Хб-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы 1



бет3/7
Дата31.01.2023
өлшемі39,73 Kb.
#166953
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
философия сроп 15 неделя

9.. Жаңа Заман философиясы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын - капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады.
Сенсуализм - (фр. -sensualisme, лат. – sensus - қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады.
Эмпиризм - көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс бағыт.
Рационализм - (лат.т. «rationalis» - саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт.
10. Фр.Бэкон (1561-1626жж.) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621жж) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлға. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы»; «Жаңа Органон»; «Жаңа Атлантида».
Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау.мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу қасиетіне ие»
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығында. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ, шыны болса, білімнің дамуы мен тәжірибе кеңеюі – адамның табиғаттағы үстемдігін арттыруда, өмірді жеңілдету үшін жасалып жатыр. Таным объекті – табиғат.
11. И.Канттың философиялық қызығушылығы – жаратылыс пен табиғат мәселесіне бағытталды. Кант өзінің «Таза ақылға сын» кітабында агностицизмді (қоршаған дүниені тану мүмкін еместігін) жақтайды. Бірақ, Кант дүниені тануды жоққа шығармайды, дүниенің шексіз екені туралы айтады. Яғни, дүниені қаншалықты зерттемесек те, оның толықтай тану мүмкіндігі өте төмен.
12. Француз ағартушылық дәуірінің революционерлері - Д'Аламбер, Дидро, Кондильяк, Ламетри, Гельвеций, Гольбах, Вольтер, Монтескье, Руссо.
«Әрбір мемлекеттің өрлеуі мен құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және физикалық себептері бар» - Монтескье.
«Жан-дүние дегеніміз — адамның ойлауға және сезінуге деген қабілеті. Олай болса, денеден басқа өмір сүріп жатқан жан-дүние жөнінде менің ешқан-дай түсінігім жоқ», — Вольтер.
Ж. Ж. Руссо ағартушылық идеялар тек моральдық сананы дамытудың арқасында ғана жетістікке жетеді деп сенді.
"Философия математика сияқты нәтижелерге қол жеткізе алады, егер ол өзінің талаптарын адам санасының олқылықтарымен қарапайым түрде өлшесе". - Бонно


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет