Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет80/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
айша анамыздың жағдайы

мына  нәрсе  де  ақиқат:  тағдыр  әрбіріне  ерекше 

рөл дайындаған еді. айшаның жағдайы айрықша бо-

латын, бұны өзге аналарымыз да мойындайтын. 

Жағдай айқын, басы күнәдан таза екендігі тура-

сында көктен аят түсті. сондықтан ғалымдар айша 

анамыз туралы әлі де күмәні бар адамдардың ашық 

түрде  аятқа  қарсы  келетінін  және  діннен  шығып 

кәпір болатынын, тіпті ондайлар үшін енді тәубе ету 

мүмкіндігінің  жоқтығын  айтқан.  Өйткені,  бұның 

шала  екенін  Құран  айтуда  әрі  мұндай  әрекет  ашық 

түрде Құран аятына қарсы шығуды білдірді

342



Хазірет  Әбу  Бәкірдің  сахаба  еместігін  айтқан 



адамның  да  діннен  шығатыны  айтылады.  Өйткені, 

Құран  пайғамбарымыздың  хижретіне  байланысты 

екеуінің  көрген  қиындықтары  туралы  айтқан  кезде 

сол  күні  жанында  болған  хазірет  Әбу  Бәкір  туралы 

айтып, ең жақын досы ретінде атаған

343


айша туралы жала нәтижесінде бұл қылмыстың 

жазасы белгіленді. Ендігі жерде жала жабушылардың 

жазасыз қалмайтындығы аят арқылы бекіді. алғашқы 

жазаны алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

өз қолымен осы оқиғада берді. 

342

 Жалғасында  Ибн  аббас  «алла  төрт  кісіні  төрт  нәрсемен  ақтап, 



күнәсіз екенін білдірген: Жүсіпті Уәлидпен (абыройына куәлік ет-

кен кісі), мұсаны таспен, мәриямды ұлы абдуллаһпен (Ол «мен 

алланың  құлымын»  деген)  және  айшаны  осы  аятпен  ақтаған» 

деген, яғни айша анамызды ақтаушының адам емес алланың өзі 

екенін назарға ұсынған. Қараңыз: Бәйдауи, Тәфсир 1\181; Замах-

шари, Кәшшаф 1\834; сонымен қатар, қараңыз: Зеркәши, әл-Ижәбә 

лима истедрекетху айша алас сахаба 47

343


  Қараңыз: Тәубе, 9\40


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

210

Басқа  аналарымызбен  салыстырғанда  айша 



анамыздың көп ерекшелігі болған, тіпті имам Зәркәши 

сияқты  ғалымдар  бұл  ерекшеліктердің  жалпы  саны 

қырыққа жететінін айтқан

344


. солардың біразы мына-

лар:


Тәйәммүм аятының түсуіне себеп болуы (ол оқиға 

жоғарыда баяндалды). 

мекке  жылдарында  алла  елшісі  (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  айшаны  түсінде  көріп  Жәбірейіл 

періште болашақ жары екенін білдірген.

алла  елшісіне  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

қыздай тұрмысқа шыққан жары тек айша еді.

Әкесі  Әбу  Бәкір  (р.а.)  досы  әрі  өзінің  ең  жақсы 

көрген  адамы  болатын,  үмбет  арасында  жақсылығы 

мен  ізгілігі  жағынан  алланың  елшісінен  кейін 

тұратын адам сол болатын. 

Пайғамбарымыздың әйелдері арасында ата-анасы 

бірге мәдинаға көшкен кісілер айша анамыз болатын. 

Оның  отбасына  қатысты  тағы  бір  ерекшелік  атасы, 

әкесі, бауыры және жиендерінен екеуі бір әулетке тән 

төрт ұрпақтың бірден сахаба атына ие болуы еді. 

алла  елшісіне  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

түсетін  уахилерге  тек  айша  ғана  куә  болған.  Бұл 

туралы: 

–  маған  уахи  әйелдерімнің  арасында  айшадан 

басқа үйде келген емес

345


 дегені бар. 



Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

сыйлық  бергісі  келген  сахаба  айша  анамыздың 

үйінде болған кезінде беретін. 

344


  Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 44-45

345


  Бұхари, Хиба 7 (2442)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

211


Жәбірейіл періштені Дыхиятул Кәлби бейнесінде 

тек айша ғана көрген, тіпті Жәбірейіл періште оған 

сәлем берген

346


.

Басқа әйелдермен салыстырғанда мәхірі де жоғары 

болған. Бірнеше жылдан кейін бұл туралы айтқанда 

өзі осы мәселеге тоқталып, тек Үммү Хабиба анамыз-

ды қоспайды. мұның себебін: 

–  Патша үйлендірген жоқ па еді? 

 деп түсіндіреді. 



Өйткені, Үммү Хабиба анамыздың некесі Хабашстан-

да және Хабаш патшасының қатысуымен қиылған. 

Әсіресе  сәуда  анамыздың  өз  күнін  айшаға 

беруімен басқалардан гөрі алла елшісімен (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) өткізетін уақыты екі есеге артқан. 

Жарымен  махаббаты  да  айрықша  еді.  Кейде 

күйеуіне назданатын, алла елшісі болса оның көңілін 

аулауға тырысатын. 

Басқа  әйелдер  арасында  расулалла  тек  сонымен 

ғана жүгіріп жарысқан, бұл екі рет қайталанған. 

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  оны 

жұмақтан көргенін айтқан және уысындағы ақ заттың 

қалай жарқырағанын суреттеген

347


Бақиға  аттанарда  жары  разылық  танытқан 

әйелдерінің басында күмәнсіз сол тұрды. 

Білім жағынан да өзін көрсетіп, басқалардан ерек-

шеленген, сахабалар арасында ешқандай әйел хадис 

346


 Бұхари,  Бәдул  Халқ  6  (3045);  ахмад  ибн  Ханбал,  мүснәд  6\74 

(24506),  6\146  (25174);  мүстадрак  3\37  (4332),  Ибн  Әби  шәйба 

мұсаннаф 6\389 (32279). Хазірет Дыхия кейпінде Жәбірейілді сәуда 

анамыздың да көргені туралы айтылады.

347

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\138 (25120); Табарани, әл-мұғжамул 



кәбир 23\39 (98); әл-мұғжамул әбсәт 3\284 (3161)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

212

риуаят  етпеген.  айшаның  ғылымдағы  тереңдігі 



барша әйелдерден басым түсетін.

Бір мәселеде шешім таба алмағандар соған келіп 

жүгінетін. 

Тахир  оқиғасында  ақыретті  не  дүниені  таңдау 

еркі берілгенде, ақыретті таңдаған да айша болатын. 

науқасы асқынған соңғы екі аптасын алла елшісі 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соның қасында өткізгісі 

келген. мәңгілік өмірге аттануы да соның күндерінде, 

басын  соның  тізесіне  қойған  қалыпта  жүзеге  асты. 

соңғы демінде аузына салып езіп жұмсартқан мисуак-

ты пайғамбарымыздың аузына салғаны да бар.

алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

мәйіті айша анамыздың бөлмесінде жерленді, үмбет 

үшін  ол  топырақ  ең  қайырлы  топырақ  болып  та-

былады.  Осы  тұрғыдан  анамыз  алла  елшісімен 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  дүниеден  озса  да  бір 

бөлмені бөлісуін жалғастырған. 

Пайғамбарымыз  қайтыс  болғаннан  кейін  са-

хабалар  діни  бір  мәселенің  түйінін  айшадан  келіп 

сұрайтын.

Ғибадатқа 

берілгендігі, 

ораза, 

намазға 


мұқияттылығы,  тақуалығы,  қолындағы  барын  тара-

туы сияқты қасиеттері оның ерекшелігін көрсететін. 

анамыздың  осындай  қасиеттерін  назарға 

алғандар  оны  айрықша  құрметтеп,  көңілін  аулап, 

батасын  алуға  ұмтылатын.  Хазірет  Омар  (р.а.) 

халифалығы кезінде өз қызы Хафсаға да қарамастан, 

айша анамызға басқалардан көбірек үлес бөлетін. 



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

213




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   185




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет