І топқа Құс шаруашылығы Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі495,87 Kb.
#33746
1   2   3   4   5   6

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қазҚытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады.

Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді.

Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейнүлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.

Қолға үйретілген үйректің арғы тегі — жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.



1-2 суретте жабайы үйректер, 3-4 суретте асыранды үйрек пен балапаны,5 – суретте мандаринка үйрегі

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде цесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді.



1-2 суретте күркетауықтар (индюк) 3-5 суретте мысыр тауығы (цесаркалар)

Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында, Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы,Есік қаласында және т.б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде. Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет