Хб-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы 1



бет1/7
Дата31.01.2023
өлшемі39,73 Kb.
#166953
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
философия сроп 15 неделя


ХБ-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы
1.(31 бастап). Ф. Аквинский философиясының негізгі мақсаты христиандық пен Аристотель көзқарастарының, философиясының бірігуі. Негізгі еңбегіне келетін болсақ – «Теология суммасы». Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін күшейту бағытында әрекет етті. Әрбір зат, әрбір құбылыстың өзінің мақсаты және логикалық бастамасы болады. Яғни кез келген заттың мағынасы оны мақсатқа бағыттайды.
2. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. әл-Кинди “арабтардың философы” деп атанған болатын. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, заттар – мәңгілік емес, барлық заттардың соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды.
Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды.
Қалыптасу кезеңіндегі негізгі бағыттары:

  • Мутакаллимдер - радикалды исламды жақтаушылар. Исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.

  • Мутазилиттер - (обособившиесяся, отколовшиеся) ислам философиясын дамытқанмен, кейбір мәселелерді материалистік тұрғыдан түсіндірді. Мысалы – дүниенің шығуы.

  • Суфизм  адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұл дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнауы.

3. Әл-Кинди (800-879) - араб философиясын европаландыруға қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарға ежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әсерімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т.б. материалистік идеялар жетті.
Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы.
Әл-Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі және өлшемі бола алады. 
4. Әл-Фараби (870-950) - Аристотель философиясын жүйелеуші, араб мәдени ойына бейімдеуші,алғаш болып эманация туралы идеяны, Құдай құдіретінің толық емес екенін айтты.
Этикалық көзқарастарына келетін болсақ, ол үшін этика жамандық пен жақсылықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Қоғамды Әл-Фараби толық және толық емес кылып, екіге бөледі.
Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат: ол - белгілі халықтың өмірі, кіші ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-қала, ауыл - сондағы тұратын адамдар.
Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Әл-Фараби қалалардың өзін екіге бөледі, олар игілікке бағытталған қала (бақытқа ұмтылған,бір біріне көмектесу) мен надандар (бақытты білмеген, өмір мағынасы – ақша,құмарлық) қаласы.
Надан қаланың түрлері – айырбастау,қажеттілік,баққұмар,билікті сүйгіш,адамгершілігі жоқ,құбылмалы,адасқан.
5. Философиялық дүниетанымның мифтік және діни дүниетанымнан айырмашылығын түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет