Хб-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы 1



бет5/7
Дата31.01.2023
өлшемі39,73 Kb.
#166953
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
философия сроп 15 неделя

17. Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы.
Абайдың шығармашылығынан адамның өмір сүру философиясын 5 бағытта қарастырған: 1- жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі, 2 - әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы, 3- ұлттық мәдениетті жаңғырту жолдары, 4 – тарихи үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. 5 - имандылық жолымен Алла болмысын тану.
Абайдың шығармаларының әрқайсысын философиялық феномен ретінде қарастыруға болады. Оның ойлау жүйесі өте күрделі. Менің ойымша, ол оның бала кезінен әкесінің билікке шақыруынан байланысты, яғни жасөспірім кезінен бастап Абай атамыз адамның қиын тұрмыс тіршілігін, әділетсіздікті көрген болатын. Ал соңғы шығармалары жақын адамдардан айырылуынан байланысты деп ойлаймын.философиялық көзқарастары – адам өмірдегі өз орнын табу керек, өзін тану керек, адамгершілікке ұмтылу керек, мақтану,ар-ұяттан алыс тұру керек.
18. В. Соловьевтің «біртұтастық» идеясының философиялық мәнін түсіндіріңіз.
Соловьев философиясының басты идеясы-біртұтастық идеясы. Барлығы біртұтас, жан-жақты. Бірліктің негізгі қағидасы: "бәрі Құдайда біртұтас". Бірлестік, ең алдымен, жаратушы мен жаратылыстың бірлігі. Құдай "ғарыштық ақыл", "өте жеке тұлға", "әлемде әрекет ететін ерекше ұйымдастырушы күш"ретінде қарастырылады.
19. Орыс философиясының орталық идеясы - адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Орыс философисы деп 19-20 ғасырдағы философиялық концепцияларды айтады. Негізгі 2 бағыты бар:

  • Славяншылдық - Ресей қоғамының православ дініне сүйеніп, саяси және мәдени бірігуі және дамуы, ол Батысшылыққа негізделген. негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. 

  • Батысшылдық - Ресей тағдырының ерекшелігі мен өзгешелігін терістейтін, орыстың қоғамдық философиялық дүниетанымындағы бағыт. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.

20. Спинозаның философиядағы маңызды үлесі — болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізінде Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен, Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі — оның дуализмінде деп санады. 
Спиноза этикасының негізгі мәселелері – детерминизм мен бостандық.
21. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.
«Асан қайғы не үшін ел кезіп жүр, оның ұлт мүддесін толғаған пікірлері өзінің мұраттарында қалай көрініс табады». Оның “Жерұйық” атты шығармасының негізгі мағынасы тәуелсіздік құндылығын ұлықтанған, ұлттар мен ұлыстар үшін құтты мекен саналатын қоныс деген қорытынды жасай аламыз.
22. Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынға алды. Оның белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б.
Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына негізгі арқау етті.
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары.
23. Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер — адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. 
“Мiнезi жаман адамға, ендi қайтiп жуыспа. Тәуiр көрер кiсiңмен, жалған айтып суыспа”- деген өсиеттi ұстайды. Жырау бiрде: “Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессiз сөз бастама” дейдi. Сөз астарында өзiм болдымдыққа салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме деген уағыз сарыны аңғарылады.
24. Негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.


25. Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады.
26. Ол адамгершіліктің шынайы табиғатын толығымен түсінбейтін бақыт теориясына баса назар аударуға сенді. Оның пікірінше, жақсы не жаман, дұрыс не бұрыс екенін түсінуіміздің негізі, біз адамдарға еркін, ұтымды агенттер екенімізді түсінуіміз керек.
Кант «моральдық заң» - бұл категориялық императив және оның мәні бәрі ақыл арқылы ғана ашылатын нәрсе деп санайды. Бұл бізге сырттан жүктелген нәрсе емес. Мұның орнына, біз ұтымды тіршілік иелері ретінде өзімізге жүктеуіміз керек заң. Міне, сондықтан біздің терең сезімдеріміздің кейбірі моральдық заңға деген құрметімізден көрінеді және неге біз өзімізді құрметтейтіндіктен, басқаша айтқанда, міндет сезімі ретінде әрекет еткенде, біз өзімізді ұтымды тіршілік етеміз.
27. Прагматизм (грек т. қызмет, әрекет)– адамның мәдени-әлеуметтік өмірдегі қызметі, практикалық іс-әрекеті тұрғысынан талданған, ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та өріс алған философиялық бағыттың бірі.
Негізін қалаушылар – Пирс, Джеймс. Джеймс философиясындағы прагматизм сонымен қатар ақиқатты қабылдау практикалық нұсқасы бар нәрсе ретінде қабылданады. Оның танымал дәйексөзі: «Шындық несие карточкасы, ол белгілі бір жағдайларда ғана жарамды».Қазіргі заманғы батыстық философия, Джон Дьюидің прагматизмі бүкіл бағытты оқытуды АҚШ-қа ең үлкен әсер ретінде қарастырады. Дьюи демократиялық қоғамның философиясын құрды деп мәлімдеді.
28. Диалектика —қазіргі философияда танылған барлық дамудың теориясы және оған негізделген философиялық әдіс.Диалектиканың негізгі принциптері:
• жалпы байланыс принципі;
• жүйелеу принципі;
• себептілік принципі;
• тарихи принцип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет