Хб-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы 1



бет6/7
Дата31.01.2023
өлшемі39,73 Kb.
#166953
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
философия сроп 15 неделя

Диалектиканың негізгі заңдары:
• қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңы;
• сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы;
•терістеуді терістеу заңы .
29. Онтология – философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады.
Гегельдің онтологиядағы (болмыс туралы ілім) басты идеясы – болмыс пен ойлауды теңестіруі. Теңестіру нәтижесінде Гегель ерекше философиялық ұғым – Абсолютті идеяны негіздеді. Абсолютті идея бұл: тіршілікте бар жалғыз шын реалдылық; қоршаған дүние, оның заттары мен құбылыстарының алғашқы себебі; өзіндік санасы мен жарату қабілеті бар Әлемдік рух.
30. Ақпарат-қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы.
Жәй ғана болып жатқан оқиға жайлы мәліметтерді берудің өзі, ақпарат алмасу, ақпарат беруге жатады. Ақпарттың үлкені маңызды кішісі маңызсыз деп саналмайды.
Екеуінің де маңыздылығы жоғары. Қазіргі уақытта болып жатқан басты әлем жаңалығы, қауіпті проблемасы коронавирусты мысалыға алсақ: Егер біз короновирустың жұғатыны жайлы ақпарат білмесек жайбырақат жүре беруші ме едік. Бұл індет жайлы әлемде интернет желілерінде болсын, БАҚ құралдарынан болсын жаңалықтарды біліп отырмыз. Қазір еліміздің қай өңірлері аса қауіпты, індет кең көлемде таралғанын осы ақпарат аламасудың арқасында біліп отырмыз. Ақпарат алмасудың арқасында бұл кеселден қалай сақтану керектігін де білеміз.
31. Дәл осы тұста британ педагогы мен философы Джон Локк өз заманында онтологиялық бағытты ұстанған ғалымдардың бірі болып саналады. Оны ғалымның еңбектерінен көруге болады. Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе».
Қоғамдағы гормонияны ұстауға талпынған тағы бір белгілі философымыз Томас Гоббс. Оксфорд университетінде оқып білім алған. Көбінесе қарапайым халықты құдайға сенуге және дінді ұстануға шақырған. Философия пәнін ақыл оймен теңеген.
32. Қоғам – ұйымының әлеуметтік формасы. Қоғам – адамдардың мәдени әрекеттері мен қажеттіліктері мен қызығушылықтарының, мақсаттарының саналы ұйымдасқан формасы.
19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар.Әлеуметтік танымдық теорияның ерекшелігі оның өзіндік басқару кезінде атқаратын басты рөлімен байланысты. Адамдар басқалардың көңілінен шығу үшін әрекет етпейді. Бандура адамның мінез-құлық, сыртқы факторлар, таным сияқты 3 сипатын жан-жақты талдайды.
33. Карл Поппердің ХХ ғасырдың Гегелі деп атайды. Бұл өте лайықты: бұл біздің дәуіріміздің ең жарқын философтарының бірі. Бұл философтың басты еңбегі эпистемология саласында болды. Позитивистік емес идеяларды қолдайтын әріптестері сияқты, Поппер ғылыми білімнің сапалық сипаттамасымен байланысты мәселелерді шешті. Дәл осы тақырып позитивизм философиясы үшін өте маңызды рөл атқарды.
Лакатос теориясы ғылым дамуының қозғаушы факторларын зерттеуге бағытталған, ол К.Поппердің неопозитивистік теориясын жалғастырады және сонымен бірге таластырады, Томас Кун теориясымен дәлелдейді. Лакатос ғылымды бағдарлама аясында жоққа шығаруға болмайтын жүйеде жасалған іргелі болжамдардың «қатты өзегінен» тұратын «зерттеу бағдарламалары» мен мутацияға ұшырайтын және қарсы әрекетке бейімделетін қосалқы гипотезалардың «қауіпсіздік белбеуі» арасындағы бәсекелес күрес ретінде сипаттады.
Томас Кунның ең танымал жұмысы «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962) болып саналады, ол ғылымды шындыққа қарай біртіндеп дамып, білім жинақтаушы ретінде емес, мерзімді революциялардан өтетін құбылыс ретінде қабылдау керек деген теорияны қарастырады. оның терминологиясы «парадигманың ауысуы» (ағыл. paradigm shift). 
34. Людвиг Фейербах — философ-материалист. Ол бір философ, қанша дарынды және талантты, бүкіл тереңдігін, әлем туралы адами білімнің барлық көлемін көрсете алмайды деген ойға ие. Фейербахтың материализмі диалектикалық емес, метафизикалық. Адамның табиғи болмысына бағытталған бұл метафизикалық материализм өзінің ерекше түрі — антропологиялық материализмде болды.
Фейербах өзінің философиясын философия мен дінге қарсы қою негізінде құрады. Құдай адамдардың санасында олардың өзіндік, адам мәнінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Дін адамға нақты әлемді өзгертуге кедергі келтіреді. “Адам адамға Құдай”. Дін сыншысы оны Гегель идеализмінің сынына әкелді.
35. Жаһандық мәселелер қазіргі кезде өмірімізде елеулі орын алып жатыр. Мысал келтірсек, Космосты игеру, клондау, яғни ғылым мен техникаға байланысты туындайтын мәселелер түрлері сан алуан. Бірақ оларды іске асыруда көптеген философиялық аспектілерді ұғыну жөн: Этикалық-моральдык жақтан қарастыру керек. Өйткені, әлемде хаос орнауы мүмкін.
Адамзаттың болашағы әрқашан маңызды идеялық-әдістемелік мәселе болды. Ал енді аса қауіпті жаһандық мәселелер жағдайында философия адамдарға таптырмас рухани қолдау көрсете алады, өйткені адамдар өзінің барлық ұмтылыстары мен үміттерін болашақпен байланыстырады.
Маркс пен Энгельстің әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
ХІХ ғасырдың 40-50-ші жылдары күрт бетбұрыс басталған кезең еді, себебі философияда классикалық емес дәстүрге негізделген дүниетанымның объективті қажеттілігі айқын байқала бастады. Алғашқылардың бірі болып классикалық философияны жаңа тұрғыдан қарауға талпыныс жасаған ойшылдар К.Маркс және Ф.Энгельс бастаған топ рационалистік көзқарасты ғылым және прогресске сену негізінде дамытпақ болды. Олар классиканың философияны ғылым деп таныған идеясын жақтағанымен, оны “ғылымдардың ғылымы” деп атауын теріске шығарды. Марксистер философия мен ғылымдағы маңызды ерекшеліктерді мойындағанымен, оларды адам және адамзат үшін дүниені революциялық - тәжірибелік өзгерістерге ұшырату процесінде пайдалануға болатын күшті рухани құрал деп таныған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет