Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бәріне: 
тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. 
Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда 


106 
билеушілер 
мен 
шаһар 
манаптары 
марапатталады. 
Орындаушылар, әдетте, оны патшазадалар алдында 
келістіріп 
айтып 
береді. 
Егер 
патша 
өлсе, 
олар 
трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды 
жоқтайды. 
Дифирамбы – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар 
поэзия 
түрі. 
Онда 
да 
жалпы 
бекзаттар 
жайлы, 
марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады; 
Дифирамбыда да көбінесе қайсыбір патшаларды мақтауға 
талпынады, бірақ, негізінен, жалпы ізгі істер тілге тиек 
етіледі. 
Комедия болса, ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия 
түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке 
адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. 
Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сонымен қатар 
сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді. 
Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға 
мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, 
ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. 
Жырдың бұл түрі тайталас бәс кәмән соғыста, ашу мен 
беймазалық үстінде қолданылады. 
Драма да – алдыңғы түр сияқты, тек оған жеке 
есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді. 
Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс 
эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі. 
Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия 
түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздық 
бейнеленіледі; егер олар бейәдеп һәм шектен шыққан 
болса. 
Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң 
формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың 
парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен 
қызықты жайттары жырланып отырады. 


107 
Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия 
түрі, осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы 
жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан 
қимыл жасатады. 
Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелік пен 
бейберекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда, әр 
поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен 
әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді. 
Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын 
оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның 
барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі – осы. 
Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия 
түрі: оның пайдалылығы осымен шектеліп, өзгеге онша 
қажеті жоқ. 
Поэзия білгірлерінен алып, Фемистияға бағышталған 
философ Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, 
сонымен қатар бұрынғы жазушылар мен олардың еңбегін 
түсіндіретіндерден түйгенімізді топшылағанымызда грек 
поэзиясының кейбір түрлері мен маңызы осындай. Және 
бұл түрлердің тізіміне қатысты тұжырымдарымызға 
қосымша пайымдауларымыз айтылды. Енді біз оны жөн 
санағандықтан да сол күйінде мазмұндап береміз. 
Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің 
табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: 
олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке 
түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет 
бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең 
өнерінің сын-сыпатымен онша таныс емес, тек аса 
алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, 
жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары 
мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс 
теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан 
үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; 
тек олардың жалпы поэзиясымен айналысатынына қарап 


108 
екі 
ой 
қорытындысынан 
үшінші 
қорытынды 
туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді. 
Екінші топтағы ақындар – өлең өнерімен толық 
таныс: қай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, 
бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. 
Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды 
жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады. 
Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі 
топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар 
әлгілердің бейнелеу мен теңеуде ізденістерін дамытып 
отырса да, поэзия оның қағидаларына онша қанық емес. 
Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт кетулер жиі 
болып тұрады. 
Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи 
дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы 
ләзім. Мен айтар едім, жоқтау жазуға икемделіп, төселген 
адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін 
де жазуға мәжүбр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі 
поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын 
жанды, ерекше себептерге байланысты – өзі білмейтін 
түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. 
Дегенмен ғажап поэзия еркіндікте тумақ. 
Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не 
балаңдығымен айрықшаланады; бұл құбылыс шайыр 
ойының әсерімен, не оқиға өрбітумен, не өлең тақырыбына 
байланысты 
пайда 
болады. 
Ал 
алғашқылармен 
салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде 
залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық 
шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ, дегенмен 
аталмыш 
тұжырымда 
бұған 
қатысты 
уақ-түйекке 
іркілмегеніміз дұрыс: қалай болғанда да, бұл этика мен 
физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы 
кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына сәл 
аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде ұзақ 


109 
сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр 
ғой. Бұндай сәтте ақын кемелділігі мен балаңдығының 
темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы 
бар. 
Кейде қайдағы бір әре-тәрелер нағыз шебердің 
туындысына бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық 
емес. Бірақ оның себебі – тек сәйкестік пен кездейсоқтық, 
ондайды 
екі 
қорытындыдан 
үшінші 
қорытынды 
жасайтындардың сапына жатқызуға әсте болмайды. 
Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. 
Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дәл 
келе ме, жоқ, жуықтай ма немесе бір-бірімен тым алшақ 
екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән 
тәсілмен 
ұқсастыру 
әрбір 
ақынның 
шеберлігіне 
байланысты. 
Мәселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп 
тұрғандай салыстырады, өйткені А мен В арасындағы 
ұқсастық белгілері мен сәйкестігі В мен С-ға барабар. 
Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса 
да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын 
жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек 
өнер кемелділігі шақыра алатыны кәміл. Бұған ұқсас 
мысалды 
қазіргі 
ақындар 
тәжірибесінен 
мол 
ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін 
сөз қоярда тіркес алдына соның мәнін ашатын сөз 
таңдайды. Онысы, шынында да, шұғылалы сезімге бөлейді. 
Енді осы өнер біліктілері мен суретші арасында 
кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Олардың 
өнердегі құралы болғанымен, түр жағынан, қызметі 
жағынан да ұқсамайды деу қиын. Өлең өнері – сөзбен, ал 
живопись (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар 
осымен ғана бөлек: ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де 
адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді. 


110 
Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін 
осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осылардың 
көбісін жеріне жеткізе талдауға да болар еді: тек ондай 
қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен біржақты 
мамандануға 
ұрындырады; 
сол 
себепті 
ол 
бұл 
тұжырымның үлесіне жатпайды. 
Осымен, Әбунәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн 
Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған 
трактаты тәмам. 
ӨЛЕҢДЕРІ 
Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырып жарау деген,
Шаршадым мен қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен. 
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі. 
Қайтейін мен көкжиек көңілімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым. 
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде шарап бар жайы мәлім,


111 
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын. 
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ. 
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп. 
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң. 
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында. 
Қайтейін мен көкжиек көңілімді, 
Келер күнге үмітпен жол ашамын. 
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, 
Соны медет етеді болашағым. 
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса, 
Екіншіде – шарап бар жайы мәлім. 
Даналықты сиямен молықтырсам, 


112 
Шарабымен шерімнен айығамын. 
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған. 
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер. 
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,
Оның өзі бір-ақ сәт... содан кейін,
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен... 
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. 
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет