I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Халықтың түйені "шөл кемесі” деп



Pdf көрінісі
бет15/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


18.  Халықтың түйені "шөл кемесі” деп 
атауы неліктен? 
A) Шөлде жолаушыларды көп 
таситындықтан 
B) Жабайы түйелерден тарағандықтан 
С) Шөлге шыдамды болғандықтан 
Д) Кемеге қатты ұқсатқандықтан 
Е) Ашатұяқ сүт қоректілерге 
жататындықтан 
20. Мазмұн реттілігін көрсетіңіз 
1. Кисе-киім, ішсе-сусын 
2. Төрттүліктің төресі 
З. Түйеиік қолға үйретілу тарихы 
4. Қазақстандағы түйе шаруашылығы 
19. Мәтін мазмұнына алшақ ой 
А) Түйе отыз күн шөлге шыдайды. 
В) Түйе көнтабандыларға жатады. 
С) Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды. 
Д) Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады. 
Е) Түйе малы көшке қолданылады. 
А) 1.4.3.2 
В) 2.3.4,1 
С) 3.2.4.1 
Д) 4.3.2.1 
Е) 3.2.1.4 
 
1169 нұсқа 
1-мәтін 
Бір үзім Нан 
Подъезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс 
жәшігіне әкелді де, аудара салды. Жапырақтан-жапырақтай кесілген, жартылай 
желінген аппақ нандар! 
Мұны көзі шалып калган Ғаббас кария: 
-  Әй, балам-ау, обал смес пе? - дегеише қыз подъезд есігінс зып бсріп кіріп кетті. 
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжим, басын шайқап 
отырғанын көріп: 
-  Ата, кімге ренжіп отырсыз? - деп сұрады. 
-  Е-ей, балам-ай! Біреу тонып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан 

96 
 
 
соғысы жылдары біз он-он бір жастагы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. 
Нанды мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір 
ше? Нанды қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол 
беріп, аяқасты етеміз. Олай жасауға болмайды. 
1. Қарияны ренжіткен, жағдай 
А)Жастардын ысырапка жол беруі 
В) Заманның уақыттың өзгергендігі 
С) Нанды мөлшерлеп бергені 
2.Әңгіменің дұрыс реті 
1.Кішкентай кыз 
2.Нан үзімдері 
3.Нұржан 
4.Ғаббас қария 
5.Естелік 
Д) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі 
Е) Қ
ЫЗДЫҢ 
қарт адамга көніл бөлмеуі 
A)2.3.4.5.1 
B)3.4.5,і.2 
C)1.2.4,3.5 
Д)4.5.1.2.3 
2-мәтін 
Е) 1.2.3.4.5 
 
Домалақ ананың қадір-қасисті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз- 
әнгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің 
ауылын шауыл, сан мын жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары 
ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, 'Бәйдібек елден жасақ 
жиып, қасына үлкен айелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы 
жатқанда Нұрила (Домалақ ана); «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр 
қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі 
ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз 
отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-кұрық тимегей шу асау айғырды 
көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп 
кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда 
жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасақка теңдік бермепті. Осы 
соғыса қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. 
Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер куңіренте дүлей күшнен 
кісінепті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң кетеріліп, ұзамай Бәйдібектің 
қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалак 
ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. 
3.  Белдеуде байлаулы түрған шу асау 
айғырдын айдауда кеткен 
жылқыларға қатысы 
А) Жылқының ең асауы 
В) Жылқы ішіндегі ен кәрісі 
С) Жылқының жорғасы 
Д) Жылкы ішіндегі ең жүйрігі 
Е) Жылқының кұты, иесі 
4.  Мәтіндегі Бәйдібек байдың 
әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Алысқан жауға арқаңды көрсетне. 
B) Қорқақгы коп қусан, батыр болады. 
C) Асығыс түбі - қып-қызыл шоқ. 
В) Жауды аяган жаралы. 
Е) Жау кұтырса, шанырағына қобыз 
тартар. 
5.  Домалак ананың; «А
МАНДЫҚ 
болса алты куннен кейін жылқы жауға қайтару 
бермей өзі ауылға келеді- деуінің мәні 
A) Құла айгырсыз жылкылар баска уйірге косылмай. тойынған сон оралатыны н білді. 
B) Малдың құты кұла айғыр унде калған, ал жылқы кұла айгырдың дауысын естіп кері 
кайтарын  білді. 
C) Жылкылар жат жерді құла айгырсыз жереінбейді деп жорамалдады. 
Д) Жылқыкың барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандыктан, 
Ғ.) Құла айгырдың үйірінің ауылда кұлындары калганына карап осылай айтты. 
6. Мәтіннің басты идеясы 
А) Домалак ананың көріпкелдігін таныту 
В) Жаугершілік заман қиындыгын көрсету 

97 
 
 
С) Құла айғырдың құдіретін көрсету 
Д) Құла айгырдың құдіретін көрсету 
Е) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 
3-мәтін 
 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп 
атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық 
аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй 
атасы. Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары 
аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), 
тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер 
(«Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам 
сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар 
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, 
тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық қүйлер болып 
жіктеледі. 
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. 
Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты 
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің 
одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір, 
Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар 
елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе 
және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен 
елшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып 
орындалады. 
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл 
енерді дамытуға Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас 
Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
А) Қобыз 
B) Сырнай 
C) Жетіген 
Д) Дауылпаз 
Е) Домбыра 
 
8.  Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.  Домбыра күйлерінін кұрылымдык ерекшеліктері 
2.  Күйлердің тақырыптары 
3.  Күйдін өрістеп дамуы 
4.  Куйдің жоғары деңгейге кетерілу кезі 
5.  Күй - аспаптық жанр 
А) 4.3,1,5.2 
В)3,1.5.2.4 
С) 2.4.3,1.5 
Д)5.2.4,3.1 
Е) 1.5.2,4.3 
9.  Шерте күйлері қалай орындалады? 
A) Тұракты екпінмен, саусақтың ұшымен 
B) Түракты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
C) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
Д)Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
Е)Жалғыз дауысты болып, саусактың ұшымен 
10.  XVIII гасырда халықка кеңінен 
мәлім болған күйшілер 
A) Махамбет, Даулеткерей 
B) Қазанғап, Дина 
C) Ыкылас, Айрауык 
Д) Есжан, Байжігіт 
Е) Тәттімбет, Баламайсан 
11 Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ 
нұсқа 
А) Орындау мәнері 
В) Қобыз күйі 
С) Дауыс ырғағы 
Д) Домбыра әуені 
Е) Шертпе күй 

98 
 
 
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) Арнау күйлер. әлеуметтік куйлер 
B) Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
C) Психологиялык, батырлық күйлер 
Д) Тартыс күйлер, саяси күйлер 
Е) Тарнхи күйлер, эпостык күйлер 
 
4-мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір карт адам шаһарга барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді, 
Ол келе жатыл: 
-  Ата, жолды кыскартайык,- дейді. 
Қарт: 
-  Жол калай кысқарады?- дейді. 
Жігіт: 
-  Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны.- 
дейді. Шал ішінен: 
-  Япырым-ай, мынау бір кесапатгы адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін 
қалай арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрган егінді көріп: 
-  Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт 
-Иә,-дейді. Жігіт: 
-  Олай болғанда, бұл желініп қойган егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. 
Қарт тагы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынанын 
бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездсесді. Бұл елдін адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара 
жатыр екен. Жігіт: 
-  Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
-  Өлмесе жерлемейді гой! - деп жігіттің бетін қайырып тастапды. Жігіт үндемейді. 
Олар кабірге бірге барады. Шыққаннан кейін: 
-  Ата, әлгі кісі өлмеген екен, дейді. «Я, кұдай, жерленген адам қалай тірі болады?»,- 
дейді карт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
-  Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде 
кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сойлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: 
«Япыр-ау, әкемнің айтканы осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
-  Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. 
Әкесі: 
-  Жалғыз, - дейді. 
Қыз: 
-  Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? - дейді. 
Қарт: 
-  Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз 
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, 
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім 
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: 
«Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, 
жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін 
естідім, - дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
-  Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. 
Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,- 
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, 
кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады, желінбеген болып 
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап 

99 
 
 
жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен 
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген 
адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт 
қателігін мойындап, жігіттің қолын алып: 
-  Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай 
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13. Жігіт айткан «кесапатты төрі сөздің» төртіншісінін мазмұнын анықтайтын 
мақал 
A) Жарлының аузы ақка тисе, мұрыны қанайды 
B) Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа 
С) Қонак қойдай да жуас, май берсе де жей береді 
Д) Бала - артта қалған із, 
Бақыт- ұзатылған қыз 
Е) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шыгады 
14. Жігіттің «Өлмеген адам екен» 
деген сөзінің мәні 
A)  Артында тұяқ қалған адам 
B) Туысы жоқ адам екен 
С) Ауылдастары көп екен 
Д) Баласы жоқ адам екен 
Е) Жора-жолдасы көп адам екен 
 
16.Қарияның жігіт туралы ойын 
өзгерткен жағдай 
A) Қызының өтініші 
B) Жігіттің көнілділігі 
C) Шаһар жолының ұзақтығы 
Д) Қызының ақылдылығы 
Е) Қазақтың қонақжайлылығы 
 
18. Қарияның «жігіттің сүйкіміз 
мінезі бар» деуінің себебі 
A) Қонақ кылғысы келменендіктен 
B) Жас жігіт болғандықтан 
С) Қызын сақтандырғандықтан 
Д) Әңгімесін түсінбегендіктен 
Е) Жігңтті жақтырмағандықтан 
20.  Байдың егініне сипаттама 
A) Борышты өтеуге берілетін, егін 
B) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
C) Жалға алған жерге егілетін егін 
15. «Ашы еңбекке - тұщы нан» деген 
мақал мазмунымен сәйкес келетін 
жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
А) Екінші «кесапатты сөз» 
В) Үшінші «кесапатты сөз» 
C) Барлық «кесапатты сөз» 
Д) Төртінші «кесапатгы сөз» 
Е) Бірінші «кесапатты сөз» 
17. Мәтін бойынша жігіттің «жолды 
қысқартайық» деген сөзінін 
магынасы 
A) Бір-бірін қонақ ету 
B) Бір-бірін аркалау 
C) Баска жолмен жүру 
Д) Бір-бірімен әңгіме-айту 
Е) Тынығып демалу 
19. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс- 
әрекетіне қатысты нұсқа 
А) Жолаушыны жол сынайды 
В) Сабақты ине сәтімен 
C) Жер тозса - тақыр, ер тозса пақыр 
Д) Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
Е) Көңілсіз жұмыс өнімсіз 
 
Д) Тұкымы қарызға алынған егін 
Е) Желінбеген егін 
 
1200 нұсқа 
1-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке 
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер 
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ 
үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй 
(3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ 
орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) 
деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе 
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, 
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 

100 
 
 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.  Тор - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар 
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.  Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта 
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.  Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер- 
тұрман, киім ілінеді. 
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1.  Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ ала орда 
B) Алтын орла 
C) Ақ шаңкан 
Д) Ақорда 
Е) Алтын үздік 
2. Киіз үйдегі киелі орын 
А) Ер тұрман, киім іліиетін орын 
В) Қонақтар орналасатын орын 
С) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын 
Д) От жағылып, қазан асылатын орын 
Е) Үй иесінің жататын орны 
2-мәтін 
 
Домалақ ананың қадір-қасисті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз- 
әнгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің 
ауылын шауыл, сан мын жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары 
ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, 'Бәйдібек елден жасақ 
жиып, қасына үлкен айелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы 
жатқанда Нұрила (Домалақ ана); «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр 
қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі 
ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз 
отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-кұрық тимегей шу асау айғырды 
көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп 
кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда 
жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасақка теңдік бермепті. Осы 
соғыса қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. 
Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер куңіренте дүлей күшнен 
кісінепті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң кетеріліп, ұзамай Бәйдібектің 
қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалак 
ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. 
3.  Белдеуде байлаулы турған шу асау 
айғырдың айдауда кеткен 
жылқыларға қатысы 
A) Жылқы ішіндегі ең жүйрігі 
B) Ж
ЫҚЫНЫҢ 
жорғасы 
C) Жылқының қуты, несі 
D) Жылқы ішіндегі ең кәрісі 
Е) Жылқының ең асауы 
5. Мәтіннің басты 
ИДЕЯСЫ 
A, Қазақ жігіттерінің ерлігін даріптеу 
B, Құла айгырдың құдіретін көрсету 
С) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 
Д) Жаугершілік заман киынлыгын көрсету 
Е) Домалақ ананың көріпкелдігін таныту 
4. Мәтіндсгі Бәйдібек байдың 
әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Жауды аяған жаралы. 
B) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз 
тартар. 
C) Асығыс тубі - қып-қызыл шоқ. 
D) Алысқан жауга арқанды корсетпс. 
Е) Қорқақты көп қусаң, батыр болады. 
6.  Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру 
бермей. өзі ауылға келеді»- деуінің мәні 
A)  Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады. 
B) Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
С) Жылқының барлыгы айдауга хенбсйтін жүген-қүрықтимсген асэу болғандықтан. 
D) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты. 
Е) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері 

101 
 
 
қайтарын білді. 
 
3-мәтін 
Бақытсыз бай 
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал- мүлкі мен 
ақшасы еді. Содарды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысынын көңілді 
күлкісін естіп, оның үйін айналшықгап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести 
алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды 
Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: “Мынау 
менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр."- деген жаман 
ойға кетті. Ол жалшысынын есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын 
аркасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 
-  Ақымақ. бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды 
ойнатамын деп шаршанды екенсің ғой! - деп ақырды. 
-  Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау уайым дегенді ұмытып тыңайып, 
сергіп қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы. 
-  Нагыз акымақ екен! - деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба 
екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,"- деп 
күдігінен арыла алмай-ақ қонды. 
Екінші куні жалшы тан атканша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне 
қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тағы тын тыңдалы. Құлағына шықырлаған 
ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жаткандай естіліп кетті. Ол тағы 
да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап 
жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. 
Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысынык көңілді, сергек қалпы байга езін 
мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай ақыры: 
-  Менін қаызымнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көнілді 
жүресің, тыққан ақшан болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы: 
-  Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсын. 
Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күйім. 
Құланиектеніп тан атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме 
деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін. - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз калды. “Япырмай шынында да мына кара құл бақытты. 
Мен сияқты қызғанатын байлығы да жок. Байлық маған бақытсыздык үшін біткен бе? 
Басым ауырып кетті”. 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан карап тұрған бай алдынан жүгіріп 
шыккан екі баласына қызыға қарап қалды.. 
7.  Байдың бойындағы қасиет 
A) Қызғаншақтық 
B) Тәкаппарлық 
C) Мақтншақтық 
D) Енбекқорлық 
Е) Адалдық 
9. Байдың бақытсыздығының себебі 
A) Жинаған мүлкі 
B) Байлығынын молдығы 
C) Кедейдің еңбегі 
D) Кедейдің тілегі 
Е) Отбасының жоқтығы 
8. Әнгімснің туйіні 
A) Балалы үй базар 
B) Бай байға құяды. сай сайға кұяды 
C) Байға құл болғанша, байғұсқа ұл бол 
D) Қайырсыз бақтан қайтқан су артық 
Е) Жаңа бай мақтаншақ келер 
10. Жалшының бакыты 
A) Байлығы 
B) Ақшасы 
C) Қатынасы 
D) Балалары 
Е) Жұмысы 
 
11. Кедейдің тілегі 
A) Мол байлыққа жолықтыр 
B) Жақсы жұмыс бер 
С) Өміріме жеңілдік бер 
В) Байдың құлдығынан құтқар 
Е) Бар байлығымнан айырма 
12. Байға күдік тудырған нәрсе 
A) Көңілді күлкі 
B) Кедейдің сөзі 
C) Кедей балалары 
D) Шыкырлаған ақша 
Е) Сылдыраған куміс 

102 
 
 
4-мәтін 
1. 
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көніл бөлген. Қайда болмасын, бірін- бірі 
танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» дел амандык-саулық 
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелтен. Ол қырық 
күн шөлге шыдамды, жук артса - көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар 
түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген. ол жеңіл әрі жұмсак сырт киім болған. 
Түйе өзінін өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, 
бура деп аталады. 
2. 
Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылкы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, 
дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, 
жуйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік. дулдул арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса 
жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол 
дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан 
жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аян журіс, жорға 
жүріс. жортақ журіс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де 
әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б. 
3. 
Сиыр малы момакан, қазақтар үшін көбінесе тамакка жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, 
май, құрт, ірімшік т.б. осы сйырдың берген берекесі болған. Сйырды кейде көіпке де, 
егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонакка 
сыйға тартпаған. тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, 
икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған егіздей», 
«мыңқыған бұзау сияқты» деп мазактайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас- 
ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қаран: бұзау, торпақ, тана, 
тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сныр, огіз. бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны, 
өгізді көлік ретінде пайдалапады, шанаға, арбага, мапға жегсді, салт та мінеді. 
4. 
Қой - төрт тұлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті 
- қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол- 
ақ. ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қайрлы. Ешкінің еті жеңіл 
әрі сіңімді, сүті аса 
Ешкінін бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік өзіндік ерекшелігі 
бар.Дегенмен ешкіні қонаққа бөрте шыбын серке бөледі. 
5. 
Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда 
мал көбеймей калады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды 
пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқынын жалынан, 
кұйрығынан жасалатын арқан сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен 
жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса 
жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып. емге пайдаланған. Мал 
осындай аса кұнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «қүлыным, қозым, 
қошаканым, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет