I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет52/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2-мәтін 
 
1. 
Отбасындағы  ұл  тәрбиесінде  әке  мен  аталардың  рөлі  ерекше.  Әке  -  отбасы  мүшелерінің 
тірегі,  асыраушысы,  қамқоршысы.  Ата-бабаларымыз  балалар  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген. 
Әкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-  қатынасы,  өнері,  білімі  -  ұл  баланың  көз  алдындағы 
үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі 
немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан. 
«Әкеге  карап  ұл  өседі,  шешеге  қарап  қыз  өседі»,  «Әке  -  бәйтерек,  бала  —  жапырақ»,  «Ата  - 
балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды. 
2. 
Ергеректегі  ұлттық  тәрбие  қазақ  халқында  нақышты  деңгейде  калыптасқан,  бала 
тәрбиесіне  бүкіл  ауылдың  үлкендері,  әсіресе  қарттары  араласқан.  Үлкендер  балаларының 
өрескел  мінез-қылықтарын  көрсе  ұрсып,  зекіп,  тыйым  салуға,  ақыл  айтуға  құқылы  болған. 
Осындай  ұлттық  тәрбие  арқылы  отбасында  жақсы  тәлім-тәрбие  алған  азамат  ертеңгі  кезде 
ұлттың тағдырын ойлайтыны анық. 
3. 
Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне,  оның  ішінде  қыз  баланың  тәрбиесіне  ерекше  мән  бергені 
баршамызға  мәлім.  Кез  келген  ата-ана  қызының  ертең  барған  жерінде  тастай  батып,  судай 
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 
4. 
Еліміздің  болашағы  бала  тәрбиесінде  отбасылык  құндылыктарды,  ұлттық  тәлім-тәрбиені 
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. 
3. 
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1. 
Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді. 
2. 
Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 
3 . Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы. 
A) 
Үшеуіде 
B) 
Бірінші мен үшіншісі 
C) 
Екінші 
D) 
Тек үшіншісі 
E) 
Бірінші 
4. 
Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты А) 
Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы
 
B) 
Басқа үйдің ұл-кыздарына үлгі болуы 
C) 
Қатарының алды, өжет болуы 
D) 
Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі 
E) 
Қатарынан қалмауы 
5. 
Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?
 
A) 
Бірінші 
B) 
Үшінші 
C) 
Төртінші 
6. 
Бірінші азатжолдағы негізгі ой
 
A) 
Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады. 
D) 
Екінші 
E) 
Бірінші және екінші 
B) 
Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны. 
C) 
Отбасында балаға барлық жағдай жасалады. 
D) 
Отбасында ананың орны жоғары. 
Е) Отбасында қыз баланы ерекше кұрметтеген. 
3-мәтін 
I. 
Аяқ  астынан  есіктің  алдында  жатқан,  талай  жылдан  бері  керегіме  жарап  жүрген  балтам 
жоғалды.  Ары  іздедім,  бері  іздедім  -  жоқ.  Қора-қопсының  ішін  аударып-төңкеріп,  астан- 
кемтеңін  шығара  қарадым.  Жоқ.  «Өз-өзіңе  мығым  бол,  көршіңді  ұры  тұтпа»  деген  нақылды 
ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. 
Досхан  деген  қызметтес  дизайнер  жігіт  қайным  болып  келеді.  Ол  жұмысқа  осы  балта 
жоғалатын  күні  алғаш  рет  «шайтан  арбамен»  келген  болатын.  Әрі  ол  үйінде  қызу  құрылыс 
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай. 
II. 
Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім ке
3
л
3
е
3
қалсын. 

334 
 
 

Аға,  өткен  жолы  тойға  шақыру  таратып  жүріп  көлігіммен  үйіңізге  соқсам,  есіктеріңіз 
құлыптаулы.  Ары  отырып,  бері  отырып,  сіздер  келе  қоймаған  соң,  көршілеріңізге  қалдырып 
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, — дейді. 

Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз. 

Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын 
осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді. 
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап томен 
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді. 
III. 
Балта  табылғанша  қанша  адамды  ұры  етерімді  кім  білсін.  Сенбі  күні  кешкілік  үйді 
жинастырьш  жүрген  қызым:  -  Көке,  іздеп  жүрген  балтаңыз  мынау  ма?  -  деп  құж  желке 
балтамды  аяқ  киім  қоятын  сөренің  астынан  шығарып  тұр.  «Сен  алдың!»  демесем  де,  ішкі 
ойыммен ұры тұтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, 
Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған 
«қылмыскердің»  белгісін  таба  алмадым.  Балта  табылған  соң,  әлгі  күдік-күмәндар  күл  болып 
ұшып  кеткендей.  Досханның  баяғы  сол  жымия  күліп  жүргені,  Құрақтың  сол  еңбекқорлығы, 
жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ. 
IV. 
Өзгені  өзгеге  танытуға,  ғайбаттауға,  нақактан  жала  жабуға,  қара  күйе  жаға  салуға 
құмарақпыз,  ал  енді  өзге  түгілі  өзімізді  өзіміз  осы  күнге  дейін  танымай  келгенімізге 
қайранмын.  Үш  күн  тығылып  жатып,  өзімді  өзіме  танытқан  «алтын  сапты»  балтама  қарай 
бердім. 
7.  Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады? 
A) 
Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды. 
B) 
A

жүйрігін түлкі сүймес. 
C) 
Досыңның қимасына көз салма. 
D) 
Өзін танымаған өзгені танып жарытпас. 
E) 
Ала жіпті аттамағанның абыройы артық. 
8.  Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы 
A) 
Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек. 
B) 
Дәлелсіз айып тақкандарды кешіре білу керек. 
C) 
Барлық адамды танып-білу мүмкін емес. 
D) 
Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ. 
E) 
Балтасының табылғандығына қуанышын. 
9.  I бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді? 
A) 
Отбасы мүшелерінен 
B) 
Өзінен 
C) 
Жиенінен 
D) 
Қызметтесінен 
E) 
Құрақтан 
10. 
Жиенінің кандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті? 
A) 
Жиенінің колының шеберлігі 
B) 
Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, төмен қарай бергені 
C) 
Жиенінің аяқ астынан келуі 
D) 
Жиенінің шақыру билеттерін таратуы 
E) 
Оның үй иесінін жоғында келіп-кеткені 
11. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) 
Публицистикалық 
B) 
Ресми ісқагаз 
C) 
Fылыми 
D) 
Ауызекі сөйлеу 
E) 
Көркем эдебиет 
12. 
III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр? 
A) 
Өзінің іс-әрекетіне сенімді 
B) 
Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын 
C) 
Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын 
D) 
Өзінің кемшілігін түсіне алатын 
E) 
Түк болмағандай өмір сүре берет 
4-мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және 
кекіл   қою.   Қазақ   халқының   салт-дәстүрінде   адам   шашын   ерекше   қастерлеген.   Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 

335 
 
 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарды  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жасқа  келгенше  тіл-көздің  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  қояды.  Олардың  наным-сенімдері 
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығьш кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. Мәтін стилін анықтаңыз 
A) 
Ic қағаздар 
B) 
Көркем әдебиет 
C) 
Ауызекі сөйлеу 
D) 
Ресми 
E) 
Ғылыми 
14. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A) 
Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
B) 
Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі 
C) 
Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
D) 
Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
E) 
Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
15. 
Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Қырқынан шығарған кезде 
B) 
Сүндетке отырғызған кезде 
C) 
Тәй-тәй басқан кезде 
16. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) 
«Айдар» есімі туралы 
B) 
Қарын шаш 
C) 
Бүгінгі шаш үлгісі 
D) 
Тілі шықкан кезде 
E) 
Он жасқа толған кезде 
 
D) 
Тайландтық «Айдар» 
E) 
Айдар шаш 
17. 
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1. 
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстуріміздің бірі. 
2. 
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3. 
Наурызбай батырдың айдары болған. 
A) 
Үшеуі де бұрыс 
B) 
Үшеуі де дұрыс 
C) 
Біріншісі мен үшіншісі 
D) 
Екіншісі мен үшіншісі 
E) 
Біріншісі мен екіншісі 
18. 
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1. 
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2. 
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3. 
Айдар кою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A) 
Тек біріншісі 
B) 
Біріншісі мен екіншісі 
C) 
Тек үшіншісі 
D) 
Екінші мен үшінші 
E) 
Тек екіншісі 
19. 
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін кѳрсетініз 
A) 
Баланың дос-жарандары кѳп болады 
B) 
Tiл мен кѳзден сақтайды 
C) 
Бала аурудан тез сауығып кетеді 
D) 
Бала дәулетті, бай адам болады 
E) 
Бала болашакта ғалым болады 
20. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Жеті жасқа толған кезде 
B) 
Бала сырқатынан айыққан кезде 
C) 
Үйленген кезе 
D) 
Алғаш аңға шыққан кезде 
E) 
Мүшел жасқа келген кезде 
 
2368-Нұсқа 
1-мәтін 
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің 

336 
 
 
бәріне  жаратылысынан  бейім  адамның  болуы  шындыққа  жанаспайды.  Өлең  өнері  сөзбен,  ал 
живопись  (жанды  жазу)  өнері  бояуымен  құлпырады.  Музыканың  негізгі  мақсаты  -  адамның 
эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка 
тілі  бір-  бірінен  етене  қатысқан  кезде  музыканың  әсерлілігі  арта  түседі.  Бүл  ғылым,  яғни 
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, 
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға кұдіреті жетеді. 
1. 
Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді? 
A) Өнер - таусылмас азық 
B) Еңбек ер атандырадьг 
C) Жолың алыс болса, атынды қинама 
D) Жігітке жетпіс өнер де аз 
E) Кең пейілдіге ас көп 
2. 
Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі? 
A) Қол өнері мен музыка үйлескенде 
B)  Сурет өнері мен музыка үйлескенде 
C) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде 
D) Тіл мен музыка үйлескенде 
E) Спорт пен музыка үйлескенде 
 
2- 
мәтін 
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп 
жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан 
жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны 
абайсызда  жұлып  түсіруге  болмайды.  Әкем  топырақ  астында  көзге  көрінбей  жатқан  адам  саусақтары 
секілді  жүзім  бұтақтарының  қай  тұста,  қалай  жатқанын  алақанымен  сипалап  білетін.  Сол  себепті 
көктемдегі жүзім егу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын 
қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып  қалдың  ба,  жарайды,  сен  де  жарық  дүниеге  шыға  ғой»,  -  деп  өзінен-өзі 
күбірлеп сөйлеп жүретін. 
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан  жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мындаған 
түп  ағаштардың  әрбіреуінің  қай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста  екенін,  өткен  жылы  неше  бұтағы 
кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себспті ол бақты 
аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен 
жапырактарына дәрі сеуіп жүретін. 
3. 
Бұл кімге/неге айтылған сөз? 
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой». 
A) 
Жүзімге 
B) 
Әкеге 
C) 
Өрікке 
D) 
Алмаға 
E) 
Балаға 
4. 
Мәтінді жазудағы автордың басты ойы 
A) 
Жүзім түрлерін жарнамалау 
B) 
Әкесі туралы естелік 
C) 
Жеміс бағының пайдасы туралы айту 
D) 
Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау 
E) 
Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес 
5. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
1. 
Әкенің бақты күту шеберлігі 
2. 
Бау-бақшаны баптау сыры 
3. 
Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі. 
A) 
Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
B) 
Барлығы дұрыс 
C) 
Барлығы бұрыс 
6. 
Автордың бағбанға қатысы қандай? 
D) 
Біріншici мен үшіншісі дұрыс 
E) 
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
A) 
Інісі 
B) 
Немересі 
C) 
Ағасы 
D) 
Баласы 
E) 
Шөбересі 
 
3- 
мәтін 
I. 
Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас жігітті бір 
көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып шықты. Кезінде 
біраз елдің құлағына ілінген Ақтөбе облысынан шыққан вундеркинд бала осы екен. Оның кейінгі 

 
 
тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік


Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге 
талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын. 
Содан  төрт  жасымда  кез  келген  кітапты  зуылдатып  оқи  бастаған  екенмін.  Оны  өзім  білмеймін,  кейін 
айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем  - атамның үлкені. Атамнын өзі майдангер еді, үлкен немересі 
болған  соң  мені  бауырына  басып,  еркелетіп  өсірді.  Бетімнен  қақпай,  талап  еткен  нәрсемнің  бәрін  де 
орындай беріпті. 
II. 
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жұмыс істейтін көршіміз 
мен  туралы  айтады.  Олар  қызығушылық  танытып,  мені  алдырады.  Тексерушілер  менің  кітап  оқи 
алатыныма  шүбә  келтіреді,  бірак  «Бозінгеннің»  кез  келген  жерін  зуылдатып  оқып  бергенімде, 
шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді. 
Сөйтіп,  қатты  таң  қалып,  мені  қаладағы  Мақсат  Құсайынов  атындагы  дарынды  балалар  мектеп- 
интернатына алдырмақ болып шешеді. 
1-сыныптың  4-тоқсанына  ғана  келдім.  Төртінші  тоқсанда  оқып  жүргенде  зерігіп,  басқа  шаруалармен 
айналысып  кететінмін,  өйткені  маған  оқу  өте  оңай  болды.  Келесі  жылы  2-сыныпқа  барған  едім,  бұл 
жерде  де  маған  сабақ  өте  жеңіл  болып,  еш  нәрсеге  қызықпай,  тыңдамай  отыратынмын.  Сондықтан, 
мектептің педагогикалык кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды. 
III. 
Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса киындық тудырған жоқ. 

Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па? 

Әрине,  өзіндік  қиындықтары  болды.  Мәселен,  олардың  оп-оңай  білетін  кейбір  дүниелерін  мен  үға 
алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де менен күшті. Ал 
бала  болған  соң  алысып-  жұлысып  ойнамай  қоймайсың,  сондайда  бәрі  де  маған  әлімжеттік  жасап 
кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді. 

Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді? 
IV. 
-  Жоқ,  екеуі  де  қарапайым  жүмысшылар.  Әкем  темір  жолға  орналасты,  ал  шешем  бір  асханаға 
жұмысқа  кірді.  Жергілікті  билік  вундеркинд  баланың  ата-анасы  деп  менен  басқа  үш  баласы  барларға 
бермей,  отбасымыз  шағын  бізге  бес  бөлмелі  үй  бермек  болды.  Әкем  қарсы  болып,  кейін  үш    бөлмелі 
пәтер алдық. 
V. 
1991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен химия- 
биологияны  ұнаттым.  Сол  жылы  Қазақстанда  ең  соңгылардың  бірі  болып  Бүкілодақтық  пионерлер 
лагері «Артекке» де барып, бір ай оқып келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне 
ұзақ  уақыт  сенбеді.  Артектегі  оқу  орысша,  соған  қарамай  мен  жақсы  оқып  кеттім.  Сонымен  бірге 
спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым. 
7. 
Мәтін мазмұнына сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз 
A) 
Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып кайттым. 
B) 
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнін бәрін де орындай беріпті. 
C) 
Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді. 
D) 
Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік. 
E) 
Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады. 
8. 
Баланың ерекше қаситетін алғаш таныған кім? 
A) 
Атасы 
B) 
Мектеп басшысы 
C) 
Көршісі 
D) 
Әкесі 
E) 
Мұғалім 
9. 
Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады? 
A) 

B) 

C) 

D) 
IV 
E) 
III 
10. 
«Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр? 
A) 
Мақтаншақтығын 
B) 
Жүрек жұтқандығын 
C) 
Атаққұмарлығын 
D) 
Танымалдығын 
E) 
Қарапайымдылығын 
 
 
 
11. 
Мәтін мазмұнының реттілігін 
анықтаңыз. 
1. 
Қаладан келген қонақтар. 
2. 
Бүкілодақтық пионер лагері. 
3. 
Үшінші сынып оқушысы. 
4. 
Нұр жүзді жігіт. 
5. 
Дарынды баланың әке-шешесі. 
A) 
2,4, 1,3,5 
B) 
5, 2, 4,1,3 
C) 
1,3,5,2,4 
D) 
3, 5, 2, 4,1 
E) 
4,1,3,5,2 
 
 
 
 
12. 
Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас 
тартты? 
A) 
Аумағы кішкентай болғандықтан 
B) 
Қалада үйі болғандықтан 
C) 
Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан 
D) 
Ауылға көшіп кетпек болғандықтан 
E) 
Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан 
337 

338 
 
 
4-мәтін 
Ертеректе өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған 
сән-салтанатты  үйлері,  ат  шаптырым  ауласында  түрлі-түрлі  жеміс  ағаштары  сыңсып,  бұлбұл 
құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен. 
Сонау  қиянда  тұратын  бір  адам  әлгі  дана  кісінің  әңгімесін  тыңдауға  құмартып,  жолға 
шығыпты.  Апталап  сапар  шегіп,  шаршап-шалдығып  бір  күні  келіп  жетеді.  Паңдықтан  ада, 
қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас-суын ұсынып, бұйымтайын сұрайды. 

О, қадірменді ақыл иесі! Алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық 
сөздеріңізді тыңдасам деп едім, - дейді ілтипатпен. 

Дәл  қазір  даналық  әңгіме  айтуға  уақыт  тарлық  етіп  тұрғаны,  -  дейді  бай.  -  Ac  ішіп,  әл 
жинасаң,  былай  істе.  Қолыңдағы  қасыққа  екі  тамшы  май  тамызайын.  Бірер  сағат  осы  маңда 
бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе? 

Келістік, - дейді жолаушы. 
Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді. 

Жә, айта қойшы, жарқыным, бағанадан бері не көрдің? He білдің? 

Ештеңені көре қойғаным жоқ... Баққаным қасықтағы екі тамшы май болды. 

Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр. 

Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзің емес пе майға қара деген... 

Иә,  солай  дедім!  Бірақ,  мынау  сән-салтанатты  үйлер,  анау  жеміс-  жидектері  сыңсыған 
ағаштар,  онда  сайраған  бұлбұлдардың  әуезді  үндеріне  құлақ  түрмейсің  бе?!  Алла  тағаланың 
жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырынды салғайсың... 

Мақұл, - дейді жолаушы. 
Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді. 

He көрдің, не білдің! Баяндап беріңізші! 

Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне 
қайран қалдым! Таң-тамашамын... Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен 
өсірген өскіндеріңізге Жаратқан ием, мейрімін төгіп, осыншама көркемдік пен келісімді 
сыйлаған екен! 
Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді. 

Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен! 
Рахмет, жолаушым! Ал, қасықтағы май қайда? 

Ой-буй, қа-ап! Сән-салтанатты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп 
қасыктағы майды төгіп алыппын! 

Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым! 
Әлбетте, он сегіз мың ғаламнын, иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн! 
Сол арқылы Алланың ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді!.. Қасықтағы майға келер болсам, 
ол фәни жалғандағы - тіршілігің, 
нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүние тіршілікте де орташа болғын! Отаныңды 
сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеуде адами міндетің! 
Осы  айткандарымды  тепе-тең  ұстасаң,  екі  өмірде  де  бақытқа  кенелесің!  Жортқанда  жолың 
оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! - дейді дана қария батасын беріп. 
13. 
Байдың даналың әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну 
себебі 
A) 
Майдың шипалық қасиетін анықтау 
B) 
Қонағының көңілін аулау 
C) 
Қонағының шыдамдылығын сынау 
D) 
Майдың пайдалы қасиетін анықтау 
E) 
Бойынан өткерген жағдайлар арқылы ой түйгізу 
14. 
Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатысты нұсқа 
A) 
Құрғақ сөз бас ауыртар, 
Құрғақ қасық ауыз жыртар. 
B) 
Енбектің қадірін білген адам - бақытты адам. 
C) 
Ақылды адам жай-жай сөйлейді, 
Жан-жағын байқай келеді. 
D) 
Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі. 
E) 
Дүние бақыты - тыныштық тапқан жүрек пен адал нәсіпте 

339 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет