Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзіндік өсу, адамның ішкі жан-дүниесінің



бет5/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1
8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8 дәріс АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КАНОНДЫҚ КӨРІНІСІ, 8-ЛЕКЦИЯ
4. Өзіндік өсу, адамның ішкі жан-дүниесінің
қалыптасуы мен өмірлік жолы

Адамның ішкі жан-дүниесін талдап-түсінбейінше, оның ерекшеліктерін, өзіндік сана-сезімінің өсу заңдылықтарын түсіне алу мүмкін емес. Себебі ол адамның ішкі жан-дүниесінің күрделі бір жұмыстарының түрі.


Адамның ішкі жан-дүниесі немесе субъективті шынайылық – бұл тек жеке адамның басындағы психологиялық іс-әрекеттің ішкі мағынасы. Сондықтан, әр жеке тұлғаның ішкі жан-дүниесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әр адам өзін қоршаған ортаны сезініп, өзін-өзі тануы арқылы ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады, және өз өмірін жасауға, оған өзіне тән жолдармен сол түсінігі арқылы жетеді. Ішкі жан-дүние өз өзінен пайда болмайды, ол сыртқы қоршаған дүниенің бір өзіне тән формасындағы кескіні, өзінің белгілі уақыты бар, өзінің мәні бар.
Ішкі жан-дүние – сыртқы қоршаған дүниенің өзіне тән түріндегі кескіні. Кейбір діни, философиялық тұжырымдарда «Адамға ішкі жан-дүние ол бастан беріледі, өмір барысында ол тек оны ашып, таниды» деп жазады.
Ал неғұрлым материалистік негізде зерттейтін адамдар «Ішкі жан дүние пайда болады және адамның өсу әлеміне қарай қоршаған ортаны қабылдап, игеруіне байланысты ол белсенділене береді» деп жазады.
Адамды адам етіп тұрған – оның миы, ол есті дамытып, сыртқы қоршаған әлемді ерекше кескіндеп тұрады. Психологияда мынадай тәжірибелер де болған: шимпанзенің баласын сәбиді тәрбиелегендей тәрбиелегенде де, ол адам сияқты болмаған, оның миында әуел бастан сөйлеуді, жалпы ойлауды қалыптастыратын қасиет жоқ, жалпы түйсік жоқ.
Сондықтан, адам миының болуы – оның дамуының негізгі алғышарты. Бірақ, мынадай жағдайды алып қарайық: жаңа туылған бала, басында миы бола тұра, көрмесе, құлағы естімесе, ештеңе сезінбесе, мүмкін, ол біраз уақыт ағза ретінде өмір сүрер, бірақ ол ешқашан ішкі жан дүниесі бар тұлға болып қалыптаспайды.
Екінші бір жағдайды қарастырайық: бала барлық сезім мүшелерімен туылған, бірақ, адамдар арасында тәрбиеленбеген, бұл жағдайда да ол бала өзіндік ерекшелігі бар, ішкі жан-дүниесі бар жеке тұлға бола алмайды.
Осы келтірген мысалдардан түйіндейтін нәрсе: адамның ішкі жан-дүниесі әуел бастан берілмейді, ол сыртқы қоршаған әлемді тану арқылы пайда болады. Осы қабылдаудан «әлем бейнесі» туындайды (отандық психолог А.Н.Леонтьев [20] осылай деп жазған). Бірақ, бұл бейне сыртқы қоршаған әлемнің жай ғана көшірмесі болып табылмайды, ол әуел бастан дара, субъективті, себебі әр адам қабылдаған болмысты өзінше құрастырады, өзінше бейнелер жүйесін жасайды, оның өзіндік уайымы, сезінуі, әр нәрсені өзінше қабылдап, көруі болады. Осының барлығы – сыртқы қоршаған әлемдегі өз белсенділігінің арқасында сол ортаға бейімделуі, оны өзгертуі, өзін жеке тұлға ретінде көрсетуі арқылы іске асады. Осылай дей келе, сыртқы орта мен ішкі жан-дүние бір-бірімен өте тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді деген қорытындыға келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет