Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі99,63 Kb.
#189451
  1   2   3   4
Байланысты:
№1
№3

1.Кеңестік кезеңдегі қазақстандық авторлар, олардың жарық көрген еңбектері
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939)

Х.Д.Досмұхамедов 1917 ж. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында жалпықазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге ат салысты. Сәуір айында 800 ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облысындағы. Қазақ съезінде X.Досмұхамедов, Казан ветеринариялық институтының студенті Ғ.Бердиев, Императорлық әскери медицина академиясының студенті Н.Имағамбетов қатысты. Санкт-Петербургте 1908 жылы бірге "Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері" атты жергілікті және облыс деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бір ауыздан дауыс берді. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 ж. желтоқсанда 2-ші жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алымсалық, қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, 1918 жылы наурыз айында Ж.Досмұхамедов Кеңес үкіметінің басшысымен, Үлт істері жөніңдегі халық комссары И.В. Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Қазақ мемлекеттік баспасы басқармасының мүшесі жөне меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Жауапты қызметтер атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты, "Табиғаттану", "Жануарлар" (екеуі де 1922), "Адамның тән тірлігі", "Оқушылардың саулығын сақтау" (екеуі де 1925), "Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер", т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды. 1922—25ж. Мәдениетті көркейту мақсатында құрылып, жұмыс жасаған "Талап" қауымынын, басқармасына төрағалық етті. Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі сингармонизм заңын зерттеді, "Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы" (1924), "Шернияз шешен" (1925), "Алаш не сөз?", "Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы енсапа" (1927), "Тіллә Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі" (1928), "Диуани лұғат аттүрік", «Кеңесарының соңғы күндері», «әдебиетінің тарихы" сияқты, т.б. ғылыми теориялық еңбектер жазып қалдырды. 1930 жылдары саяси қуғынға ұшыраған Халел Досмұхамедұлы Ресейдің Воронеж қаласында айдауда болды. 1938 жылы «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, 1939 жылы атылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет