зоотехник. Ғылым кандидаты (1936), Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. 1
Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институын бітірген (1932). 1936 жылдан Қазақтың мал өсіру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. Малдың жаңа тұқымы – қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1951) атағы берілген. Мусин Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.


Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин (1905-1983)



Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Биология ғылымдарының кандитаты (1945), Қазақ ауыл шаруашылық академиясының корреспондент- мүшесі (1969).
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950).«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Еңбектері:
Как создавался казахский архаромеринос,
“Колхозное производство”, 1951, №1;
"Разведение шерстных коз", 1950;
"Анатомия и физиология животных", 1954 (соавтор);
"Мясо-сальное овцеводство Казахстана", 1964.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдардан С.Г. Навашин (өсімдіктің ұрықтануын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет