I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


13. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.  Төрттүліктің ішіндегі ең сүйіктісі. 
2. Сыйдың ең қадірлісі 
3.  Үндемейтін адамға қатысты теңеу 
4.  Амандасу әдебі 
5.  Төрттүлікке қатысты халық ырымы 
A) 1.2.5.4.3. 
B) 4.2.5.3.1. 
C) 4.2.3.1.5. 
D) 1.2.3.5 4. 
Е) 4.5.3.2.1. 
14.  Епсіз. икемсіз адамға теңейтін 
түлік 
A) Сиыр 
B) Туйе 
C) Қой 
В) Жылқы 
Е) Ешкі 
15.  Төрт түлікке қатысты ырымдар 
мәтіннің кай бөлігінан көрінеді? 
A) Екінші 
B) Бірінші 
C) Бесінші 
D) Үшінші 
Е) Төртінші 

103 
 
 
16.  Төрттүліктің ішінде тусіне қарай сипатталатыны 
A) Қой 
B) Сиыр 
C) Туйе 
D) Ешкі 
Е) Жылкы 
17.  Қойға қатысты сипаттама 
A) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған. 
B) Төрттүлік малдын ішіндсгі ең қасиеттісі, шыдамды. 
C) Өзі майда. өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырады. 
D) Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. 
Е) Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді. 
18.  Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына косып отырған? 
A) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан 
B) Отарды бастап. жайылмға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан 
C) Серке төрт тулік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болаған. 
D) Ешкінін еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан 
Е) Серке қазақтың касиетті малдарының бірі болған. 
19.  Бабаларымыздың төрттүлікке коңіл бөяу себебі? 
A) Ас-аукаты, арі киімі, әрі келігі болған. 
B) Байлығын, мақсатын көрсететін дүниесі. 
С) Малдың төлін балалар жақсы кергендіктен. 
D) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған. 
Е) Оқу, білім алудың бірден-бір көзі болған. 
20.  Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал 
A) Тайлы бие тайлақты түйедей. 
B) Түйесі жоқ ауылға тайлақатан көрінер. 
C) Сиырдын суті тілінде. 
D)  Есі кетксн ешкі жинар. 
Е) Ат - биеден. аруана - түйеден. 
 
1202 нұсқа 
1- 
мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке 
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер 
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ 
үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй 
(3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ 
орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) 
деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе 
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, 
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.  Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жук жнналады, қонақтар 
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.  Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта 
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.  Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер- 
тұрман, киім ілінеді. 
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1.  Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ шаңқан 
B) Ақ ала орда 
C) Алтын үздік 
D)Ақорда 
Е) Алтын орда 
2.  Киіз үйдегі киелі орын 
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын 
B) От жағылып, қазан асылатын орын 
C) Үй иесінің жататын орны 
D) Қонақтар орналасатын орын 
Е) Азық-түлік, ыдыс-аяқтұратын орын 

104 
 
 
2- 
мәтін 
Ұрпақ заманынан қозбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап 
беретін. Бірде ол әкесінен: 
- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары баскан ізінен артқы аяқтарының басқан 
ізі асын түседі? - деп сұрады Әкесі: 
- Балам, ол солай. Алдыңгы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп 
отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, 
демек, сенен де бір акылды адам шыгар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін 
шыққан мүйіз озатынының да белгісі, - деді. 
Бала: 
-  Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. 
Әкесі: 
- Иә. балам. Мәселен, құлақтуа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. 
Кейін, үлкейе келе, біртіндеп все келе қүлактан да озып, ұзарып кетеді. Өзің карашы, 
ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқболатын. Ал құлагы ше? Құлағы 
бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыга бастады. Келер жылы мүйізі құлағының 
әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен акылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы 
аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ муйізінің туғанда бар 
кұлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, 
сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпак заманынан озбаса қатарынан озбағаны 
да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі. 
3.  Әкесі неге риза болды? 
A) Баласының аттың сырын 
білетіндігіне 
B) Баласының білімпаздығына 
C) Айтқан созін баласы жерге 
тастамағанына 
D) Жақсы мысал табылғанына 
Е) Баласына орынды ақыл айтқанына 
5. Балалық әкесіне қатысты 
сипаттама 
A) Сабырлы 
B) Сымбатты 
C) Көңілді 
D) Адал 
Е) Еңбекқор 
4. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне 
қатысты мақал 
A) Талайлымен таласпа. 
B) Жақсы бала - әкеге құт. 
C) Күш атасын танымас. 
D) Тілі тәтті - көңілі қатты. 
Е) Шешінген судан тайынбас. 
 
6.  Әкесінің «Ұрпақ замаііынан озбаса, 
қатарынан озбағаны да. Мен сенің 
менен озғаныңды қалаймын» деген 
сезінің мағынасы 
A) Ақылы жасына сай болсын дегені 
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. 
C) Қатарынан қалмай өссін дегені 
D) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
Е) Барлық қырынан экесінен дс жақсы 
болып оссін дегені. 
 
3- 
мәтін 
Бақытсыз бай 
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да - жннаган мал- мүлкі мен 
акшасы сді. Содарды баладай мәпелеп күтстін. Бір күні ол жалшысынын көңілді 
күлкісін естіп, оның үйін айналшықгап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести 
алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды 
Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: “Мынау 
менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр."- деген жаман 
ойға кетті. Ол жалшысынын есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын 
аркасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 
-  Ақымақ. бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды 
ойнатамын деп шаршанды екенсің ғой! - деп ақырды. 
-  Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау уайым дегенді ұмытып тыңайып, 
сергіп қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы. 

105 
 
 
-  Нагыз акымақ екен! - деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба 
екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,"- деп 
күдігінен арыла алмай-ақ қонды. 
Екінші куні жалшы тан атканша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне 
қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тағы тын тыңдалы. Құлағына шықырлаған 
ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жаткандай естіліп кетті. Ол тағы 
да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап 
жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. 
Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысынык көңілді, сергек қалпы байга езін 
мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай ақыры: 
-  Менін қаызымнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көнілді 
жүресің, тыққан ақшан болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы: 
-  Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсын. 
Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күйім. 
Құланиектеніп тан атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме 
деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін. - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз калды. “Япырмай шынында да мына кара құл бақытты. 
Мен сияқты қызғанатын байлығы да жок. Байлық маған бақытсыздык үшін біткен бе? 
Басым ауырып кетті”. 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан карап тұрған бай алдынан жүгіріп 
шыккан екі баласына қызыға қарап қалды.. 
7.  Байдын бакытсыздығының ссбебі 
A) Кедейдің еңбегі 
B) Байлығының молдығы 
C) Отбасының жоқтығы 
D) Жинаған мүлкі 
Е) Кедейдің тілегі 
9. Әңгіменің түйіні 
A) Байға құл болғанша, байғұсқа ұл бол 
B) Қайырсыз байдан қайнатқан су 
артық 
C) Бай байға құяды, сай сайға құяды 
D) Балалы үй - базар 
Е) Жаңа бай мақтаншақ келер 
11. Жалшының бақыты 
A) Жұмысы 
B) Балалары 
C) Байлығы 
D) Қазынасы 
Е) Ақшасы 
8. Байдың бойындағы қасиет 
A) Мақганшақтық 
B) Қызғаншақтық 
C) Адалдық 
D) Тәкаппарлық 
Е) Еңбскқорлық 
10. Кедейдің тілегі 
A) Бар байлығымнан айырма 
B) Мол байлыққа жолықтыр 
C) Өміріме жсңілдік бер 
D)  Байдың құлдығынан құтқар 
Е) Жақсы жұмыс бер 
 
12.  Байға күдік тудырған нәрсе 
A) Шықырлаған ақша 
B) Сылдыраған күміс 
C) Кедейдің сөзі 
D)  Кедей балалары 
Е) Көңілді күлкі 
 
4- 
мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір карт адам шаһарга барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді, 
Ол келе жатыл: 
-  Ата, жолды кыскартайык,- дейді. 
Қарт: 
-  Жол калай кысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
-  Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны.- 
дейді. Шал ішінен: 
-  Япырым-ай, мынау бір кесапатгы адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін 
қалай арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрган егінді көріп: 
-  Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт 

106 
 
 
-Иә,-дейді. Жігіт: 
-  Олай болғанда, бұл желініп қойган егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тагы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынанын 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара 
жатыр екен. Жігіт: 
-  Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
-  Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді. 
Олар кабірге бірге барады. Шыққаннан кейін: 
-  Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,- 
дейді карт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
-  Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде 
кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: 
«Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
-  Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
-  Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
-  Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? - дейді. 
Қарт: 
-  Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз 
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, 
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім 
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: 
«Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, 
жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін 
естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
-  Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. 
Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,- 
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, 
кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып 
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап 
жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен 
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген 
адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт 
қателігін мойындап, жігіттің қолын алып: 
-  Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай 
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13. Байдың егініне сипаттама 
A) Борышты өтеуге берілетін егін 
B) Желінбеген егін 
C) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
D) Тұкымы қарызғв алынган егін 
Е) Жалға алған жерге егілетін егін 
14. Қарияның «жігітгің сүйкімсіз мінезі бар» деуінін себебі 
А) Жігітті жақтырмағандықтан 
B) Қызын сақтандырғандықтан 
C) Жас жігіт болғандықтан 
D) Қонақ қылғысы келмегендіктен 
Е) Әңгімесін түсінбегендіктен 
15. Жігіт айтқаи «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінін мазмұнын анықтайтын 
мақал 
A) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды 
B) Бала - артта қалған із, Бақыт - ұзатылған қыз 

107 
 
 
C) Ескі дос келгенде, жаңадостың көзінен жас шығады 
D) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді 
Е) Үйіне келгенде, үйдей өкпеңді айтпа 
16. «Ащы еңбекке - тұщы нан» деген 
мақал мазмұнымен сәйкес келстін 
жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
A) Екінші «кесапатты сөз» 
B) Бірінші «кесапатты сөз» 
C) Тортінші «кесапатты сөз» 
О) Барлық «кесапатты сөз» 
Е) Үшінші «кесапатты сөз» 
18. Жігіттің «Өлмеген адам екен» 
деген сөзінің мәні 
A) Баласы жоқ адам екен 
B) Ауылдастары көп екен 
C) Туысы жоқ адам екен 
D) Жора-жолдасы коп адам екен 
Е) Артында тұяқ қалған адам 
17. Қарняның жігіт туралы ойын 
өзгерткен жағдай 
A) Қызының ақылдылығы 
B) Жігіттің көңілділігі 
C) Қызының өтініші 
D) Қазақгың қонақжайлылығы 
Е) Шаһар жолыиың ұзақтығы 
 
19. Мәтіндегі жігіт пен қарпяның іс- 
эрскстінс қатысты нұсқа 
A) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз 
B) Жолаушыны жол сынайды 
C) Қысқа жіп кұрмеуге келмейді 
D) Сабақты ине сәтімен 
Е) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр 
20. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
A) Тынығып, демалу 
B) Басқа жолмен жүру 
C) Бір-бірін арқапау 
D) Бір-бірін қонақ ету 
Е) Бір-бірімен әңгімслесу 
 
1205 нұсқа 
1- 
мәтін 
Тасып жүргенім жок-.. 
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен 
мықтыны теңгере алмадын, біреу біреуді шауып жеп жатыр, 
ОНЫ 
басқара алмадың», - 
деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда 
Нұралы: 
-  Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым: 
-  Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштын басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті. 
1.  Мәтінде қолдаиылмайтын карама- 
қарсы ұғымдар 
A) Азбен көп 
B) Тасу-сасу 
C) Ақ пен қара 
Д) Нашар мен мықты 
Е) Тату мен араз 
2.  Сырым Нұралы ханның қандай 
әрекетіне өкпелі? 
A) Қаталдығына 
B) Тілінін қыршаңдығына 
C) Әділетсіздігіне 
Д) Кепшіпдігіне 
Е) Өктемдігіне 
 
2- 
мәтін 
Марс ғаламшары туралы қызыкты деректер 
Марс — Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың аты 
ежелгі римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған. Оған себеп 
жұлдыздың қан тустес қызыл болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған 
болжамы бойынша. мұндай түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің оте көп 
болуымен байланысты. Өз өсінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей 
аиналым жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар Марстың 
диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл. 
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені - Олимп сөнген жанартауы 
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар 
кездеседі. 
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
кұбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел - қазіргі кездегі ғаламшар бетінде 
қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек кана судың әрекет етуімен түзілетін 

108 
 
 
минералдардың табылуы. 
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік 
етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендсгі соншалық, тірі жанның 
қан құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың 
ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстагы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 
60 
0
С құрайды. Марста азон қабатының болмауы себепті, Күн шыгыстан шыға 
саласымсн ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын 
қабылдайды. 
3.  Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі 
A) Марста темір оксидінің көп болуы 
B) Марста биік таулардын болуы 
C) Судың эрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы 
Д) Ғаламшарда өзен сағаларының болмауы 
Е) Қысымның өте төмендігі 
4.  Марста азон кабатының 
болмауының адамдарға тигізер 
зияны 
A) Күйдіріп жібереді 
B) Қан құрамын өзгертеді. 
C) Үсітіп жібереді 
D) Оттегі газға айналады. 
Е) Дене қысымы төмендейді. 
5.  Марстагы орташа тэуліктік 
температура қанша болады? 
A) - 22,7'С 
B) -687'С 
C) - 24'С 
D) - 60'С 
Е) - 37’С 
6.  Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар неlен болжайды? 
A) Темір оксидінің көп болуы 
B) Өзен сағалары 
C) Тау массивіне ие болуы 
D) Озон қабатының болмауы 
Е) Минералдардың табылуы 
 
3- 
мәтін 
Ырыс пен берекет 
 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан кырып, табыс 
тауыпты. Үйіне дүниеиі қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының 
берекесі болмалты, Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде 
бес-алты ешкісі болады, Бірак тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар 
көршісінен: 
-  Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ 
отбасың берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол 
ақша табамын. Бірак берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады. 
Көршісі: 
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - дел жауап берді, 
Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып келе жатып, 
бір лашыкка тап болды. Ішіне кірсе. шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. 
Бегайдар сусын ішіп, дәм татканнан кейін шалға жағдайын баяндады. Шал: 
-  Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп 
отыр. Соны қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар: 
-  Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да 
ұзақжол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде 
бәйтерекке тіл бітіп: 
-  Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ 
бұтақтарым жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын 
арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан: 
-  Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар: 
-  Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. 
Көршімнің бес-алты ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын 
сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың 
да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап: 

109 
 
 
-  Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке 
кіретіні - ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат 
басындай алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын 
сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды. 
Оны кыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы 
тұрақтайды. Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті. 
7.  «Үйдің берекссі әйелдің алақанына 
жасырылған» сөйлемінің мағынасы 
A) Әйел - үйлестіруші, үйдің құты 
B) Әйел - үйретуші, тәлімгер 
C) Әйел - қорғаушы, бақылаушы 
D) Әйел - сыншы, бағалаушы 
Е) Әйел - әдемі, сұлу 
9. Мәтін мазмұнының реттіпігі 
1.  Данышпан ақылы 
2.  Көршісінің кеңесі 
3.  Бэйтеректің өтініші 
4.  Лашықгағы әңгіме 
8. Әңгіменің түйіні 
A) Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды. 
B) Ырыс алды - ынтымақ. 
C) Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді. 
Э) Ерте тұрған еркектің ырысы артық. 
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. 
A) 2,3,4,1 
B) 3,4,1,2 
C) 2.4.3,1 
D) 1.2, 3.4 
Е) 4,1,2,3 
10.  Қыздың ата-анасына берілген 
нәрсе 
A) Мал-мүлік 
B) Қалыңмал 
C) Жеміс ағашы 
D) Бес-алты ешкі 
Е) Күміс 
12. Бәйтеректің жеміс бермеуінің 
сыры 
A) Ауа райы қолайсыз болғандықтан 
B) Суға тапшы болғандықган 
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен 
D) Ағаш кэрі болғапдықгаи 
Е) Тамыры тереңде балгандықтан 
 
14. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
A) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
B) Қой коздаған аласа шоқы болса керек. 
C) Қозының жайылым орынын білдірсе керек. 
D) Қозы өрбіткен жер болса керек. 
11.  Көрші үйдің берекесінің сыры 
A) Мол табысында 
B) Қоңырқай тұрмысында 
C) Ақылды эйелінде 
D) Бес-алты ешкісінде 
Е) Бала-шағасында 
 
13.  Мәтіндегі ойға сай мақалды 
анықтаңыз. 
A) Ұят — өлімен күиггі. 
B) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас, 
C) Хан екі айтса, қадірі кстеді, 
Қараша екі айтса, ары кетсді. 
D) Көргені жақсы кош бастар. 
Е) Ел ерімен, ер елімсн мықты. 
Е) Қозының басындай ғана төбсиі білдірсс ксрек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет