І. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



бет3/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,8 Mb.
#36009
1   2   3   4   5

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Аттестациялық мінездеме

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:

фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-



Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.

Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

2) білімі туралы құжат көшірмесі;

3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;

4) анықтамалар жіберіледі.

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.


# Үлгімен танысыңыз.

Мінездеме

Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Б.Б.Сыздықов - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздыковтың "Металлургия өнеркәсібінің терминдері" деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков -- студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.

Мекеме басшысы Айы, күні, жылы

/аты-жөні, қолы/
Қазақ-Британ техникалық университетінің

ассистент-профессоры

Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

Мінездеме

Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Тау-кен металлургия

институтының директоры,

т.г.д., профессор А.И.Магзонов қолы


Айы* күні, жылы

Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі,

еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке


Мінездеме
Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннсн кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.

М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.

Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.

Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.

Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тезтүзетуге тырысады.

Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А,Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.


Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия

институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы


Айы, күні жылы
НЕГІЗГІ СӨЗДІК

мінездеме

ұлт

лауазым,қызмет



азамат

білім


жоғары білім

орта білім

жыл

қазір


тәжірибелі

білікті, өз ісін жетік

білетін

маман


жетік білу
аудармалары

авторитетный - беделді

коллега - әріптес

образцовый - үлгілі

среди - арасьшда

учереждение - мекеме

организация - ұйым

руководитель - басшы

туу

оқу


бітіру

жұмыс істеу




  1. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме мөрі.



Сөздік:

қолхат- расписка

азамат- гражданин

мерзім-срок

кепілақы- задаток

қарыз- долг

ақша- деньги

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять

уақытында-вовремя

кепіл ақы- задаток

Үлгі:


Қолхат

Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ...


15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Расписка

Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.

Номер удостоверения личности.

15 февраля, 2003 г. (подпись)


Қолхат

Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым.

2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл қолы
Қолхат

Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір

жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.
24.03.03 колы

Х.Б.Ержанның қолын растаймын.



СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сөздік:

Сенімхат - доверенность

жеке куәлік - удостоверение личности

жалакы- зарплата

мөр - печатъ

Қол -подпись

Сену -верить

сеніп тапсыру- доверять

беру - давать , выдавать

куәландыру - удостоверять

алу - получать

қою, басу- поставить



Сенімхат берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Сенімхат
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы

Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:

- менің атымнан өтініш жазуға;

- анықтамалар мен құжаттар алуға;

- менің орныма қол қоюға;

- мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.

Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.
01.12.2003

С.Маметовтың қолын растаймын


Кепілхат

Алматы қаласы, 25 қараша 2003 жыл.

Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы Хайрош мекен-жайым Алматы қаласы, Абай даңгылы, 10 үй, 5пәтер, жеке басымның куәлік №010777888 ҚР ІІМ берген Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын жеке басының куәлІк №10356706 ҚР ІІМ берген Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан 150 000 (жүз елу мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға:

— келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп түруға;

— алынган ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

— келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

— мекен-жайым өзгерген жағдайда бүл туралы 3 күн ішінде хабарлауга кепілдік беремін.

Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған:

Бір данасы Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы - азамат Жұмаділова Әселге берілген, үшінші данасы - азамат Ержан Хайрошта сақталған.


25.12.2003 Қолы_

Ержан Хайроштың қолын растаймын.



Кепілхат

Алматы қаласы № 1 нотариалдық кеңсе

Мен, азамат Әнел Болаткызы Абтиева, мекен-жайым : Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 45 үй, 10 пәтер, жеке басымның куәлік № 0136197836 ҚР ІІМ берген.

Алматы қаласы,Достық даңғылы, 89 үй, 14 пәтерде тұратын азамат Бахтеева Камилладан 100000(бір жүз мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін :

1. Келесімшартқа сэйкес пайыз төлеп түруға ;

2. Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға ;

3. Келесімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге ;

4. Мекен-жайы өзгерген жағдайда, үш күндік мерзім ішінде хабарлауға.

Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы Алматы қаласы № 1 кеңседе тіркелген, екінші данасы - Абтиева Анельде, үшінші данасы -Бахтеева Камиллада сақталады.


Тараптардың қолы

А.Абтиева

К.Бахтеева

VII .
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті жағдайларды алу мақсатында бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып, жазылатын іс қағазының бір түрі.


Тапсырыс – келісім шарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі.
ТАПСЫРЫС

1. Тапсырыс түрі: алмастыру, алу, коммерциялық үсыныс

2. Тапсырыстың мотіндік сипатталуы ____________________

3.

4. 5. 6. 7. 8. 9.



Тауардың атауы


Тауардың бағасы ең аз



ең көп

Тауардың саны ең аз



ең көп

Жеткізілім шарты




Төлем шарты




Жеткізілім мерзімі




Үсынысқа қосымшалар



(қүжаттар)



Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатьш алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.

Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Ондірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.

Косіпорынның жетекшісі

Қолы _
ӨТІНІМ

1. Мекемеішілік қатынаста

2. Келісімшарт жасау міндетті емес.

3. Кепілдік көрсетілмейді.

4. Біржақты болады

5. Тауар бағасы мен саны нақты.

6. Төлем шарты көрсетілмейді.

7. Жеткізілі шартым көрсетілмейді.

ТАПСЫРЫС

1. Мекемеаралық қатынаста

2. Келісімшарт міндетті.

3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуьша)

4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, үсыныс түрінде болады)

5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі.



6. Телем шарты көрсетіледі.

7. Жеткізілім шарты көрсетіледі.



Ескерту: Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік -коммерциялық орталыққа алдын-ала жедел хабар беруге міндетті.

Ортақ белгілері:

І.Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады. 2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі. З.Алушынын не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.


ІХ. Келісім-шарт, шарт

Келісім-шарт - жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы; о) түрғын үйді сыйға беру туралы;

б) түрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.


НЕГІЗГІ СӨЗДІК

шарт - договор

қол қоюшылар - подписавшиеся

төменде қол қоюшылар - нижеподписавшиеся

сату — сатып алу - купля-продажа

маған тиеселі - принадлежащий мне

жеке басы - личностъ

қүқықтын іс-әрекетке

қабілеті - дееспособность

анықталды - установлен

тексерілді - проверен

тіркелді - зарегистрирован

қол қойылды - подписан

моміле -сделка

мекенжайда түратын -проживающий по адресу

берілген -выданный

жекеменшік қүқығы бойынша -по праву собственности

келісімшарттың негізінде -на основании договора

жалпы пайдалы ауданы -общая полезная площадь

шаршы метр -кв. метр

күрайды -составляет

осы уақытқа дейін -до настоящего времени

тыйым салынбаған -под адрестом не состоит

- оценивать

- довести, донести
Үлгімен танысыңыз.

Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт.

Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жуз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек

(келісім-шарт жасалған мекен-жай және дата сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде түратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, жеке басыньщ куәлігі № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғьглы, 83-үйде түратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куолігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, мына туралы осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, "Жигули" маркалы

жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі

______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік

нөмірі.


Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашина-ны сатып аламъгн.

2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген номірі 46327 техникалық паспортгың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайүлына тиісілі.

3. Автомашина___________________теңгеге сатылады

(бағасы толық жазылады)

көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардьщ қолы

1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырды.

(нотариалдық кеңсенід атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)

Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардьщ жеке басы анықталды, олардың қүқықтық іс-әрекетке қабілеті жоне автомашинаның Омірбаев Асқар Өмірбайүльша тиесілі екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың мотіні дауыстап оқылды.

Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.

Тариф бойынша________________теңге салық алынды.

Нотариус (қолы)


ШАРТ

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен_______________

(мекеменің аты) мына мәселелер жөнінде келісті:

I. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1. Оқу жоспарына сойкес_________________________

(мекеменің аты) Тау-кен факультеті студенттерін өндірістік практикаға жібереді.

2. Тау-кен факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми әдістемелі көмекті жүйеге асырады.

3. Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, әндірістік тожірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің студенттердің курс жүмыстарына жетекші, диплом жүмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.

4. Тау-кен ғылыми саласындғы білікті, әндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің университеттің Тау-кен факультетінде 0,5 жоне 0, 25 жүктемелері мен қосымша жүмыс атқаруына мүмкіндік береді.

II._________________әзіне мынадай міндеттемелер алады:

(мекеменің аты)

1. Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтуіне жағдай жасайды.

2. Практикаға жіберілғен студенттерді білікті мамандар мен тәлімтерлерғе бекітіп береді.

3. Практикадан өтіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жүмыстарын басылымдарда жариялауға ықпал етеді.

______________„_____басшысы мен жетекші маман

(мекеменің аты)

тәлімгерлеріне студенттердің мамандануына ықпал жасағаны ушін университет тарапынан сағаттық көлемде өтем ақы төленеді.

Маманданушы студенттердің әндірістік практика кезінде жасалған жүмысът екі дана етіліп жасалады. Оның жүмысына маман-толімгердің

4. Осы келісімшарт жасалганга дейін автомашина басқа адамға сатылған жоқ, түтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

5. Осы келісім-шартты куоландырудың шығынын азамат ^_________________төлейді.

6. Осы келісім-шарт 3 дана етіп жасалған, 1 дана

Нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екі дананың әрқайсысы азамат Өмірбаев Асқ ар Омірбайүлына және азамат Қайырбаев Серікке берілді.


қолы қойылған мінездеме-баға беріледі, бүл қүжаттардың бір данасы университетке жіберіледі, екінші данасы _____^__________^___

сақталады.

Осы ІПАРТ 5 жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірі Шартты тоқтату туралы мәлімдемесе, оның күші тағы да 5 жылға өздігінен үзартылады.

Шарт 200 ________ қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

Қаныш Сәтбаев атындағы

Қазақ үлттық техникалық

университетінің ректоры

басшысы


(мекеменің аты) Үлгі бойынша жумыс істеңіз. Үлгіні толтырыңыз.

Косіпорынның атауы Телефон ______________

Факс


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет